19-91) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде және Қарулы Күштерінде қызметтік пайдаланудағы техникалық құралдарды (ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын және мобильді құрылғыларды) кіргізу, шығару және пайдалану қағидаларын бекітеді;
19-92) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің террористік тұрғыдан осал әскери бөлімдері мен мекемелерінің тізбесін олардың санаттарына сәйкес әзірлейді және бекітеді;
19-93) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде əскери тасымалдарды ұйымдастыру қағидаларын жəне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде əскери тасымалдарды ресімдеу жəне оларға ақы төлеу қағидаларын бекітеді;
19-94) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-медициналық мекемелерінде әскери қызметшілерге медициналық қарап-тексеру жүргізудің қағидаларын бекітеді;
19-95) тағайындау кезінде əскери қызметшілер мен азаматтық персонал адамдарына қатысты психологиялық-физиологиялық жəне полиграфологиялық зерттеулер қолданыла отырып, тексеру жүргізілетін әскери лауазымдар тізбесін бекітеді;
19-96) соғысқа қатысушы куәлігін беру қағидаларын бекітеді;
19-97) ұшу қауіпсіздігі мəселелері бойынша мемлекеттік авиацияның қызметіне мемлекеттік бақылауды жəне қадағалауды жүргізу қағидаларын бекітеді;
19-98) қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру қағидаларын бекітеді;
19-99) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жекеше әріптеске және концессионерге шығындарды өтеу үшін қорғаныс объектілерін иеліктен шығару қағидаларын бекітеді;
20) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болмаған кезеңде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның өкілеттіктерін орындауды оның орнында болатын адам жүзеге асырады.
22. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.
23. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын Аппарат басшысы басқарады.
4. Мемлекеттік органның мүлкi
24. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірісті қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
26. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, егер заңнамада өзгелер белгіленбесе, оған бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілмен иелік етуге құқылы емес.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және қысқарту
27. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін қайта ұйымдастыру және қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2018.25.01. № 29 Қаулысымен тізбеге өзгеріс енгізіледі (құпия)
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және оның ведомствосының қарамағындағы ұйымдардың
тізбесi
Құпия.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және оның ведомствосының қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің
тізбесi
Құпия.