2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде не тартылған инвестициялар есебінен жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар, оның ішінде сенімгерлік басқаруға берілген автомобиль жолдарын салуды, реконструкциялауды, жөндеуді және күтіп-ұстауды ұйымдастыру;
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және күтіп-ұстау;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
3) мемлекеттік тапсырманы орындауды ұйымдастыру шеңберінде жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салудың, реконструкциялаудың, жөндеудің және күтіп-ұстаудың барысы мен сапасын бақылау;
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жобаларды басқару;
4) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және оларды жол органына енгізу;
4-1) 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-2) 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
4-3) сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінде орналастыруды келісу;
5) ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту үшін ақы жинау;
6) ақылы автомобиль жолдарының (жол учаскелерінің) қызметін ұйымдастыру;
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 6-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-1) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, ақылы жол жүруді ұйымдастыру және жол бойындағы сервис объектілерін дамыту мақсаттары үшін инвестициялар тарту;
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) автомобиль жолдарымен жүріп өтуге арнайы рұқсаты жоқ габариті ірі және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдары туралы ақпаратты есепке алу және автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға ұсыну;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
7-1) жол органымен келісу бойынша жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
7-2) автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларында айқындалған тәртіппен жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
8) ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) көлік құралдарының іркіліссіз және қауіпсіз жүріп өтуіне кедергі келтіретін ақауларды жою;
9) ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдаланушыларға ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өтудің құны мен олардың ұзындығы туралы, ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдаланудың тәртібі, жүріп өту ақысының мөлшерлемелері, төлеу тәртібі мен тәсілдері, жүріп өтуге ақы төлеу бойынша жеңілдіктер мен басқа да шарттар туралы ақпарат беру;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9-1) және 9-2) тармақшалармен толықтырылды
9-1) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарымен ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемдi көлiк құралдарына (шетелдіктерді қоса алғанда) жүріп өту үшін арнайы рұқсат беруді келісу;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 9-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-2) халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын байланыс және электр беру арналарының, желілерінің, мұнай құбырларының, газ құбырларының, су құбырларының және теміржолдардың, басқа да инженерлік желілердің, коммуникациялардың кесіп өтуін жобалау үшін, сондай-ақ кірме жолдарды және халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына жалғасатын жолдарды салу үшін техникалық шартты беру;
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 9-3) тармақшамен толықтырылды; 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 9-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 9-3) тармақша өзгертілді (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-3) республикалық және халықаралық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында жол бойындағы сервис объектілерін дамытуды ұйымдастыруға жәрдемдесу;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлері жатады.
Қазақстан Республикасының