Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229
қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 10 маусымдағы № 624 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 1 маусымдағы № 604 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерінде:
5 "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" деген бөлімде "Аудандық АХАЖ-дар - 789" деген жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | И. Тасмағамбетов |