Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1944
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 16 наурыздағы № 317 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Бiрыңғай жер салығын төлеушiлерге арналған көлiк құралдары мен мүлiкке қажеттілік нормативтерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1944 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 55-56, 549-құжат) мынадай өзгерістер енгізiлсiн:
кiрiспеде "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуірдегі № 2235 Заңының 126, 131" деген сөздер "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 345, 351, 379" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта: ", сенiмгерлiк басқару, шаруашылықты жүргiзу немесе жедел басқару" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Бiрыңғай жер салығын төлеушiлердiң көлiк құралдары мен мүлiкке қажеттілік нормативтерiнде:
"бiрiншi абзацта:
"шаруашылыққа меншiк, сенiмгерлiк басқару, шаруашылықты жүргiзу немесе жедел басқару құқығында тиесiлi" деген сөздер "жалпы меншiк құқығында оның мүшелерiне тиесiлi" деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтiнде осы абзацта жасалған өзгерiс қазақ тіліндегi мәтiнде алдыңғы абзацта жасалған өзгерiсте қамтылған;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) двигателiнiң көлемi қоса алғанда 2500 текше см. дейiнгi бiр жеңiл автомобиль;";
2) тармақшада "өзiнiң ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру, қайта өңдеу, сақтау және сату процесiнде тiкелей пайдаланылатын," деген сөздер алынып тасталсын және "шабындыққа" деген сөз "егiстiкке" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі