Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 2005 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 9 қазандағы № 1303 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 353 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Шетелдік ұйымдардың алдындағы берешектердің проблемасын шешу жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 2005 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 58, 572-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 1-тармақта:
Шетелдік ұйымдардың, оның ішінде халықаралық ұйымдардың алдындағы берешек мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Белоруков - Қазақстан Республикасының
Николай Васильевич Әділет вице-министрі,
төрағаның орынбасары
Рахметов - Қазақстан Республикасының
Нұрлан Құсайынұлы Мемлекеттік кіріс вице-министрі
Оразбақов - Қазақстан Республикасының
Ғалым Ізбасарұлы Экономика және сауда вице-министрі
Қарабалин - Қазақстан Республикасының
Ұзақбай Сүлейменұлы Энергетика және минералдық
ресурстар вице-министрі;
2) көрсетілген құрамнан Құзытбаева Ажар Қилымбекқызы, Тоқсейітов Рахымберген Құрманғалиұлы, Аханов Серік Ахметжанұлы, Қаппаров Нұрлан Жамбылұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі