Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 наурыздағы N
342 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 23 тамыз № 1100 қаулысы
ҚР 2003 ж. 8 шілдедегі № 668 Қаулысымен осы Қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Уақытша тауарлар әкелуге (әкетуге) кеден режимін қолданудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 наурыздағы № 342 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 13, 100-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
Кеден бажы мен салығын төлеуден босатылған, уақытша әкелінетін (әкетілетін) тауарлар мен көлік құралдарының тізбесі мынадай мазмұндағы 20-тармақпен толықтырылсын:
"20. Астық, техникалық, май және басқа да дақылдар жинауға арналған комбайндар, фронтальдық, жабынды, тіркемелік жаткалар".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі