Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 27 маусымдағы № 696 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
IV "Шығындар" бөлімінде:
1 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер" функционалдық тобында:
1 "Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілді, атқарушы және басқа органдар" ішкі функциясында:
690 "Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы" әкімшісі бойынша:
030 "Сайлау өткізу" бағдарламасында:
032 "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауды өткізу" кіші бағдарламасында "26925" деген сан "16925" деген санмен ауыстырылсын;
033 "Мәслихаттар депутаттарын сайлауды өткізу" кіші бағдарламасында "40000" деген сан "50000" деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | И. Тасмағамбетов |