05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi өзiне бағынысты мемлекеттік мекемелер үшiн конкурсты ұйымдастырушы ретiнде әрекет етуге, сондай-ақ олардың арасынан бiрыңғай конкурсты ұйымдастырушыны анықтауға құқылы.
Тапсырыс берушi мемлекеттік орган немесе мемлекеттік мекеме болған жағдайда, басқа мемлекеттік органның немесе мемлекеттік мекеменiң конкурсты ұйымдастырушы болып белгiленуi мүмкiн.
Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң әкімі жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi үшiн олардың арасынан бiрыңғай конкурсты ұйымдастырушыны белгiлеуге құқылы.
Жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс әкімінiң бiрыңғай конкурсты ұйымдастырушыны белгiлеуiн қоспағанда, тиiстi бюджеттердiң деңгейлерi бойынша өзiне бағынысты мемлекеттік мекемелер үшiн конкурсты ұйымдастырушы ретiнде әрекет етуге құқылы, сондай-ақ олардың арасынан бiрыңғай конкурсты ұйымдастырушыны белгiлей алады.
Мемлекеттік кәсiпорындар мен акцияларының (үлестерiнің) елу және одан да көбiрек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар өздерiнiң аффилиирленген заңды тұлғалары үшiн бiрыңғай конкурсты ұйымдастырушы ретiнде әрекет етуге құқылы, сондай-ақ олардың арасынан бiрыңғай конкурсты ұйымдастырушыны белгiлеуге құқылы.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мемлекеттік кәсiпорындар және өзi құрылтайшысы (уәкiлеттi орган) болып табылатын заңды тұлғалар үшiн конкурсты ұйымдастырушы ретiнде әрекет етуге құқылы.
4. Мемлекеттік органдарға бағынысты мемлекеттік мекемелерден басқа, бiрнеше тапсырыс берушi бiртектi тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алу жөнiнде бiрыңғай конкурс өткiзе алады. Бұл орайда бiрыңғай конкурсты ұйымдастырушыны Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
11-бап. Конкурсты өткізу туралы хабарландыру (хабарлама)
1. Конкурсты өткізу туралы хабарландырудаа (хабарламадаа) мынадай мәлiметтер:
1) конкурсты ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жерi;
2) жорамалданып отырған мемлекеттік сатып алудың көлемi, атауы және тауарлардың жеткiзiлу, жұмыстардың орындалу және қызметтердiң көрсетiлу орны;
3) тауарлар жеткізудiң, жұмыстар орындаудың, қызметтер көрсетудiң талап етiлетiн мерзiмдерi;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) конкурстық құжаттама алу орны мен тәсiлдерi, сондай-ақ оған төлем жасаудың реквизиттерi;
5) конкурстық өтiнiмдер табыс етiлетiн орын мен соңғы мерзiмi, сондай-ақ конкурстық өтiнiмдер салынған конверттер ашылатын орын, күнi мен уақыты;
6) конкурсты ұйымдастырушы белгiлейтiн басқа да қажеттi ақпарат болуға тиiс.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцмяда (бұр. ред. қара)
2. Ашық конкурсты өткізу туралы хабарландыру конкурсқа қатысуға өтiнiмдер қабылдау аяқталған күнге дейiн күнтiзбелiк отыз күннен кешіктірмей мерзімді баспасөзде мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялануға тиiс.
Хабарландырулар бiр мезгiлде уәкiлеттi органның WEB-сайтында жариялануы мүмкiн.
Конкурс өтпей қалды деп танылған жағдайда қайтадан ашық конкурс өткізу туралы хабарландыру конкурсқа қатысуға өтiнiмдер қабылдау аяқталатын күнге дейiн күнтізбелік он бес күннен кешiктiрілмей мерзiмдi баспасөзде жариялануға тиiс.
12-бап. Конкурстық құжаттаманың мазмұны
1. Конкурсты ұйымдастырушы барлық ықтимал өнiм берушiге мынадай ақпарат:
1) ықтимал өнiм берушi өзiнiң қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестiгiн растау үшiн табыс етуге тиiстi құжаттарға қойылатын талаптар;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 2) тармақша толықтырылды (бұр. ред. қара)
2) техникалық ерекшелiктердi, жоспарларды, сызбалар мен нобайларды қоса алғанда, ал қажет болған жағдайда нормативтiк-техникалық құжаттама көрсетiле отырып, сатып алынатын тауарлар, жұмыстар және көрсетiлетiн қызметтер сипатталған жазбалар мен олардың талап етiлетiн техникалық және сапалық сипаттамалары;
3) сатып алынатын тауардың саны, орындалатын жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң көлемi;
4) тауарлардың жеткiзiлу, жұмыстардың орындалу немесе қызметтердiң көрсетiлу орны;
5) тауарлар жеткізудiң, жұмыстар орындаудың немесе қызметтер көрсетудiң талап етiлетiн мерзiмдерi;
6) төлем талаптары және мемлекеттік сатып алу туралы үлгi шарт;
7) жеңiп шыққан конкурстық өтiнiмдi анықтау негiзделетiн бағадан басқа, барлық өлшемдердiң сипаттамасы, соның iшiнде мұндай әрбiр өлшемдердiң салыстырмалы мәнi, конкурстық өтiнiмдердi бағалау мен салыстыру тәсiлiнiң сипаттамасы;
8) егер тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң балама сипаттамаларына жол берiлсе, баламалы конкурстық өтiнiмдерге баға беру мен салыстыру тәсiлiнiң тиiстi нұсқамасы мен сипаттамасы, шарттың ережелерi немесе конкурстық құжаттамада айтылған басқа да талаптар;
9) тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң өз құнынан басқа, бағаның басқа элементтердi (тасымалдауға және сақтандыруға, кеден баждарын, салықтар мен алымдарды және т.б. төлеуге арналған шығыстарды) қамтуға тиiс екендiгiне не тиiс еместiгiне нұсқамаларды қоса алғанда, конкурстық өтiнiмнiң бағасын есептеу әдiстемесi;
10) конкурстық өтiнiмнiң бағасы көрсетiлуге тиiстi валютаны немесе валюталарды және конкурстық өтiнiмдердiң бағасын салыстыру мен бағалау мақсатында бiрыңғай валютаға келтiру үшiн қолданылатын бағам;
11) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарына сәйкес конкурстық өтiнiмдердi, мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасау мен табыс етудiң тіліне қойылатын талаптар;
12) конкурстық өтiнiмдi енгізу талаптары, мазмұны мен қамтамасыз ету нысаны;
13) ықтимал өнiм берушiнiң конкурстық өтiнiм берудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн өзiнiң конкурстық өтiнiмiн өзгерту немесе керi қайтарып алу құқығына тиiстi нұсқама;
14) конкурстық өтiнiмдер беру тәсiлi, орны және соңғы мерзiмi (бiрақ жұмыс күніндегі жергiлiктi уақыт бойынша он бес сағаттан кешiктiрмей) және олардың қолданылу мерзiмi;
15) ықтимал өнiм берушiнiң конкурстық өтiнiмнiң бiр бөлiгiн ұсыну құқығына тиiстi нұсқау, онда конкурстық өтiнiм бар конверттердi тiкелей ашу сәтiнде сатып алынатын тауарлардың, орындалатын жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердiң бағасы көрсетiледi;
16) конкурстық құжаттаманың мазмұны бойынша ықтимал өнiм берушiлердiң солардың көмегiмен түсiндiрме сұрата алатын тәсiлдерi және конкурсты ұйымдастырушының сол кезеңде ықтимал өнiм берушiлермен ашық нысанда өткiзiлетiн және хаттамаланатын кездесу өткізу ниетi туралы хабарламасы;
17) конкурстық өтiнiмдер салынған конверттер ашылатын орын, күн және уақыт (бiрақ конкурстық өтiнiмдердi табыс етудiң соңғы мерзiмi өткен кезден бастап екi сағаттан кешiктiрмей);
18) конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашу және конкурстық өтiнiмдердi қарау үшiн пайдаланылатын рәсiмдер;
19) конкурс өткізу кезiнде конкурсты ұйымдастырушының өкiлдiк етуге ол уәкiлеттттiкк берген лауазымды адамдары туралы мәлiметтер;
20) мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудi енгізу талаптары, оның нысаны, көлемi мен тәсiлi;
21) отандық тауар өндiрушiге - ықтимал өнiм берушiлерге басымдық беру талаптары мен тәртібі көрсетiлген конкурстық құжаттаманы табыс етуге мiндеттi.
2. Бiртектi тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу жөнiнде конкурс өткізу кезiнде конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi оларды жеткiзiп беру (орындау, көрсету) орны бойынша бөлiктерге (лоттарға) бөлуге мiндеттi. Бiртектi тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң бiрнеше түрiн сатып алу жөнiнде конкурс өткізу кезiнде конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi олардың бiртектi түрлерi бойынша және (немесе) жеткiзiп беру (орындау, көрсету) орны бойынша бөлiктерге (лоттарға) бөлуге мiндеттi. Бұл орайда конкурс жеңiмпазы тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң әрбiр лоты бойынша анықталады.
3. Құрылыс мерзiмi алты айдан асатын құрылыс объектiлерiне мердiгерлiк жұмыстарды мемлекеттік сатып алу өткiзiлген жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада сатып алу үшiн көзделген ең жоғары соманы көрсетуге құқылы.
4. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы табыс еткенi үшiн конкурстық құжаттаманың көшiрмесiне нақты жұмсалған шығындардан аспайтын, ал жабық конкурс өткiзiлген жағдайда оны жiберу үшiн де Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртiп пен талаптар бойынша ақы алуға құқылы.
Егер конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік мекеме болса, мұндай ақы тиiстi бюджет кiрiсiнiң есебiне аударылады.
5. Ықтимал өнiм берушi конкурстық құжаттама ережелерiне түсiндiрме беру туралы сұрау салып жүгiнуге құқылы, бiрақ ол конкурстық өтiнiмдi табыс етудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiнгi күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмеуi керек. Конкурсты ұйымдастырушы сұрау салу тiркелген кезден бастап үш күн мерзiм iшiнде оған жауап қайтаруға және сұрау салудың кiмнен түскенiн көрсетпестен, конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы табыс еткен барлық ықтимал өнiм берушiге осындай түсiндiрменi хабарлауға мiндеттi.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмдi табыс етудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн күнтiзбелiк бес күннен кешiктiрмей өз бастамасымен немесе ықтимал өнiм берушiнiң сауалына жауап ретiнде хаттама ресiмдеу арқылы конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізуге құқылы.
Енгiзiлген өзгерістердiң мiндеттi күшi болады және конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы берген барлық ықтимал өнiм берушiлерге олар туралы дереу хабарлайды. Бұл орайда конкурсты ұйымдастырушы ықтимал өнiм берушiлердiң бұл өзгерістердi конкурстық өтiнiмдерде есепке алуы үшiн конкурстық өтiнiмдердi табыс етудiң соңғы мерзiмiн кемiнде күнтiзбелiк он күн мерзiмге ұзартады.
7. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерiне түсiндiрме беру үшiн конкурстық құжаттамада көрсетiлген белгiлi бiр орында және тиiстi уақытта ықтимал өнiм берушiлермен кездесу өткізуге құқылы. Бұл орайда конкурсты ұйымдастырушы осы кездесу барысында табыс етiлген конкурстық құжаттамаға түсiндiрме беру туралы сауал салу көздерi көрсетiлмеген сауалдардыы, сондай-ақ осы сауалдарға жауаптарды қамтитын хаттама жасайды. Хаттама конкурстық комиссияға және конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы табыс еткен барлық ықтимал өнiм берушiлерге дереу жiберiледi.
8. Конкурстық құжаттама уәкiлеттi орган бекiтетiн үлгi негiзiнде жасалады.
Конкурстық құжаттаманы конкурсты ұйымдастырушы бекiтедi.
13-бап. Конкурстық өтiнiмдердiң қолданылу, табыс етiлу, өзгертiлу және керi қайтарып алыну мерзiмi
1. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген ықтимал өнiм берушi конкурстық өтiнiмдердi табыс етудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн конкурстық құжаттамаға сәйкес конкурстық өтiнiмдi желiмделген конвертке салып конкурсты ұйымдастырушыға табыс етуге мiндеттi.
Ықтимал өнiм берушi өзiнiң конкурстық өтiнiмiн дайындауға және беруге, сондай-ақ өзiнiң осы Заңның 12-бабының 7-тармағына сәйкес конкурсты ұйымдастырушы өткiзетiн кездесуге қатысуына байланысты барлық шығыстарды көтередi. Конкурсты ұйымдастырушы, тапсырыс берушi және конкурстық комиссия конкурстың нәтижелерiне қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөнiнде мiндеттеме алмайды.
2. Конкурстық өтiнiмдер конкурстық құжаттамаға сәйкес онда көрсетiлген мерзiм iшiнде күшiнде қалады.
3. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмдердiң қолданылу мерзiмi өткенге дейiнгi күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей ықтимал өнiм берушiлерден осы мерзiмдi нақты уақыт кезеңiне ұзартуды өтiнуге құқылы. Ықтимал өнiм берушi өзi берген конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтып алу құқығын жоғалтпай, мұндай сауалды қабылдамауға құқылы және оның конкурстық өтiнiмiнiң мерзiмi ұзартылмаған қолданылу мерзiмi бiткен соң аяқталады.
4. Ықтимал өнiм берушi өзi берген конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтарып алу құқығын жоғалтпай, конкурстық өтiнiмдердi табыс етудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн өзiнiң конкурстық өтiнiмiн өзгертуге немесе керi қайтарып алуға құқылы. Мұндай өзгерiс немесе керi қайтарып алу туралы хабарлама, егер оны конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмдердi табыс етудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн алса, жарамды болып табылады.
5. Конкурстық өтiнiм берудiң ең соңғы мерзiмi өтiп кеткеннен кейiн берiлген конкурстық өтiнiм ашылмайды және ол ықтимал өнiм берушiге қайтарылады.
14-бап. Конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз ету
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген ықтимал өнiм берушi, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттамада көзделген, конкурстық өтiнiмдердi табыс етудiң соңғы мерзiмi өткеннен кейiн өзiнiң конкурстық өтiнiмiн керi қайтарып алмайтынына немесе өзгертпейтiнiне кепiлдiк беретiн нысанда, тәсiл мен жағдайларда мәлiмделген жалпы соманың бiр процентiнен үш процентiне дейінгі мөлшерде конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгізуге, сондай-ақ оның конкурстық өтiнiмi жеңiп шықты деп танылған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға мiндеттi. Бұл ретте конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз ету мөлшерi барлық конкурсқа қатысушылар үшiн бiрдей болуға тиiс.
2. Ықтимал өнiм берушiлер, егер:
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) олар шағын кәсіпкерлік субъектілерi болып табылатын және тұтас алғанда конкурс бойынша олар ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердің көлемі құны жағынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептік көрсеткiштiң алты мың еселенген мөлшерінен аспайтын жағдайда ғана;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) олар Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған тауар өндіруші, жұмыстар орындаушы және қызмет көрсетуші ұйымдар болса және тұтас алғанда конкурс бойынша олар ұсынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердің көлемi құны жағынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептік көрсеткіштің он сегіз мың еселенген мөлшерiнен аспайтын жағдайда ғана;
2) мемлекеттік сатып алу нысанасы iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулер, талдамалар жүргiзу болса;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) олар екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып, конкурстың бiрiншi кезеңiне қатысса;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) олар қайталама рыноктағы тұрғын үйді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысушы жеке тұлғалар болып табылса;
2005.12.04. № 35-III ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) олар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс алуға конкурсқа қатысушы үкіметтік емес ұйымдар болып табылса, конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.
3. Конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз ету:
1) банкте орналастырылатын ақша кепiлi;
2) банк кепiлдiгi түрiнде берiлуi мүмкiн.
4. Конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi конкурстық өтiнiмнiң өзiнiң қолданылу мерзiмiнен кем болмауға тиiс.
5. Конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз ету, егер ықтимал өнiм берушi:
1) конкурстық өтiнiмдi табыс етудiң соңғы мерзiмi өткеннен кейiн конкурстық өтiнiмдi керi қайтарып алса немесе өзгертсе;
2) конкурстың жеңiмпазы ретiнде анықтала отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаспаса;
3) конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және талаптарда мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылғаннан кейiн мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзбесе, конкурстық өтiнiмдi және тиiстi қамтамасыз етудi табыс еткен ықтимал өнiм берушiге қайтарылмайды.
Бұл орайда, мемлекеттік сатып алу мемлекеттік бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылған жағдайда, конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз ету сомасы тиiстi бюджет кiрiсiне немесе, егер ол конкурсты ұйымдастырушы болса, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есебiне аударылады.
6. Конкурсты ұйымдастырушы ықтимал өнiм берушiге енгiзiлген конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз ету келiп түскен кезiнен бастап мынадай жағдайларда:
1) конкурстық өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi өткен;
2) мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшiне енген;
3) конкурстың жеңiмпазы анықталмай, мемлекеттік сатып алу рәсiмдерi тоқтатылған;
4) конкурстық өтiнiмдердi табыс етудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн конкурстық өтiнiм керi қайтарып алынған;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
5) конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмейдi деп, конкурстық өтiнiм қабылданбаған;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) басқа ықтимал өнiм беруші конкурстың жеңiмпазы болып айқындалған жағдайларда бес жұмыс күнi iшiнде қайтарып бередi.
15-бап. Конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашу
1. Конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi конкурстық құжаттамада көрсетiлген мерзiмде, уақыт пен орында ашады. Конкурстық өтiнiмдi табыс еткен ықтимал өнiм берушi немесе оның уәкiлеттi өкiлi конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашқан кезде қатысуға құқылы.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 2-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
2. Конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашқан кезде конкурстық комиссия қатысып отырған тұлғаларға конкурсқа қатысатын ықтимал өнiм берушiлердiң атауы мен тұратын жерiн, олар ұсынған бағаны, егер олар құжат арқылы көрсетiлсе, конкурстық өтiнiмдердi керi қайтарып алуды және өзгертудi, конкурстық өтiнiмдi құрайтын құжаттардың болуы немесе болмауы туралы ақпаратты хабарлайды және конкурстық өтiнiмдердi ашу хаттамасын жасайды.
Конкурстық өтiнiмдердi ашу хаттамасының конкурстық комиссиясының мүшелерi және хатшысы қол қойған көшiрмесi ашу рәсiмi кезiнде қатысушы ықтимал өнiм берушiлерге берiледi, қатыспағандарға - олардан сауал салу алынған күннен бастап екi жұмыс күнi мерзiмiнен кешiктiрiлмей жiберiледi.
16-бап. Конкурстық өтiнiмдердi қарау, бағалау мен салыстыру және конкурс қорытындыларын шығару
1. Конкурстық өтiнiмдердi қарау, бағалау және салыстыру кезiнде:
1) конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдердi қарау, бағалау және салыстыруды жеңiлдету үшiн ықтимал өнiм берушiлерден олардың конкурстық өтiнiм беруiне байланысты түсiндiрмелер сұратуға құқылы;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) ықтимал өнiм берушілердiң конкурстық өтінімдеріндегі мәлiметтердi нақтылау мақсатында конкурстық комиссия тиiстi мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпарат сұратуға құқылы;
2) конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмейтiн конкурстық өтiнiмдi осы талаптарға сәйкес келтiру үшiн сауалдар, ұсыныстар немесе рұқсаттар жасауға жол берiлмейдi.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Ықтимал өнiм берушінің конкурстық өтiнімiн бағалау кезiнде осы ықтимал өнiм берушiден тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi тапсырыс берушiнiң сатып алумен байланысты барлық шығыстары ескеріледi.
2. Конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдi, егер онда конкурстық өтiнiмнiң мәнiн өзгертпей түзетуге келетiн грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келетiн конкурстық өтiнiм ретiнде қарайды.
3. Конкурстық комиссия, егер:
1) осы конкурстық өтiнiмдi табыс еткен ықтимал өнiм берушi біліктілік талаптарына сай келмесе;
2) ықтимал өнiм берушi, осы Заңның 14-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, көлем мен талаптарда конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгiзбесе;
3) осы конкурстық өтiнiм, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмесе;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) осы конкурстық өтiнiмдi тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтерді сатып алу өз мүддесiне орай жүзеге асырылатын тұлға берсе;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4) конкурсқа қатысуға жiберiлген ықтимал өнiм берушiнiң конкурстық өтінімiнің бағасы осы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетiн қызметтердi сатып алуға бөлiнген сомадан артық болса, конкурстық өтiнiмдi қабылдамайды.
Объектiлердi салуға және оларға iлеспе тауарларға және (немесе) көрсетiлетiн қызметтерге мердiгерлiк жұмыстарды мемлекеттік сатып алу жөніндегі, сондай-ақ әзiрленуiнiң технологиялық мерзiмi бір жылдан асатын тауарларды сатып алуға конкурс өткiзiлген кезде, егер конкурсқа қатысуға жiберiлген ықтимал өнiм берушiнiң конкурстық өтінімінің бағасы осы тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшiн көзделген сомадан артық болған жағдайда да оның конкурстық өтінімі қабылданбайды.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Егер ықтимал өнiм берушінің конкурстық өтінiмiнің бағасы демпингтiк болып табылатын жағдайда, конкурстық комиссия оның конкурстық өтiнiмiн қабылдамауға құқылы. Конкурстық өтiнiмнің демпингтік бағасын айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Егер конкурсқа қатысуға біліктілік талаптарын қанағаттандыратын екеуден кем ықтимал өнiм берушi конкурстық өтiнiм берсе, конкурстық комиссия конкурс өтпедi деп таниды.
Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң бiртектi түрлерiн сатып алуға конкурс өткізу кезiнде, егер қайсыбiр лот бойынша біліктілік талаптарына сай келмейтiн екеуден кем ықтимал өнiм берушi конкурстық өтiнiм бермесе, конкурстық комиссия осы лот бойынша конкурс өтпедi деп таниды.
Егер конкурстық құжаттама талаптарына сай келетiн екiден кем конкурстық өтінім ұсынылған болса да конкурстық комиссия конкурсты өтпей қалды деп таниды.
5. Егер конкурс тұтас алғанда немесе қайсыбiр лот бойынша өтпедi деп танылса, тапсырыс берушi конкурсты ұйымдастырушыға:
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) қажет болған жағдайда конкурстық құжаттаманың мазмұнын өзгертудi және қайтадан конкурс өткізудi;
2) екi кезеңдi рәсiмдi пайдалана отырып, конкурс өткізудi ұсынуға құқылы.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысу үшін қабылданған конкурстық өтінімдерге баға берiп, оларды салыстырады және мынадай өлшемдердi ескере отырып, ең төменгі баға негiзiнде жеңiп шыққан конкурстық өтінімдi айқындайды:
1) 05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
2) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шығыстар;
3) тауарларды жеткiзiп беру, жұмыстарды аяқтау немесе қызметтердi көрсету мерзiмдерi;
4) тауарлардың функционалдық, техникалық және сапалық сипаттамалары;
5) төлем талаптары;
6) тауарларға, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерге кепiлдiк беру талаптары;
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 7) тармақша толықтырылды (бұр. ред. қара)
7) мейлiнше жоғары экономикалық тиiмдiлiктi қамтамасыз ететiн басқа да өлшемдер (қосымша инвестициялар, жұмыспен қамтуды ынталандыру, технологияны беру мен басқару, ғылыми және өндiрiс кадрларын даярлау), сондай-ақ сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетiн қызметтердiң тиісті рыногындағы жұмыс тәжiрибесi;
8) осы Заңның 26-бабына сәйкес отандық тауар өндiрушiлердi - ықтимал өнiм берушiлердi қолдау;
9) ықтимал өнiм берушiнiң біліктілік деректерi.
7. Мемлекеттік сатып алудың нысанасы консультациялық қызметтер көрсетудi тарту болатын жағдайда:
1) конкурстық өтiнiмнiң бағасы;
2) консультациялық қызметтердiң сапалық сипаттамалары;
3) ықтимал өнiм берушiнiң осы қызметтер көрсету рыногындағы жұмыс тәжiрибесi;
4) ықтимал өнiм берушiнiң біліктілік деректерi, беделi, сенімдiлiгi, кәсiптiк құзыретi iрiктеу өлшемдерi болып табылады.
8. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдер салынған коверттер ашылған күннен бастап күнтiзбелiк он күннен аспайтын мерзiмде конкурстың қорытындыларын шығарады.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
9. Конкурстың қорытындылары осы Заңның 17-бабына сәйкес отырысқа қатысқан конкурстық комиссияның мүшелерi мен хатшысы қол қоятын хаттама түрiнде ресiмделедi.
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 10-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
10. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстың қорытындылары шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде конкурстың қорытындылары туралы хаттаманың көшiрмесiн уәкiлеттi органға табыс етедi.