Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 мамырдағы № 595 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасында инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде қолайлы жағдайлар жасау, сондай-ақ туристік саланы дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудің жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 4, 55-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібінде:
8-тармақтың 2) тармақшасындағы «рұқсаты» деген сөзден кейін»;»белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгілейтін тәртіпке сәйкес шетел азаматтарын Қазақстан Республикасына шақыру үшін заңды немесе жеке тұлғалардың заңнамада белгіленген тәртіппен ресімделген жазбаша өтініштері».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағанбетов |