Республикалық меншіктің кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 17 тамыздағы № 1078 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Ақмола облысы орталығының қоныс аударуына байланысты босайтын ғимараттар мен қызметтік үй-жайларды бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 маусымдағы № 796 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
реттік нөмірі 9-жолдың 4-бағанындағы "Сыртқы істер министрлігі" деген сөздер "Президенттің Іс басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының Астана қаласы, Кенесары көшесі, 103 мекен-жайы бойынша орналасқан әкімшілік ғимараты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі