Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 26 маусымдағы № 694 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
IV "Шығындар" деген бөлімде:
12 "Көлік және байланыс" деген функционалдық топта:
1 "Автомобиль көлігі" деген ішкі функцияда:
215 "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі" деген әкімші бойынша:
036 "Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы және қайта жаңарту" деген бағдарламада:
032 "Орал қаласы ауданында Жайық өзені арқылы өтетін көпір құрылысы" деген кіші бағдарламада "700000" деген сан "1407000" деген санмен ауыстырылсын;
044 "Қызылорда қаласы маңындағы Сырдария өзені арқылы өтетін көпір" деген кіші бағдарламада "1000000" деген сан "293000" деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | | | | | И. Тасмағамбетов |