7- Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер:
Қазақстан Республикасының Ішкi iстер министрлігі Кәсiби даярлау
училищесiнің жоспарлы: 500 бiрлiктi құрайтын бастапқы дайындық
курсанттарын; 500 бiрлiктi құрайтын біліктiлiгiн жоғарылату тыңдаушыларын;
300 бiрлiктi құрайтын кадрларды қайта даярлау тыңдаушыларын оқытудағы
негiзгi мiндеттердi сапалы әрi уақытында орындауы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 11 ақпандағы
№ 202 қаулысына
33 қосымша
ҚР Үкіметінің 05.09.02 ж. № 202a қаулысымен 33 қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
------------------------------------------------
бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсі
2002 жылға арналған "Әскери қызметшiлердi, құқық қорғау
органдарының қызметкерлерiн және олардың отбасы мүшелерiн
емдеу" деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 116 263 мың теңге (бiр жүз он алты миллион екi жүз алпыс үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы ішкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 Заң күшi бар Жарлығы; "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық амандығы туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 8 шiлдедегi № 110-ХII Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік бюджеттiң есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасының органдары қызметкерлерiнiң бiрыңғай еңбекақы жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы № 1644 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1433 қаулысы; "Мемлекеттік бюджеттiң қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтiк iссапарлары туралы тәртiптi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1428 қаулысы; Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 28 желтоқсандағы № 1474-53 қаулысы; "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдардың электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулердi тұтыну нормативтерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы; "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамындағы адамдарын, iшкi әскерлердiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiн, басқа санаттағы қызметшiлердi азық-түлiкпен қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 26 мамырдағы № 462 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: iшкi iстер органдарының және ішкі әскерлердiң қызметкерлерi мен қызметшiлерiне, зейнеткерлерге және олардың отбасы мүшелерiне кешендi біліктi, мамандандырылған, кеңестiк-диагностикалық, профилактикалық және стационарлық көмек көрсету жөніндегі Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлігінің Емханалы орталық госпиталiне жүктелген мiндеттердiң барынша тиiмдi орындалуына қол жеткізу үшiн олардың қызметiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: аурулардың барлық түрлерiн, мүгедектiктi және өлiмдi кемiтуге бағытталған профилактикалық iс-шаралардың кешенiн ұйымдастыру және жүргiзу жөніндегі Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінің Емханалы орталық госпиталiнiң аппаратына жүктелген мiндеттердiң орындалуы үшiн оны қамтамасыз ету; қазiргi заманғы емдеу-диагностикалық жабдықтарымен жарақтандыру, профилактика, диагностика және емдеу жұмысының озық түрлерi мен тәсiлдерiн зерттеу және енгізу; салауатты өмiр салтын насихаттау жөніндегі iс-шараларды ұйымдастыру және жүргiзу; дәрiгерлердiң және орта буындағы медициналық қызметкерлердiң біліктілігiн жоғарылату; құқық қорғау органдарын қолайлы жасақтау мақсатында жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық және iс жүзіндегі шараларды жүргiзу; ведомстволық медициналық және әскери-медициналық мекемелердегi емдеу-диагностикалық жұмыстардың ұйымдастырылуын, жүргiзiлуiн және олардың нәтижелерiн әскери-дәрiгерлiк сараптау материалдарын бақылауды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлігінiң бөлiмшелерiнде iс жүзіндегі санитарлық заңнаманың, санитарлық ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтердiң сақталуын қамтамасыз ету; қоршаған ортаның ластануын болдырмауға және жоюға бағытталған санитарлық iндетке қарсы шараларды даярлау және жүзеге асыру; iшкi iстер органдарының және ішкi әскерлер қызметкерлерiнiң, олардың отбасы мүшелерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң арнаулы мекемелерiнде ұсталатын арнайы контингенттiң денсаулығын нығайту үшiн жағдай жасау; iшкi iстер органдарының және iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiне, қызметкерлерiне және зейнеткерлерiне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiне "Қазақстан" емдеу кешенi" РМҚК көрсететiн медициналық қызмет үшiн ай сайын ақша төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары:
N | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Бағдарлама- лардың (кіші бағдарлама- лардың) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) iске асыру жөніндегi iс-шаралар | Iске асыру мерзiм- дері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 012 Әскери қызмет- шiлердi, құқық қорғау орган- дарының қыз- меткерлерiн және олардың отбасы мүше- лерiн емдеу 030 Емханалы Емханалы госпитальдi Ай сайын Емханалы госпиталь 241 бiрлiгi бар госпиталь штаттық сан шегiнде ұстау Емханалы гос- питальдiң қызметiн азық-түлiк өнiмде- рiмен, дәрi-дәрмек- термен, басқа да медициналық мақсат- тағы құралдармен, төсек орынмен, арнайы киiм-кешекпен, тауар- материалдық бағалы заттармен, жанар- жағар май материалда- рымен қамтамасыз ету- Арнайы медициналық жабдықтарды: 1 бiр- лiктен тұратын "ИВЛ Фаза-5" аппаратын, 2 бiрлiктен тұратын "УВЧ 80-02" аппаратын, 2 бiрлiктен тұратын "Бинокулярлық микроскоп" аппаратын, 1 бiрлiктен тұратын биохимиялық анализаторды, 2 бiрлiктен тұратын "Небулайзер" ап- паратын, 1 бiрлiктен тұратын ЛУ-2 әмбебап ларингоскопты сатып алу- 031 Әскери қыз- Ішкі істер органда- Ай сайын Қазақстан метшiлерге, рының және ішкі Республикасы құқық қорғау әскерлердің қызмет- Ішкі істер органдарының керлеріне, әскери министрлігі- қызметкерле- қызметшілеріне нің рiне, олардың және зейнеткерлеріне "Қазақстан отбасы мүше- олардың отбасы емдеу лерiне меди- мүшелеріне көрсетіл- кешені" циналық қыз- ген қызметтер үшін РМҚК мет көрсету 27589,5 күндік төсек орынды сатып алу- |
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер: iшкi
iстер органдарының және iшкi әскерлердiң қызметкерлерiне, әскери
қызметшiлерiне және зейнеткерлерiне, олардың отбасы мүшелерiне кешендi
біліктi, мамандандырылған, кеңестiк-диагностикалық профилактикалық және
стационарлық көмек көрсету жөніндегі Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
министрлігінiң Емханалы орталық госпиталiне жүктелген мiндеттердiң сапалы
және уақытында орындалуы. Iшкi iстер органдарының және iшкi әскерлердiң
қызметкерлерiн, әскери қызметшiлерiн және зейнеткерлерiн, олардың отбасы
мүшелерiн емдеуге 27589,5 мөлшеріндегі күндiк-төсек орын ұсыну.