"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының
2002 ж. 4 қаңтардағы № 278-ІІ Заңы
1-бап. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; 2001 жылғы 13 қазанда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 16 қазанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне әскери қызметшілердің, құқық қорғау органдары және басқа да мемлекеттік органдар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу және оларды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 10 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай толықтыру енгізілсін:
7-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Зейнет жасына жеткен зейнеткерлерге оларға еңбек сіңірген жылдары үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнетақыларын қайта тағайындату құқығы беріледі.".
2-бап. Осы Заң 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының