6) қаржы кеңесшiсiнiң қатысуымен сатушының бұрын ұсынылған талаптарды жақсарту тұрғысында конкурстың бiрiншi кезеңiнiң жеңiмпаздарымен келiссөздер өткізуiн (конкурстың екiншi кезеңi) қамтиды.
3. Сатушы, қаржы кеңесшiсi және конкурстың барлық қатысушылары өткiзген келiссөздердiң әрбiр кезеңiнiң қорытындылары бойынша оның нәтижелерi туралы хаттамаға қол қойылады.
4. Конкурстың екінші кезеңінің барысында ең жақсы талаптар ұсынған әлеуетті сатып алушы (инвестор) конкурста жеңіп шыққан болып танылады.
5. Конкурстың жеңiмпазы сатушы белгiлеген мерзiмде сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тартқан немесе жалтарған жағдайда, ұсынысы конкурс жеңімпазынан кейінгі ең жақсы ұсыныс болып танылған әлеуетті сатып алушы (инвестор) сатып алу-сату шартына қол қояды.
14-3-бап. Мемлекетке тиесiлi акцияларға құқықты
куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату
1. Мемлекетке тиесілі акцияларға құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды (бұдан әрi - туынды бағалы қағаздар) сату Қазақстан Республикасы Yкіметінiң шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
2. Туынды бағалы қағаздарды сатудың негізгi талаптарын сатушы Қазақстан Республикасының Үкiметіне бекiтуге табыс етеді.
3. Туынды бағалы қағаздарды сату туралы шешiмде туынды бағалы қағаздар шығарылған мемлекетке тиесiлi акциялардың саны, сатылатын туынды бағалы қағаздардың үлгісі, аумағында туынды бағалы қағаздарды сату жүзеге асырылады деп көзделіп отырған шет мемлекет (шет мемлекеттер), мәмiленi аяқтаудың ең ұзақ мерзiмдерi, туынды бағалы қағаздардың меншiк иелерiнiң құқықтарын іске асырудың талаптары мен тәртібі және қажет болған жағдайда, өзге де талаптар туралы мәлiметтер болуға тиiс.";
10) 15-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлігіндегі "жалға", "жалгерге" деген сөздер тиісінше "мүлiктiк жалдауға (жалға)", "жалдаушыға (жалгерге)" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жекешелендіру объектілерін жалдаушыға (жалгерге) және сенім білдірілген басқарушыға сатуға олар тиісті шартты ойдағыдай орындаған жағдайда ғана жол беріледі.";
2-тармақта:
"аренда" деген сөз "мүлiктiк жалдау (жал)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"кәсiпорынды" деген сөз алып тасталсын;
3-тармақ алып тасталсын;
11) 16-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайда жабық акционерлік қоғам үлгісін ашық акционерлік қоғамға өзгерту;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мүліктің сенім білдірілген басқаруға немесе кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға) берілуі жекешелендірудің алдын ала жүргізілген сатылары болып танылады.";
2, 3, 4-тармақтардағы "жалгер", "жалға беру", "жалгермен", "жалгердің", "жалдау" деген сөздер тиісінше "жалдаушы (жалгер)", "мүлiктiк жалдауға (жалға) беру", "жалдаушымен (жалгермен)", "жалдаушының ("жалгердің"), "мүліктік жалдау (жалдау)" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Егер мемлекетке жабық акционерлік қоғамның сатуға жататын, шығарылған дауыс берiлетiн акцияларының кемiнде үштен екiсi тиесiлi болса, бұл акционерлік қоғам Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен ашық акционерлік қоғам болып қайта құрылуға тиіс.";
12) 17-бапта:
2-тармақтың 2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) сатып алушының талап етуi бойынша жекешелендiру объектiлерiнiң ауыртпалықтары туралы, сондай-ақ жекешелендiру объектiсi мүлiктiк кешен ретіндегі кәсiпорын болса, жекешелендірілетін кәсіпорынның жасалған келісім-шарттары мен шарттарындағы кредиторлық және дебиторлық берешектерiнің сомасы туралы ақпаратты әзiрлейдi және табыс етеді;";
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Жарғылық капиталдарындағы мемлекеттiң акциялары мен қатысу үлесi сату объектiсi болатын мемлекеттік заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік емес заңды тұлғалардың лауазымды адамдары сатушының сауал салуы бойынша объектiнi сатуға дайындау үшiн қажеттi мәлiметтердi ол белгілейтін мерзімдерде табыс етуге міндетті.
Табыс етілген мәлiметтердiң дұрыстығы үшiн жауапкершiлiк осы тармақта тізіп келтірілген заңды тұлғалардың лауазымды адамдарына жүктеледi.";
13) 18-бап алып тасталсын;
14) 20-баптың 1-тармағындағы "мемлекеттік бюджет кірісіне" деген сөздер "мемлекеттік бюджетке" деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 22-баптың 2-тармағында:
бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Шарт талаптарының орындалуын бақылау сатып алушының мiндеттемелердi орындап біткен кезіне дейiн жүргiзiледi.";
екiншi бөлiк "сатып алу-сату шартын" деген сөздерден кейiн ", оның iшiнде өзiнiң қолданысын тоқтатқан шартты" деген сөздермен толықтырылсын;
16) 26-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Егер сатып алу-сату шартының бұзылуына тараптардың біреуінің оны едәуір бұзуы негіз болса, тараптар мәміле бойынша өздерінің орындағанын қайтаруды және оларға келтірілген залалдың өтелуін талап етуге құқылы.".
5. "Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж. № 20, 727-құжат):
8-бапта:
2-тармақ "Мемлекеттік органдардың" деген сөздерден кейiн "(Қазақстан Республикасының Үкіметін немесе тиiсті әкімшiлiк-аумақтық бөліністің жергілікті атқарушы органын қоспағанда) және мемлекеттік кәсiпорындардың" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ алып тасталсын.
6. "Акционерлік қоғамдар туралы" 1998 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 223-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; № 24, 1072-құжат; 2001 ж., № 23, 321-құжат):
1) 9-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының Үкіметін, жергiлiктi атқарушы органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiн қоспағанда, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер қоғамның құрылтайшысы немесе қатысушысы ретінде әрекет ете алмайды.";
2) 17-баптың 1-тармағындағы "Ашық қоғам" деген сөздер "Қоғам" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 22-баптың 4-тармағында:
"құрылтайшылары" деген сөз "акционерлерiнiң құрылтай немесе жалпы жиналысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"қоғам органдарының" деген сөздер "жалпы жиналыстың, басқарманың және директорлар кеңесінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Алтын акциямен" куәландырылған вето қою құқығы берілуге жатпайды.";
4) мынадай мазмұндағы 46-1-баппен толықтырылсын:
"46-1-бап. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамды
басқарудың ерекшеліктері
1. Республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілетті мемлекеттік орган өзге мемлекеттік органға Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе Ұлттық Банктің шешімі бойынша ғана беруі мүмкін.
2. Коммуналдық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы жергілікті атқарушы органның шешімімен өзге мемлекеттік органға берілуі мүмкін.
3. Акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асырушы мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша акционер ретінде мемлекет мүдделерін білдіреді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі акциялардың мемлекеттік пакеттерін иеленуді және пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мемлекет қатысатын акционерлердің жалпы жиналысында қабылдауға ұсынылатын шешімдердің жобаларын Қазақстан Республикасының Үкіметімен және (немесе) мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілетті мемлекеттік органмен алдын ала жазбаша келісіп алуды қамтамасыз етуге міндетті болатын мәселелердің тізбесін белгілейді.
4. Ұлттық компаниялардың қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарларын бекіту міндетті болып табылады.
Ұлттық компанияларды қоспағанда, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі қоғамның директорлар кеңесі қоғамның атқарушы органының ұсынуы бойынша қоғамның қаржы-шаруашылық қызметінің орта мерзімді және ағымдағы (жылдық) жоспарларын бекітеді.
Ұлттық компаниялардың индикативтік жоспарлары және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамдардың қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарлары мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде табыс етіледі.
5. Қазақстан Республикасының өзге заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ұлттық экономиканың негізін құрайтын стратегиялық маңызды салаларда құрылған акционерлік қоғам ұлттық компания болып табылады.
Ұлттық компаниялардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
6. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамның атқарушы органы аталған акцияларды иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органға акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер мөлшерінің болжамды көрсеткіштерін жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың 1 сәуіріне дейін табыс етуге міндетті.";
5) 48-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
"19-1) "алтын акцияны" енгізу және күшiн жою;";
2-тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң бірінші сөйлеміндегі "білікті көпшілігі" деген сөздерден кейін ", ал инвестициялық жекешелендіру қорларын қайта ұйымдастыру процесінде құрылған қоғамдарда - дауыс беруге қатысқан акциялардың кемінде үштен екісі мөлшеріндегі көпшілік даусымен" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 51-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Қоғам "алтын акцияның" иесін акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы жазбаша хабарлама жіберу арқылы хабардар етуге міндетті.
Қоғамнан ақпарат алу бөлігінде "алтын акция" иесінің акционерлермен бірдей құқығы бар.";
3-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) инвестициялық жекешелендiру қорларын қайта ұйымдастыру процесiнде құрылған қоғамдар үшiн - инвестициялық жекешелендiру қорларының қоғам болып қайта ұйымдастырылғанға дейiнгі толық атауы мен лицензияларының нөмiрi;";
7) 53-бапта:
2-тармақтың бірінші сөйлемі "немесе сондай акционерлердің өкілдері" деген сөздерден кейiн ", осы баптың 2-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Инвестициялық жекешелендiру қорын (инвестициялық жекешелендiру қорларын) қайта ұйымдастыру жолымен құрылған қоғам акционерлерiнiң қайтадан өтетін жалпы жиналысының, егер оған қатысу үшiн тiркеу аяқталған кезде дауыс беретiн акциялардың бес жүзден астам иесi, оның iшiнде сырттай дауыс беретiн акционерлер (немесе осындай акционерлер өкілдерi) тiркелген болса, шешiм қабылдауға құқығы бар.";
8) 57-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Он мыңнан астам акционерлерi бар қоғамдар, сондай-ақ инвестициялық жекешелендiру қорлары және инвестициялық жекешелендiру қорлары қайта ұйымдастыру жолымен құрылған қоғамдар осы баптың 2-тармағында көрсетілген мерзімде кемінде қырық мың дана таралыммен шығарылатын республикалық баспа басылымдарында сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдерді таратуға құқылы.";
9) 61-баптың 2-тармағы "қоғамның директорлар кеңесінің" деген сөздерден кейiн "мемлекеттік қызметшi болып табылмайтын" деген сөздермен толықтырылсын;
10) 62-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Директорлар кеңесі өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша директорлар кеңесінің құрамындағы кемінде үштен бір бөлігін құрайтын мүшелерiнiң талап етуiмен қоғамның қаражаты есебінен тәуелсіз сарапшылар, консультанттар тартуға мiндеттi.";
11) 63-баптың 5-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң бірінші сөйлеміндегі "Ашық қоғам" деген сөздердiң алдынан "Қоғамның барлық дауыс беретiн акцияларын иеленетін жалғыз акционерi бар қоғамдарды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын, "Ашық" деген сөз кіші әріппен жазылсын;
12) 67-баптың 1-тармағы "директорлар кеңесiнiң мүшелерiне" деген сөздерден кейiн "және алтын акцияның иесіне" деген сөздермен толықтырылсын;
13) 72-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Атқарушы органның басшысы немесе оның атынан және оның тапсыруымен әрекет ететiн адам, қоғамның атқарушы органы қабылдайтын шешiмдердi өздерiне қатысты вето құқығы белгiленген мәселелер бойынша "алтын акция" иесiмен келiсуге мiндеттi.";
14) 86-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жылдық қаржылық есептілік бухгалтерлiк балансты, қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелерi туралы есептi, сондай-ақ қоғам ақшасының қозғалысы туралы есептi қамтиды.";
15) мынадай мазмұндағы 88-1-баппен толықтырылсын:
"88-1-бап. Директорлар кеңесiнiң мүшелерiне қоғамның
ақпарат беруi
Қоғамның атқарушы органы, директорлар кеңесiнiң мүшелерiне, өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезiнде сауал салуды алған кезiнен бастап он күн мерзімнен кешiктiрмей, қоғамның қызметi туралы, оның iшiнде құпия сипаты бар ақпаратты уақтылы берудi қамтамасыз етедi.".
2-бап. Осы Заң қолданысқа енгiзілгенге дейiн құрылған жабық акционерлік қоғамдардың резервтiк капиталдары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап екi жыл iшiнде қалыптастырылуға тиiс.
3-бап. Осы Заң оның ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының