Қазақстан Республикасы?кіметінiң 2001 жылғы 16 мамырдағы № 644 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 11 сәуірдегі № 416 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 520 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының резиденттерi - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкi шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 16 мамырдағы № 644 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 18, 229-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1-тармақта:
1) Қазақстан Республикасының резиденттерi - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкi шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Павлов - Қазақстан Республикасы
Александр Сергеевич Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрi, төраға
Өтеғұлов - Қазақстан Республикасы Қаржы
Мәулен Амангелдiұлы министрлігінiң Қарыз алу
департаментi директорының
мiндетiн атқарушы, хатшы
Тәжияқов - Қазақстан Республикасының
Бисенғали Шамғалиұлы Ұлттық Банкi төрағасының
орынбасары (келісім бойынша)
Дауранов - Қазақстан Республикасының
Шамиль Абдулұлы Экономика және сауда министрлігі
Экономикалық саясат
департаментiнiң директоры
Қосжанова - Қазақстан Республикасының
Жанаркүл Тоғызбайқызы Әдiлет министрлігі Заңнама
департаментiнiң директоры;
2) мына жол:
"Дунаев - Қазақстан Республикасы Қаржы
Арман Ғалиасқарұлы министрлігінiң Қарыз алу
департаментiнiң директоры"
мынадай редакцияда жазылсын:
"Дунаев - Қазақстан Республикасының
Арман Ғалиасқарұлы Қаржы вице-министрi, төрағаның
орынбасары";
3) көрсетiлген құрамнан Ораз Әлиұлы Жандосов, Ерболат Асқарбекұлы Досаев, Қанат Әлiмбайұлы Әбдiқалықов, Мұрат Тиышбекұлы Құдышев, Болат Әбiлқасымұлы Палымбетов, Светлана Шәкенқызы Қыржыбаева шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |