Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 25 қыркүйектегі № 1235 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 19 қаңтардағы № 64 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 653 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. «Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдардың аттестациядан өту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 25 қыркүйектегi № 1235 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 33, 433-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдардың аттестациядан өту ережесінде:
4-тармақтың екiншi және үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Өтiнiшке мына құжаттар қоса берiлуi тиiс:
1) фотосуретi бар жеке iс парағы;
2) соңғы жұмыс орнынан үмiткердiң кәсiби білімiн, оның iскерлiк және адамгершiлiк қасиеттерiн бағалауды қамтыған мiнездеме;
3) жоғары заң білімi туралы дипломның нотариальды куәландырылған көшiрмесi;
4) еңбек кiтапшасының немесе заңгерлiк мамандығы бойынша жұмыс өтілін растайтын өзге де құжаттың нотариальды куәландырылған көшiрмесi;
5) үмiткердiң өз қолымен жазған өмiрбаяны:
6) Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлiгiнiң немесе төлқұжатының көшiрмесi;
7) үмiткердiң тұрғылықты жерi бойынша берiлген наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден медициналық анықтамалар;
8) республика бойынша мәлiметтердi көрсете отырып, үмiткердiң тұрғылықты жерi бойынша соттылығы және қозғалған қылмыстық iсiнiң жоқ екендiгi туралы берiлген анықтама.
«1), 2), 4), 5) тармақшаларда көрсетiлген адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдардың ұсынған құжаттары Комиссия бекiткен құжаттарды тиiсiнше ресiмдеу туралы талаптарға сәйкес болуы тиiс.»;
8-тармақтың екiншi абзацындағы «5» деген сан «15» деген санмен ауыстырылсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Аттестациялауға жiберiлген үмiткер аттестациялау өтетiн орын, күнi және уақыты туралы, оны өткiзгенге дейiн 10 күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей, аумақтық әдiлет органдары арқылы хабардар етiледi.»;
13-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
«Бұл ретте үмiткер өз қалауын жазбаша растауы тиiс.»;
18-тармақта:
бiрiншi және екiншi абзацтардағы «70» деген сан «65» деген санмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«Егер дұрыс жауаптардың саны 60-тан 65-ке дейiнгi пайызды құраса, Комиссия үмiткердiң қалауы бойынша 65-ке дейiн жетпеген сан бойынша қосымша сұрақтар және қосымша екi сұрақ қоюға құқылы.
65 пайызға дейiнгі жетпеген сан бойынша қойылған сұрақтарға дұрыс жауап берген кезде үмiткер тестiлеуден өттi деп саналады.»;
19-тармақтың екiншi абзацындағы «Үмiткерге дұрыс жауап беруi тиiс» деген сөздер «үмiткер олардың iшiнен екi сұраққа дұрыс жауап беруi тиiс» деген сөздермен ауыстырылсын;
21-тармақтың бiрiншi абзацындағы «үмiткерге» деген сөз «үміткердің талабы бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Тестiлеуден өтпеген адам үш айдан ерте емес аттестацияға жiберу туралы өтiнiшпен Комиссияға қайта жүгінуге құқылы.
Тестiлеуден өткен, бiрақ әңгiмелесуден өтпеген адам бiр айдан ерте емес, бiрақ алғашқы әңгiмелесу өткен күннен бастап алты айдан кешiктiрмей әңгiмелесуге қайта жiберу туралы өтiнiшпен Комиссияға жүгiнуге құқылы. Бұл ретте тестiлеуден қайта өту талап етiлмейдi.»;
23-тармақтың екiншi абзацындағы «Дәлелсiз себептермен» деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі