Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Еуропалық Бiрлестiк арасында Көмiр
және Болат бойынша болаттың белгiлi бiр бұйымдарымен сауда жөніндегі
келісімнiң жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 29
желтоқсандағы № 1765 қаулысы (ҚР Үкіметінің 10.06.02 ж. № 619;
16.07.02 ж. № 790 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық Бiрлестiк арасында Көмiр және Болат бойынша болаттың белгiлi бiр бұйымдарымен сауда жөніндегі келісімнiң (бұдан әрi - Келісім) жобасы мақұлдансын.
ҚР Үкіметінің 10.06.02 ж. № 619; 16.07.02 ж. № 790 қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрi Мәжит Төлеубекұлы Есенбаевқа Келісімнiң жобасына қағидатты сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат ете отырып, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң атынан келiссөздер жүргiзуге және Келісім жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |