Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы № 738 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 тамыздағы № 1046 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшерлері мен көздері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы № 738 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 23, 261-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшерлері мен көздері туралы нұсқаулықта:
3-тармақтың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жоғары, орта және бастауыш кәсіптік оқу орындарының жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, қамқорлықтағы (қорғаншылықтағы) және патронаттағы студенттері мен оқушылары, сондай-ақ кәсіптік мектептер (лицейлер) оқушылары оқу процесі кезеңінде республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен жетім балаларға арналған бір күнгі тағам мөлшері құнының 40 пайызы есебімен тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі".
2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі