3. Су ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғау саласындағы қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетілдiру.
4. Қазiргi заманғы басқару шешiмдерiн қабылдау үшiн су ресурстарын пайдаланудың жай-күйiн кешендi бағалау әрi талдау бойынша суды пайдалану мониторингiнiң бiрыңғай ақпараттық жүйесiн жасау.
5. Су ресурстарын ұқыпты пайдалану мен қорғау туралы қоғамдық пiкiрдi қалыптастыру; су проблемаларын шешу жөніндегі шараларды жүзеге асыру саласындағы білімдердi ақиқатты жария ету мен таратуда бұқаралық ақпарат құралдарына көмек көрсету.
13. Таза экологиялық ахуалды сақтау мен қолдау саласында
1. Барлық пайдаланылатын су көздерiнде (өзендер, көлдер, су қоймалары және т.б.) суды қорғау аймақтарын құру мен жайластыру арқылы негiзгi өзендер бассейндеріндегі су экожүйелерiн қалпына келтiру әрi сақтау.
2. Олардың су бассейнiне антропогендiк жүктемесiн ескере отырып, жаңа өндiрiстердi орналастыру және ескi өндiрiстердi қайта жаңарту.
3. Суды ұтымды пайдаланудың экономикалық жағдайларын қалыптастыру.
4. Осымен өзендер мен тоғандардың ластануын санитарлық-гигиеналық және балық шаруашылығы талаптарының деңгейiне дейiн азайтылуын қамтамасыз етiп, сарқынды суларды тазарту жөніндегі құрылыстарды салу әрi қайта жаңарту кезiнде жаңа технологияларды енгізу арқылы тазартылмаған сарқынды сулардың су көздерiне тасталуын және сарқынды сулардың қайталама әрi айналымдағы сумен жабдықтауда пайдаланылуын болдырмау.
5. Қатаң нормалап, кейiн су тастауды нормалаудан оларды болдырмауға көшiп, суды пайдалану мен тастаудың көрсеткiштерiн әзiрлеу. Жаңа кәсiпорындарды су объектiлерiне ластаушы заттарды толық болдырмайтындай етiп салуды жүзеге асыру.
6. Өзен бассейндеріндегі су ресурстарын кешендi пайдаланудың схемаларын әзiрлеп, олардың негiзiнде өзендер бассейндеріндегі табиғат қорғау әрi кешендi су жiберу көлемдерiн негiздеу.
7. Шаруашылық кешенiнде мақсатына сай пайдалану бойынша жер бетіндегі су айдындарының жiктемесiн жасау, мемлекеттік бақылау шараларын және олардың пайдаланылуын реттейтiн құжаттар тiзбесiн белгiлеу.
8. Iшкi және шеткi су айдындарының (Балқаш, Арал, Каспий) деңгейлiк әрi тұздануы режимiн басқару жөнiнде бағдарламалар әзiрлеу.
14. Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету саласында
Жекелеген аймақтардың сумен қамтамасыз етiлуi деңгейiн орташа республикалық деңгейге дейiн жеткiзiп, бiртiндеп теңестiру мақсатында экономикасы тоқыраған дағдарысты аудандардың, сондай-ақ "Ауыз су" мемлекеттік стандартының нормативтерiне сай келмейтiн суы бар аудандардың басымдығын сақтау
таяу перспективада:
1) халықтың денсаулығы нашарлауына жол бермеу мақсатында сумен жабдықтаудың қолданыстағы жүйесiн тиiстi техникалық күйде ұстау;
2) сумен жабдықтаудың жергілiктi көздерi болған кезде жеке тармақтарын (сегменттерiн) алып тастап, оларды жергiлiктi (жекелеген елдi мекендерге арналған) немесе шағын топтық жүйелермен (жақын орналасқан елдi мекендерге арналған) ауыстырып, тотық су құбырлары бойынша су беру схемасын қайта қарау;
3) оларды бөлшектеу мүмкiн емес немесе орынсыз қолданыстағы сумен жабдықтау жүйелерiн тиiстi техникалық күйде ұстау;
орта және ұзақ мерзiмдi перспективада:
4) кепiлдi сумен жабдықтау көздерi болған кезде iрi кенттердi сумен орталықтандырылған жабдықтаудың жаңа жергілiктi жүйелерiн құру;
5) сумен жабдықтау көздерiмен қамтамасыз етiлмеген халқы тығыз аймақтарда сумен орталықтандырылған жабдықтаудың топтық жүйелерiн құру;
6) қалалар мен ауылдық кенттердiң халқын сапалы сумен қамтамасыз ету үшiн суды дайындау және суды тазартудың жаңа құрылыстарын салу және қалпына келтiру;
7) жер асты суларын кеңiнен пайдалануды қамтамасыз ету;
8) сумен жабдықтау объектiлерiнiң құрылысын салуға әрi оларды пайдалану шығындарын өтеуге оны кеңiнен тартып, халықты сумен қамтамасыз ету жөніндегі қызмет көрсетулер рыногын қалыптастыру;
9) сумен жабдықтауға арналған жабдықтар мен құрылғылар жасап шығару жөніндегі жоғары технологиялы өндiрiстiк қуаттар құруға кiрiсу;
10) ауыз суды ұтымды пайдалану проблемалары бойынша халықтың хабардарлығы мен құлағдарлығын арттыру халықтың экологиялық мәдениетiн қалыптастыру;
11) ауыз сумен жабдықтау саласында ғылыми-зерттеу және жобалау-iздестiру жұмыстарын жүргiзу;
12) 2010 жылға дейiнгi кезеңге арналған "Ауыз су" мемлекеттік бағдарламасын әзiрлеу және iске асыру.
15. Экономиканың су секторын мемлекеттік басқару саласында
Басқару функцияларын шаруашылық жүргiзу функцияларынан екi кезеңге ажыратып, су ресурстары мен су шаруашылығын басқарудың құрылымын реформалау (орталықсыздандыру, қайта құрылымдау) мен жетілдiрудi жүзеге асыру.
Бiрiншi кезеңде:
1) республикалық суағарларға (арналарға) жатқызылғандарын қоспағанда, республикалық меншiктегi суағарларды (арналарды) коммуналдық меншiкке беру;
2) теңгерiмiнде мемлекетаралық және облысаралық су шаруашылығы құрылыстары мен құрылғылары жоқ республикалық мемлекеттік су шаруашылығы кәсiпорындарын коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындары етiп қайта құру;
3) су шаруашылығы саясатын жүзеге асыру үшiн нормативтiк құқықтық базаны реформалау;
4) экономиканың әртүрлi салаларында (ауыл шаруашылығы, өнеркәсiп, коммуналдық сумен жабдықтау және т.с.с) Суды пайдаланушылардың бiрлестiктерiн (ассоциацияларын) құруға жәрдемдесу;
5) олардың объектiлердi пайдалану жөніндегі мүмкiндiктерiнiң кеңеюiне қарай коммуналдық су шаруашылығы объектiлерiн тiкелей су пайдаланушылардың өздерiне немесе олардың бiрлестiктерiне бiртiндеп беруге жәрдемдесу;
6) су пайдаланушылардың бiрлестiктерiн құру және олардың суды жеткiзу жөніндегі көрсететiн қызметтерiн ескере отырып, суды пайдаланудың экономикалық тетiгiн әзiрлеу.
Екiншi кезеңде:
7) су ресурстары жөніндегі уәкiлеттi органның қарамағындағы су шаруашылығы объектiлерiн пайдалану жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың базасында (республика үшiн стратегиялық маңызы бар кәсiпорындарды қоспағанда) облыстарда еншiлес кәсiпорындары бар су ресурстары жөніндегі уәкiлеттi органға ведомстволық бағыныстағы бiрыңғай республикалық мемлекеттік кәсiпорын құрып, су ресурстары мен су шаруашылығын басқарудың құрылымын қайта ұйымдастыруды жүргiзу;
8) суды пайдаланушылар бiрлестiктерiнiң (СБП) меншiгіндегі де, сондай-ақ оларға сенiмгерлiкпен басқаруға берiлген су шаруашылығы объектiлерiне қызмет көрсету мен техникалық пайдалану;
суды пайдаланушыларға суды жеткiзу жөніндегі ұйымдастыру-техникалық көмек көрсету мақсаттарында СБП құру;
9) ұсынылып отырған схемаға сәйкес су ресурстары мен су шаруашылығын басқарудың құрылымын қайта ұйымдастыруды жүзеге асыру үшін қолданыстағы заңнамаға қажеттi өзгерістер мен толықтыруларды белгiленген тәртiппен енгізу қажет. Жекешелендiруге жатпайтын су шаруашылығы объектiлерiнiң тiзбесiн нақтылау қалғандарын қолданыстағы заңнамаға сәйкес жекешелендiру;
10) ақпараттық қызмет көрсетулер мен маркетинг желісін және жүйесiн құруды ұйымдастыру.
16. Трансшекаралық су көздерiн бiрлесiп пайдаланудағы халықаралық
ынтымақтастық саласында
1. Трансшекаралық су көздерiн бiрлесiп пайдалану жөніндегі келісімдер мен шарттарды әзiрлеу кезiнде Қазақстанның мүдделерi қорғалуын қамтамасыз ету.
2. Көктеу кезеңiнде мемлекетаралық шарттар жасасудан көпжылдық келісімдер жасасуға көшу.
3. Қазақстанда бар табиғи ресурстарға және елдiң транзиттiк әлеуетiне iргелес мемлекеттердiң қажеттiлiктерiн ескере отырып, трансшекаралық суларды пайдалану проблемасының кешендi шешiмiн iздеу қажет.
4. Трансшекаралық суларды реттеу мен басқару жөніндегі мемлекетаралық органдардың қызметiне белсендi қатысу.
5. Қытай Халық Республикасымен қатынастарда:
2001 жылғы қыркүйекте қол қойылған Трансшекаралық су ресурстарын бiрлесiп пайдалану мен қорғау саласындағы екi жақты келісімдi бекіту;
судың сандық та, сапалық та көрсеткiштерiне бiрлескен мониторинг жүйесiн жасау;
су ресурстарының мониторингiн жақсарту және трансшекаралық су объектiлерiнiң жай-күйi туралы ақпарат алмасу;
трансшекаралық өзендердi кешендi пайдалану мен қорғаудың бiрлескен схемаларын жасау;
трансшекаралық су ресурстарын бiрлесiп пайдалану мен қорғау жөнiнде үш жақты (Қазақстан, Қытай, Ресей) келісімдер жасасу жөнiнде қадам жасау қажет.
6. Ресей Федерациясымен қатынастарда:
Ресейден келетiн және онда ағатын су ресурстарының гидрохимиялық құрамына ерекше назар аудару;
Едiл өзенi бассейнiнен Батыс Қазақстанға қосымша су ағыны көлемiн тарту;
Астрахань-Маңғышлақ суағарын қайта жаңартуды жүргiзу.
7. Орталық Азия республикаларымен қатынастарда:
Орталық Азия республикаларының трансшекаралық ағын сулар мен халықаралық көлдердi пайдалану мен қорғау жөніндегі Хельсинки конвенциясына қосылуы жөніндегі жұмысты жандандыру;
Аралды құтқару жөніндегі Халықаралық Қордың қызметiн қолдау;
мемлекетаралық су шаруашылығы комиссиясы мен оның атқарушы органдарының мәртебесiн көтеру;
Трансшекаралық су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғаудың бассейндiк және аймақтық дерекқорларын қалыптастыру және ақпарат алмасу туралы келісім жасасу қажет.
8. Қырғыз Республикасымен қатынастарда:
су шаруашылығы объектiлерiн пайдалануға арналған жұмыс режимiн белгiлеу мен қажеттi шығындар көлемiн айқындау жөнiнде тұрақты жұмыс істейтiн комиссия құру.
17. Су ресурстарын басқарудың, пайдалану мен қорғаудың нормативтiк
құқықтық негiздерi саласында
Қазақстан Республикасының Су кодексiн қайта өңдеу және қазiргi құқықтық, экономикалық, сондай-ақ елдегi экологиялық қатынастарға, су ресурстарын пайдалану мен қорғау саласындағы халықаралық шарттарға сәйкес қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу қажеттiгiн қарау керек.
18. Ғылыми-зерттеу, жобалау және білім беру саласында
1. Жер бетіндегі және жер асты суларының ресурстарын зерттеу мен бағалау су ресурстарын аумақтық қайта бөлудiң, жер асты сулары пайдалануды және елдiң сумен қамтамасыз етiлуiн арттырудың басқа да баламалы жолдарын кеңейту мүмкiндiктерiн ғылыми және техникалық-экономикалық негiздеудi әзiрлеу.
2. Су шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеу жобалау және білім беру орталықтарының желісін дамыту үшiн кәсiпкерлiк және мемлекеттік емес құрылымдарға қолдау көрсету жөнiнде жағдай жасау.
3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерде тиiстi қаржы жылына арналып көзделген қаражаттың есебi мен шегiнде, сондай-ақ шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаражаты және халықаралық ұйымдар мен донор елдердiң гранттарын тарту есебiнен республиканың жоғары және орта оқу орындарында су ресурстары мен су шаруашылығын басқару бойынша инженер кадрлар мен мамандар, мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiн даярлау және қайта даярлауды ұйымдастыру.
4. Халықаралық тәжiрибенi ескере отырып, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаражаттарын және халықаралық ұйымдар мен донор елдердiң гранттарын тарту есебiнен су пайдаланушыларды оқыту әрi озық технологияларды енгізу жөнiнде аймақтарда консультациялық оқыту және ақпарат орталықтары желісін құру.
6. Қаржылық қамтамасыз ету
Су шаруашылығы саласын қаржыландырудың негiзгi көздерi:
республикалық бюджет;
жергiлiктi бюджет;
халықаралық ұйымдар мен донор елдердiң гранттары;
мемлекеттік емес көздер.
Экономиканың су шаруашылығы секторын қаржыландыру жүйесiн жетілдiру үшiн мынадай проблемаларды шешу талап етiледi:
мемлекетаралық және республикалық маңызы бар су шаруашылығы объектiлерiн салу, қайта жаңарту және пайдалану республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады;
коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы объектiлерi тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен қаржыландырылуы мүмкiн.