Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N
1715 және 2002 жылғы 18 ақпандағы № 228 қаулыларына өзгерістер
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 28 мамырдағы № 576 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 қаулысына:
8-тармақтың 2) тармақшасының бесінші абзацы алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 ақпандағы № 228 қаулысына:
көрсетілген қаулыға 25-қосымшада:
6-тармақта:
5-бағанда:
реттік нөмірі 1-жолда:
"несие берудің ережесіне сәйкес" деген сөздер "арнап" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағанбетов |