?кіметтiк заемдарды, жергілiктi атқарушы органдардың заемдарын және
мемлекеттік кепiлдiктерi бар мемлекеттік емес заемдарды өтеу және
оларға қызмет көрсету ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 23 қаңтардағы № 88 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.05.02 ж. № 110 қаулысымен күші жойылды
"Мемлекеттік және мемлекет кепілдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Үкiметтік заемдарды, жергіліктi атқарушы органдардың заемдарын және мемлекеттік кепiлдiктерi бар мемлекеттік емес заемдарды өтеу және оларға қызмет көрсету ережесi бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң қатысуымен бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің заемдарын өтеу және оларға қызмет көрсету ережесін әзiрлеу ұсынылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағанбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 23 қаңтардағы
№ 88 қаулысымен бекітілген
?кіметтік заемдарды, жергілiктi атқарушы органдардың заемдарын
және мемлекеттік кепiлдiктерi бар мемлекеттік емес заемдарды
өтеу және оларға қызмет көрсету ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже "Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасы ?кіметінің заемдарын (бұдан әрi - үкiметтiк заемдар), Қазақстан Республикасы жергiлiктi атқарушы органдарының заемдарын (бұдан әрi - жергiлiктi атқарушы органдардың заемдары) және мемлекеттік кепілдiктерi бар мемлекеттік емес заемдарды (бұдан әрi - мемлекет кепiлдiк берген заемдар) жоспарлаудың, республикалық және жергiлiктi бюджеттерден өтеудi және оларға қызмет көрсетудi жүзеге асырудың тәртібін белгiлейдi.
2. Үкiметтiк заемдарды, жергiлiктi атқарушы органдардың заемдарын жоспарлау, өтеудi және оларға қызмет көрсетудi жүзеге асыру рәсiмдерi заем не мемлекеттік эмиссияланған бағалы қағаздар эмиссиясы туралы келісімдер (шарттар) жасасу нысанында қарыз капиталының iшкi және сыртқы рыноктарында қарыз алу жолымен тартылған заемдар үшiн бiрыңғай.
2. Үкiметтiк заемдарды өтеу және оларға қызмет көрсету
жөніндегі төлемдердi жоспарлау
3. ?кіметтiк заемдарды алдағы өтеудiң және оларға қызмет көрсетудің көлемiн жоспарлауды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрi - Қаржы министрлігі) үкiметтiк заемдарды өтеудің және оларға қызмет көрсетудiң алдағы көлемiнiң болжамды есептеулерi негiзiнде тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу шеңберiнде жыл сайын жүргiзедi.
4. Жүргiзiлетiн есептеулер есеп айырысу алдындағы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша үкiметтiк борыш мониторингiнiң деректерiне, қолданылып жүрген, ағымдағы және жоспарлы жылы тарту ұйғарылатын үкiметтiк заемдардың қаражатын игеру болжамына, макроэкономикалық көрсеткiштердiң болжамдарына негiзделедi.
5. Қолданылып жүрген, ағымдағы және жоспарлы жылы тарту ұйғарылатын үкiметтiк заемдардың қаражатын игеру болжамын үкiметтiк заемдардың қаражаты есебiнен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды iске асыру кестелерiн, сондай-ақ жоспарлы жылы республикалық бюджеттiң тапшылығын қаржыландыру көлемiнiң болжамын ескере отырып, Қаржы министрлiгі анықтайды.
6. Жоспарлы жылғы республикалық бюджет тапшылығының көлемi, негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштер, ұлттық валютаның бағамы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуы индикативтiк жоспарының өлшемдерiмен анықталады.
7. Жоспарлы жылы үкiметтiк заемдарды өтеу және оларға қызмет көрсету көлемдерiнiң есептеулерiн Қаржы министрлігі былайша жүргiзедi:
1) әрбiр қолданылып жүрген үкiметтiк заем бойынша заемның игерiлмеген қаражатын игеру көлемiн жылдар бойынша болжамды бөлу жүргiзiледi;
2) заем, мемлекеттік эмиссияланған бағалы қағаздар эмиссиясы туралы келісімнiң (шарттың) ережелерi негiзiнде үкiметтiк заем бойынша борышты өтеу мерзiмдерi мен көлемдерi анықталады;
3) үкiметтiк заем бойынша борыш сомасының өзгеру серпiнiн есептеу жүргiзiледi;
4) заем, мемлекеттік эмиссияланған бағалы қағаздар эмиссиясы туралы келісімнiң (шарттың) негiзiнде сыйақы (мүдде) төлемдерiнiң, комиссиялық және өзге де төлемдер мерзiмдерi мен көлемдерiнiң есебi жүргiзiледi. Егер заем туралы келісімде (шартта) өзгеше белгiленбесе, осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көрсетiлген есептеулер заем беру валютасымен жүзеге асырылады;
5) шетелдiк валютада тартылған үкiметтiк заемдарды өтеудiң және оларға қызмет көрсетудiң көлемдерi теңгелiк баламада қайта есептеледi. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi есеп айырысу алдындағы тоқсанның соңында белгiлеген шетелдiк валюталардың теңгеге бағамы және жоспарлы жылға арналған АҚШ долларының теңгеге болжамды орташа жылдық бағамы пайдаланылады.
6) тарту ұйғарылып отырған үкiметтiк заемдардың қаражатын игеру көлемдерiнiң болжамы негiзiнде, заемдарды ұсыну мен сыйақы (мүдде) ставкаларының орташа шарттары пайдаланыла отырып, тарту ұйғарылып отырған үкiметтiк заемдарды өтеу және оларға қызмет көрсету мерзiмдерi мен көлемдерiн есептеу жүргiзiледi.
8. Үкiметтiк заемдарды өтеудің және оларға қызмет көрсетудiң мерзiмдерi мен көлемдерiн есептеу негiзiнде Қаржы министрлігі жоспарлы жылы үкiметтiк заемдарды өтеудiң және оларға қызмет көрсетудiң жалпы көлемiн анықтайды.
9. Жоспарлы жылы үкiметтік заемдарға қызмет көрсетудiң жалпы көлемi тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында жеке бюджеттік бағдарлама бойынша көрсетiледi. ?кіметтiк заемдарды өтеудiң жалпы көлемi республикалық бюджетте "Бюджет тапшылығын (профицитiн пайдалануды) қаржыландыру" бөлiмi бойынша көрсетiледi.
3. Мемлекет кепілдiк берген заемдарды өтеу және оларға қызмет
көрсету жөніндегі төлемдердi жоспарлау
10. Мемлекет кепілдiк берген заемдарды республикалық бюджеттен алдағы өтеудiң және оларға қызмет көрсетудің көлемiн жоспарлауды Қаржы министрлігі мемлекет кепiлдiк берген заемдарды республикалық бюджеттен алдағы өтеудің және оларға қызмет көрсетудiң көлемiн болжамды есептеудің негiзiнде тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу шеңберiнде жыл сайын жүргiзедi.
11. Жүргiзiлетiн есептеулер есеп айырысу алдындағы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша мемлекет кепілдiк берген борыш мониторингiнiң деректерiне, қолданылып жүрген мемлекет кепілдiк берген заемдардың қаражатын игеру болжамына, мемлекеттік кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындаудың мүмкiндiгiн бағалауға негiзделедi.
12. Жоспарлы жылы мемлекет кепілдiк берген заемдарды республикалық бюджеттен өтеудiң және оларға қызмет көрсетудiң көлемiн есептеудi Қаржы министрлігі былайша жүргiзедi:
1) мемлекет кепiлдiк берген заемдарға қызмет көрсетуге уәкiлеттiк берiлген екiншi деңгейдегi банктердiң ақпараты негiзiнде, әрбiр қолданылып жүрген мемлекет кепiлдiк берген заем бойынша заемның қаражатын игеру көлемiн жылдар бойынша болжамды бөлу жүргiзiледi;
2) заем туралы келісімнің (шарттың) ережелерi негiзiнде мемлекет кепiлдiк берген заем бойынша борышты өтеу мерзiмдерi мен көлемдерi анықталады;
3) мемлекет кепiлдiк берген заем бойынша борыш сомасының өзгеру серпiнiн есептеу жүргiзiледi;
4) заем туралы келісімнiң (шарттың) ережелерi негiзiнде сыйақы (мүдде) төлемдерiнiң, комиссиялық және өзге де төлемдер мерзiмдерi мен көлемдерiн есептеу жүргiзiледi. Егер заем туралы келісімде (шартта) өзгеше белгiленбесе, осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көрсетiлген есептеулер заем беру валютасымен жүзеге асырылады;
5) шетелдiк валютада тартылған мемлекет кепiлдiк берген заемдарды өтеудiң және оларға қызмет көрсетудiң көлемдерi теңгелiк баламада қайта есептеледi. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi есеп айырысу алдындағы тоқсанның соңында белгiлеген шетелдiк валюталардың теңгеге бағамы және жоспарлы жылға арналған АҚШ долларының теңгеге болжамды орташа жылдық бағамы пайдаланылады.
13. Алынған мерзiмдер мен көлемдердiң, мемлекеттік кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындау мүмкiндiгiн бағалаудың негізiнде Қаржы министрлігі жоспарлы жылы республикалық бюджеттен мемлекет кепiлдiк берген заемдарды өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығыстардың жылдық көлемiн анықтайды.
14. Жоспарлы жылы мемлекеттік кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындауға арналған республикалық бюджет шығыстарының жылдық көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында жеке бюджеттік бағдарламада көрсетiледi.
4. Жергiлiктi атқарушы органдардың заемдарын өтеу және оларға
қызмет көрсету жөніндегі төлемдердi жоспарлау
15. Жергiлiктi атқарушы органдардың заемдарын алдағы өтеудiң және оларға қызмет көрсетудiң көлемiн жоспарлауды жергiлiктi атқарушы органдардың заемдарын өтеудiң және оларға қызмет көрсетудiң алдағы көлемiнiң болжамды есептеулерi негiзiнде тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу шеңберiнде жыл сайын жергiлiктi атқарушы органдар жүргiзедi.
16. Жүргiзiлетiн есептеулер есеп айырысу алдындағы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың борыш мониторингiнiң деректерiне, қолданылып жүрген ағымдағы және жоспарлы жылы тарту ұйғарылатын жергiлiкті атқарушы органдардың заем қаражатын игеру болжамына, жергiлiктi бюджеттiң болжамды көрсеткiштерiне негiзделедi.
17. Алдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттің болжамды көрсеткiштерi жергiлiктi өкiлдi органдар бекiтетiн аумақты дамытудың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларының өлшемдерiмен анықталады. Жоспарлы жылы ұлттық валютаның бағамы Қазақстан Республикасының Yкіметі қабылдаған Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуы индикативтік жоспарының өлшемдерiн ескере отырып, анықталады.
18. Жоспарлы жылы жергiлiктi атқарушы органдардың заемдарын өтеу және оларға қызмет көрсету көлемдерiн есептеу былайша жүргiзiледi:
1) жергiлiктi атқарушы органның әрбiр қолданылып жүрген заемы бойынша заемның игерiлмеген қаражатын игеру көлемiн жылдар бойынша болжамды бөлу жүргiзiледi;
2) заем, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар эмиссиясы туралы келісімнiң (шарттың) ережелерi негiзiнде жергiлiктi атқарушы органның заемы бойынша борышты өтеу мерзiмдерi мен көлемдерi анықталады;
3) жергiлiктi атқарушы органның заемы бойынша борыш сомасының өзгеру серпінін есептеу жүргiзiледi;
4) заем, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар эмиссиясы туралы келісімнiң (шарттың) ережелерi негiзiнде сыйақы (мүдде) төлемдерiнiң, комиссиялық және өзге де төлемдер мерзiмдерi мен көлемдерiн есептеу жүргiзiледi. Егер заем туралы келісімде (шартта) өзгеше белгiленбесе, осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көрсетiлген есептеулер заем беру валютасымен жүзеге асырылады;
5) шетелдiк валютада тартылған жергiлiктi атқарушы органдардың заемдарын өтеудiң және оларға қызмет көрсетудiң көлемдерi теңгелiк баламада қайта есептеледi. Бұл ретте Ұлттық Банктің есеп айырысу алдындағы тоқсанның соңында белгiлеген шетелдiк валюталардың теңгеге бағамы және жоспарлы жылға арналған АҚШ долларының теңгеге болжамды орташа жылдық бағамы пайдаланылады.
6) тарту ұйғарылып отырған жергiлiктi атқарушы органдардың заем қаражатын игеру көлемдерiнің болжамы негiзiнде заемдар берудiң орташа шарттары мен сыйақы (мүдде) ставкаларын пайдалана отырып, тарту ұйғарылып отырған жергiлiктi атқарушы органдардың заемдарын өтеу және оларға қызмет көрсету мерзiмдерi мен көлемдерiн есептеу жүргiзiледi.
19. Жергiлiктi атқарушы органдардың заемдарын өтеудiң және оларға қызмет көрсетудiң мерзiмдерi мен көлемдерi негiзiнде жоспарлы жылы жергiлiктi атқарушы органдардың заемдарын өтеудiң және оларға қызмет көрсетудiң жалпы көлемi анықталады.
20. Жоспарлы жылы жергiлiктi атқарушы органдардың заемдарына қызмет көрсетудiң жалпы көлемi тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттерде жеке бюджеттік бағдарламада көрсетiледi. Жергiлiктi атқарушы органдардың заемдарын өтеудiң жалпы көлемi жергiлiктi бюджеттерде "Бюджет тапшылығын (профицитiн пайдалануды) қаржыландыру" бөлiмiнде көрсетiледi.
5. Үкiметтiк заемдарды өтеудiң және
оларға қызмет көрсетудiң тәртібі
21. ?кіметтiк сыртқы заемдарды өтеудi және оларға қызмет көрсетудi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы тиiстi қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қаражаттың есебiнен Қаржы министрлігі жүзеге асырады.
22. Қаржы министрлігі ағымдағы айдың 25-күнiне дейiн, ай сайын қосымшаға сәйкес белгiленген нысан бойынша, алдағы айға арналған үкiметтiк заемдарды және мемлекет кепiлдiк берген Қазақстан Республикасының борышын өтеуге әрi оларға қызмет көрсетуге арналған өтiнiмдi (бұдан әрi - өтінім) жасайды, оған сәйкес белгiленген тәртiппен республикалық бюджеттiң ақшасын осы жұмсауға қазынашылық рұқсаттар ашылады. Өтiнiм үкiметтiк заемдарды өтеудiң және оларға қызмет көрсетудiң нақтыланған мерзiмдерi мен көлемдерiн ескере отырып жасалады және төлемнiң түрiн, төлемнің валютасын, төлемдi алушыларды-несие берушiлердi көрсете отырып, күндерi бойынша әрбiр заем жөніндегі төлемдердiң болжамын қамтиды.
23. Қаржы министрлігі тиiстi айда үкiметтiк заемдарды өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі алдағы төлемдер көлемiнiң республикалық бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарының айлар бойынша тiзiмдемесiне сәйкестiгiн тексередi және тiзiмдемеде бекітілген көлемге сәйкес келмеген жағдайда, республикалық бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарының айлар бойынша тiзiмдемесiне тиiстi өзгерістер енгiзедi.
24. ?кіметтiк заемдарды өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі төлемдердi дайындауды және жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында Қаржы министрлігі несие берушiлерден ақы төлеуге шоттардың, төлем ведомостарының және төлемдердi жүргiзу үшiн қажеттi басқа да құжаттардың уақытылы түсуiн ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жүргiзедi.
25. Қаржы министрлігі несие берушiлер ұсынған шоттар мен төлем ведомостарында көрсетiлген төлем күнiнiң, сомасының, түрінің, валюталарының, төлемдi алушылардың заем туралы келісімдердiң (шарттардың) ережелерiне, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар эмиссиясының нәтижесiне сәйкестiгiн тексерудi жүзеге асырады.
26. Төлеуге ұсынылған шоттар мен төлем ведомостарында көрсетiлген төлемнiң күні, сомасы, түрi, валюталары, төлемдi алушылардың заем туралы келісімдердің (шарттардың) ережелерiне, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар эмиссиясының нәтижесiне сәйкес келмейтiнi анықталған жағдайда, Қаржы министрлігі несие берушiлермен өзара iс-қимылда несие берушiлер ақы төлеуге ұсынған шоттар мен төлем тiзiмдемелерiн нақтылау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.
27. Заем туралы келісімдерде (шарттарда) және мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар эмиссиясының ережелерiнде үкiметтiк заемдарды өтеу және оларға қызмет көрсету бойынша анықталған төлем мерзiмiнде Қаржы министрлігі заемдар туралы келісімдердiң (шарттардың) ережелерiне, мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясының нәтижесiне сәйкес үкiметтiк заемның сәйкестендiру нөмiрi, бенефициары, төлем деректемелерi, төлемнiң түрi, сомасы, валютасы, күнi көрсетiлетiн төлем құжаттарын ресiмдейдi және Ұлттық Банкке жiбередi.
28. Ұсынылған төлем құжаттарының негiзiнде Ұлттық Банк Қаржы министрлігінiң банктiк шотынан талап етiлетiн көлемде және валютада несие берушiлердiң банктiк шоттарына ақша аударуды жүргiзедi және Қаржы министрлігіне төлем жүргiзу фактiсi туралы жазбаша хабарлама тапсырады.
29. Үкiметтiк заемдарды өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі операцияларды Қаржы министрлігі тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте теңгемен көрсетедi. Бұл ретте, үкiметтiк заемдарды өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі төлемдердi шетелдiк валютада жүзеге асырылған жағдайда, көрсету осы операцияларды жүзеге асыруға қажеттi валюталарды сатып алу күнiне Ұлттық Банктiң ресми бағамы бойынша теңгемен жүргiзiледi.
6. Мемлекет кепілдiк берген заемдарды өтеудiң
және оларға қызмет көрсетудiң тәртібі
30. Мемлекет кепiлдiк берген заемдарды республикалық бюджеттен өтеу және оларға қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Үкiметінің қаулысы болған кезде жүзеге асырылады.
31. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы күшiне енгеннен кейiн Қаржы министрлігі тиiстi қаржы жылының 1 наурызына дейiн мемлекеттік кепiлдiктерi бар мемлекеттік емес заемдар бойынша заемшылардың тiзбесiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын белгiленген тәртiппен әзiрлейдi және енгiзедi. Мемлекет кепiлдiк берген заемдар бойынша көрсетiлген тiзбеге енген заемшылар үшiн өтеудi және қызмет көрсетудi Қаржы министрлігі тиiстi қаржы жылының iшiнде заем туралы шартта (келiсімде) белгiленген мерзiмде және көлемде несие берушiлердiң шоттары негiзiнде республикалық бюджеттен жүзеге асырады.
32. Мемлекет кепiлдiк берген заемдар бойынша көрсетiлген тiзбеге енбеген заемшылар үшiн республикалық бюджеттен төлемдер туралы шешiм мынадай тәртiппен қабылданады:
1) мемлекеттік кепiлдiгi бар мемлекеттік емес сыртқы заемдарға қызмет көрсетуге уәкiлеттiк берiлген екiншi деңгейдегi банк Қаржы министрлігіне осындай төлемдер басталған күнге дейiнгi 30 күннен кешiктiрмей мемлекет кепiлдiк берген заемдар бойынша республикалық бюджеттен кезектi төлемдердi жүргiзудiң қажеттiлiгi туралы қорытындыны ұсынады;
2) ұсынылған қорытындылардың негiзiнде 15 күн ішінде Қаржы министрлігі мемлекет кепiлдiк берген заемдар бойынша көрсетiлген заемшылар үшiн төлемдердi республикалық бюджеттен төлеудi жүргiзудi көздейтiн Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын белгiленген тәртiппен әзiрлейдi және қарауға енгiзедi;
3) Қаржы министрлігі, мемлекет кепiлдiк берген заемдарға қызмет көрсетуге уәкiлеттiк берiлген екiншi деңгейдегi банк, мемлекет кепiлдiк берген заемдар бойынша заемшылар арасында республикалық бюджеттен оқшауландырылған ақшаны қайтарудың шарттары, мерзiмi, тәртібі анықталатын (нақтыланатын) тиiстi, оның iшiнде бұрын ресiмделгендерiне қосымша келісімдер жасалады.
33. Қаржы министрлігі ағымдағы айдың 25-күнiне дейiн ай сайын қосымшаға сәйкес алдағы айға арналған мемлекеттік кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындау жөніндегі төлемдерге өтінім жасайды, оған сәйкес белгiленген тәртiппен республикалық бюджеттің ақшасын осы жұмсауға арналған қазынашылық рұқсаттар ашылады. Өтінім мемлекет кепілдiк берген заемдарды өтеудiң және оларға қызмет көрсетудің нақтыланған мерзiмдерi мен көлемдерiн ескере отырып жасалады және төлемнiң түрiн, төлемнiң валютасын, төлемдi алушыларды-несие берушiлердi көрсете отырып, күндерi бойынша әрбiр заем жөніндегі төлемдердiң болжамын қамтиды.
34. Қаржы министрлігі тиiстi айда мемлекеттік кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындау жөніндегі алдағы төлемдер көлемiнiң республикалық бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарының айлар бойынша тiзiмдемесiне сәйкестiгiн тексередi және тiзiмдемеде бекітілген көлемге сәйкес келмеген жағдайда, республикалық бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарының айлар бойынша тiзiмдемесiне тиiстi өзгерістер енгiзедi.
35. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы болған кезде, ақы төлеуге несие берушiлер (заем берушiлер) ұсынған және Қаржы министрлігі тексерген шоттардың негiзiнде, Қаржы министрлігі заемдар туралы келісімдердiң (шарттардың) ережелерiне сәйкес мемлекет кепiлдiк берген заемның сәйкестендiру нөмiрi, бенефициары, төлем деректемелерi, төлемнiң түрi, сомасы, валютасы, күнi көрсетiлетiн төлем құжаттарын ресiмдейдi және Ұлттық Банкке жiбередi.
36. Ұсынылған төлем құжаттарының негiзiнде, Ұлттық Банк Қаржы министрлігінiң банктiк шотынан талап етiлетiн көлемде және валюталарда несие берушiлердiң банктiк шоттарына ақша аударуды жүргiзедi және Қаржы министрлігіне төлем жүргiзу фактiсi туралы жазбаша хабарлама тапсырады.
37. Мемлекет кепілдiк берген заемдарды өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі операцияларды Қаржы министрлігі тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте теңгемен көрсетедi. Бұл ретте, мемлекет кепiлдiк берген заемдарды өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі төлемдер шетелдiк валютада жүзеге асырылған жағдайда, көрсету операцияларды жүзеге асыруға қажеттi валюталарды сатып алу күнiне Ұлттық Банктiң ресми бағамы бойынша теңгемен жүргiзiледi.
38. Мемлекет кепілдiк берген заемдар бойынша заемшылар республикалық бюджеттен оқшауландырылған ақшаны қайтару туралы жасалған келісімдердi орындамаған жағдайда, Қаржы министрлігі республикалық бюджеттен оқшауландырылған ақшаны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен өндіріп алу жөнінде талап қою-қуыну жұмысын жүргізеді.
7. Жергiлiктi атқарушы органдардың заемдарын өтеу және
оларға қызмет көрсету тәртібі
39. Жергілiкті атқарушы органдардың заемдарын өтеу және оларға қызмет көрсетудi екiншi деңгейдегi банк, Ұлттық Банкпен келісім бойынша жергiлiктi атқарушы органдар тартқан тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттерде көзделген қаражаттың есебiнен жүзеге асырады.
40. Жергiлiктi атқарушы органдардың заемдарын өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі төлемдердi белгiленген мерзiмде және қажеттi көлемдерде дайындауды және жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында жергiлiктi атқарушы органдар несие берушiлердiң шоттарының, төлем ведомостарының және төлемдердi жүргiзу үшiн қажеттi басқа құжаттардың уақытылы түсуiн ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды жүргiзедi.
41. Жергiлiктi атқарушы органдар төлеуге ұсынылған шоттар мен төлем ведомостарында көрсетiлген төлемнiң күні, сомасы, түрi, валюталары, төлемдi алушылардың заем туралы келісімдердiң (шарттардың) ережелерiне, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар эмиссиясының нәтижесiне сәйкестiгiн бақылауды жүзеге асырады.
42. Жергiлiктi атқарушы органдар төлеуге ұсынылған шоттар мен төлем ведомостарында көрсетiлген төлемнiң күнi, сомасы, түрi, валюталары, төлемдi алушылардың заем туралы келісімдердiң (шарттардың) ережелерiне, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар эмиссиясының нәтижесiне сәйкес келмейтін анықталған жағдайда, жергiлiктi атқарушы органдар несие берушiлермен өзара iс-қимыл жасап, ұсынылған шоттар мен төлем ведомостарын нақтылау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.
43. Заем туралы келісімдерде (шарттарда) және мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар эмиссиясының ережелерiнде анықталған төлем мерзiмiнде жергiлiктi атқарушы органдар талап етiлетiн көлемде және валюталарда жергiлiктi атқарушы органның заемдарына қызмет көрсету үшiн Ұлттық Банкпен келісім бойынша екiншi деңгейдегi банк арқылы несие берушiлердiң шоттарына ақша аударуды қамтамасыз етедi.
44. Осы операцияларды жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi бюджеттердiң кассалық атқарылуында теңгемен көрсетедi. Бұл ретте, төлемдер шетелдiк валютада жүзеге асырылған жағдайда, көрсету операцияларды жүзеге асыруға қажеттi валюталарды сатып алу күнiне Ұлттық Банктiң ресми бағамы бойынша теңгемен жүргiзiледi.
45. Жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi атқарушы органдардың борыш мониторингiн жүзеге асыру шеңберiнде жергiлiктi атқарушы органдардың заемдарын өтеу және оларға қызмет көрсету жөнiнде жүргiзiлген төлемдердi есепке алуды жүргiзедi.
Қосымша
"Бекітемін"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
__________
200_ж "__"______________
Республикалық бюджеттік қаражатынан Қазақстан Республикасының
үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борышына қызмет көрсетуге,
өтеуге арналған өтінім Дамудың ресми көмек заемдары, жеке
несиелер және ішкі борышы бойынша 01 __ __ бастап 01 __ __ қоса
алғандағы (_________ға) алдағы төлемдер
┌─────┬─────┬──────┬──────┬─────┬──────┬──────┬────────┬─────────┬─────────┬─────┬─────────────────────────┬─────────────────────────┬─────────────────┐
│Функ.│Кіші │Мекеме│ Бағ- │Кіші │Ерек- │Атауы │ Жеке │ Импор- │ Валюта │Төлем│ Төлем │ Оның ішінде (төлем │ │
│топ │функ-│ │дарла-│бағ- │шелік │ │ несие │тер кәсіп│ │күні │ сомасы │ валютасында) │ Ескерту │
│ │ция │ │ ма │дар- │ │ │келісі- │ орын │ │ │ │ │ │