Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 17 маусымдағы № 912
қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 ж. 19 қарашадағы № 1480 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "2000-2001 жылдары жекешелендiруге жататын республикалық мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелердiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 17 маусымдағы № 912 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 27, 312-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген 2000-2001 жылдары жекешелендiруге жататын республикалық мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелердiң тiзбесiнде:
1) "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі" деген бөлiм:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 16-9-жолмен толықтырылсын:
"16-9. "Қазақстан жоғары мектебi" - Алматы қаласы".
"Вестник высшей школы Казахстана"
республикалық журналы" мен оның
"Iзденiс" - "Поиск" гуманитарлық және
жаратылыс тану ғылыми қосымшасы"
республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсiпорны
2) "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі" деген бөлiммен және мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 38-жолмен толықтырылсын:
"38. "Алматы" әскери санаторийi" Алматы қаласы".
республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсiпорны
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі