"Азаматтық авиация академиясының әскери факультеті" мемлекеттік
мекемесін қайта атау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 ж. 15 қазандағы № 1330 қаулысы
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін әскери мамандарды сапалы даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Азаматтық авиация академиясының әскери факультеті" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Мекеменің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте 09 республикалық деңгейде кадрлар даярлау бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мұқтажына көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылатын болып белгіленсін.
4. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 наурыздағы № 368 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
3) тармақша (құпия).
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі