Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қыркүйектегі № 1235 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 21 наурыздағы № 347 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 653 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қыркүйектегі № 1235 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 33, 433-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесінде:
2-тармақтың бірінші абзацында», Қазақстан Республикасы Парламенті екі палатасының депутаттарынан» деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Аттестация тестілеу өткізу жолымен үміткерлердің қолданыстағы заңнаманы білуін тексеруден тұрады.»;
4-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) бүкіл республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткердің тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама.»;
16-тармақтың үшінші абзацында және 18-тармақта «және әңгімелесуге жіберілмейді», «және әңгімелесуге жіберіледі» деген сөздер алынып тасталсын;
19-тармақ алынып тасталсын;
20-тармақта «және (немесе) әңгімелесу» деген сөздер алынып тасталсын;
22-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |