Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 17 тамыздағы № 1082
қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 7 қаңтардағы № 4 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 13 наурыздағы № 301 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Ауыл шаруашылығы техникасын әкетуге тыйым салу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 17 тамыздағы № 1082 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 29, 143-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
1-тармақ "(ТМД СЭҚ ТН коды 843 351 000-843 359 800, 870 110 100-870 190 900)" деген сөздерден кейін "және МТ-ЛБВ маркалы шынжыр табанды сүйрегіштерді (ТМД СЭҚ ТН коды 870 190 900)" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Тоқаев Қ. |