Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N
1715 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылғы 13 маусымдағы № 638 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
IV "Шығындар" бөлімінде:
10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" функционалдық тобында:
9 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзге де қызметтер" ішкі функциясында:
212 "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі" әкімшісі бойынша:
001 "Әкімшілік шығындар" бағдарламасында:
001 "Орталық органның аппараты" кіші бағдарламасында "137824" деген сан "150628" деген санмен ауыстырылсын;
002 "Аумақтық органдардың аппараттары" кіші бағдарламасы бойынша "2207720" деген сан "2194916" деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | И.Тасмағамбетов |