8) еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнаманың талаптарына жауап бермейтiн арнаулы киiмдердiң, арнаулы аяқ киiмдердiң және басқа да жеке қорғаныш құралдарының жұмыс орындарында берiлуi мен пайдаланылуына тыйым салуға;
9) қауiпсiздiк техникасы жөнiнде оқытудан және нұсқамалықтан өтпеген адамдарды жұмыстан шеттетудi талап етуге, сондай-ақ еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнаманың талаптарына сәйкес ережелерді, нормаларды және нұсқауларды білуін тексеруге;
10) еңбек туралы және еңбекті қорғау туралы заңнаманы бұзушылық фактілері бойынша ақпаратты және материалдарды тиісті құқық қорғау органдарына жіберуге;
11) мемлекеттік еңбек инспекторларына жүктелген функцияларды атқару үшін жұмыс берушілерден және ұйымдардың тиісті лауазымды адамдарынан жағдай жасауды талап етуге;
12) заңнамада көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
7. Мемлекеттік еңбек инспекторлары өзiнiң лауазымдық өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiнде алған мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпияларды сақтауға мiндетті.
8. Мемлекеттік еңбек инспекторларының заңсыз әрекеттерiне бағыныстылығына қарай облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бас еңбек инспекторларына, Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік еңбек инспекторына не сот тәртібімен шағым жасауға болады.
3. Қызметiн ұйымдастыру
9. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік еңбек инспекторларының қызметiн тиiстi бас мемлекеттік еңбек инспекторлары ұйымдастырады.
10. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы:
1) Қазақстан Республикасының еңбек жөніндегі орталық атқарушы органы бас мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысын ұйымдастырады;
2) Министрлiктiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысын үйлестiредi;
3) мемлекеттік еңбек инспекторлары үшiн еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі әдiстемелiк нұсқауларды әзiрлеудi ұйымдастырады;
4) қызметкерлердiң еңбек қызметiмен байланысты жазатайым оқиғаларға ұшырауын және денсаулығына келтірілген өзге де зақымдарды тексеру мен есепке алудың белгіленген тәртібінің орындалуын өз құзыреті шегінде қамтамасыз етеді;
5) республика бойынша еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнаманың сақталуының жай-күйiне мониторинг жүргiзудi, сондай-ақ өндiрiстегi жазатайым оқиғалардың себептерi мен мән-жайларына талдау жасауды ұйымдастырады;
6) еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасы сақталуының жай-күйі туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат және баяндамалар әзірлеуді ұйымдастырады;
7) қабылдау жүргізеді, азаматтардың және ұйымдардың хаттарын, арыздарын және өтініштерін қарайды;
8) өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру барысында туындаған келіспеушiлiктер, сондай-ақ еңбек туралы, еңбекті қорғау туралы заңнама мен еңбек қатынастарын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық кесімдер мәселелері бойынша қорытындылар береді;
9) Министрлiк өзiне жүктеген мiндеттерге сәйкес мемлекеттік еңбек инспекторларының қызметiн ұйымдастырудың өзге де түрлерiн қамтамасыз етедi.
11. Қазақстан Республикасының еңбек жөніндегі орталық атқарушы органының бас мемлекеттік еңбек инспекторлары:
1) заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық кесiмдердiң жобаларын, сондай-ақ еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнама мен Министрлiктiң қызметi саласына қатысты өзге де нормативтiк кесiмдердiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру жөнiнде әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлеуге қатысады;
2) азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік еңбек инспекторларының құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша хаттарын, арыздарын және өтiнiштерiн қарайды;
3) еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнаманың сақталу жай-күйi туралы ақпараттар, анықтамалар және баяндамалар әзiрлейдi;
4) республика бойынша өндiрiстік жарақаттану жай-күйiне мониторинг жүргiзедi, сондай-ақ өндiрiстегi жазатайым оқиғалардың себептерi мен мән-жайларын талдайды, оларды жою және алдын алу жөнiнде ұсыныстар енгізеді;
5) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң бұйрығымен құрылатын адам өлiмiне соқтырған топтық жазатайым оқиғаларды тексеру жөніндегі арнаулы комиссиялардың жұмысына қатысады;
6) еңбек заңнамасының мәселелерi бойынша семинарларды әзiрлеуге әрi еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға, сондай-ақ мемлекеттік еңбек инспекторларының оқуын ұйымдастыруға қатысады;
7) облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысын тексеру және оларға практикалық, әдiснамалық көмек көрсету және ұйымдардың еңбек заңнамасын сақтауы жөнiнде бiрлескен зерттеулер мен тексерулер жүргiзуге қатысу үшін жергiлiктi жерлерге шығып тұрады;
8) өздерiне жүктелген лауазымдық мiндеттемелерiне сәйкес өзге де қызметтердi жүзеге асырады.
12. Облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторлары:
1) облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады;
2) облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік еңбек инспекторларын оқыту және біліктілігін арттыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады;
3) еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнаманы бұзуға кінәлі адамдарға облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік еңбек инспекторларының ықпал ету шараларын қолдануының негiздiлiгi мәселелерiн қарайды;
4) заңнамада белгiленген жағдайларда өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды арнайы зерттеу жөніндегі комиссияның құрамын белгiлейдi;
5) жазатайым оқиғаларды тексеру барысында туындаған келiспеушiлiктер бойынша, сондай-ақ еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнама мәселелерi мен еңбек қатынастарын реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдер бойынша қорытындылар бередi;
6) өздерiне жүктелген лауазымдық мiндеттерiне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
13. Облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары:
1) ұйымдардың еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнаманы сақтауы мәнiне тексерудi жүзеге асырады;
2) азаматтар мен ұйымдардың өздерiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша хаттарын, арыздарын және өтiнiштерiн қарайды;
3) Министрлiктiң аумақтық органының бұйрығымен құрылатын өндірiстегi жазатайым оқиғаларды тексеру жөнiндегі арнаулы комиссиялардың жұмысына қатысады;
4) еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнаманың сақталу жай-күйi туралы есептер, ақпараттар, анықтамалар мен баяндамалар әзiрлейдi;
5) өздерiне жүктелген лауазымдық мiндеттерiне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
14. Мемлекеттік еңбек инспекторлары өз жұмысында Министрлiк әзiрлеген және бекiткен нұсқамалар бланкiлерiн, есеп нысандарын және жеке мөртаңбаларды пайдаланады.
15. Мемлекеттік еңбек инспекторлары өз қызмет мiндеттерiн орындамаған немесе тиiсінше орындамаған жағдайда заңнамаға сәйкес жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 20
шілдедегі № 983 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдары
ТIЗБЕСI
"Ақмола облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттік мекемесi
"Ақтөбе облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттік мекемесi
"Алматы облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттік мекемесi
"Атырау облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттік мекемесi
"Шығыс Қазақстан облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттік мекемесi
"Жамбыл облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттік мекемесi
"Батыс Қазақстан облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттік мекемесi
"Қарағанды облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттік мекемесi
"Қызылорда облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттік мекемесi
"Қостанай облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттік мекемесi
"Маңғыстау облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттік мекемесi
"Павлодар облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттік мекемесi
"Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттік мекемесi
"Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттік мекемесi
"Астана қаласы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттік мекемесi
"Алматы қаласы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттік мекемесi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 20
шілдедегі № 983 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің қарауындағы ұйымдар
ТIЗБЕСI
ҚР Үкіметінің 05.09.01 ж. № 1146; 13.08.04 ж. № 854 қаулыларымен тізбе өзгертілді
"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны
"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң Жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны
"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң Кадрлар біліктiлiгiн арттыру курсы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны
"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң Соғыс және еңбек ардагерлерiне арналған "Ардагер" республикалық пансионаты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Республикалық эксперименттік протездеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Алматы протез-ортопедия орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң Еңбектi қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Петропавл протез-ортопедия орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Семей протез-ортопедия орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында)
"Семей протез-ортопедия бұйымдары жөніндегі тәжiрибелiк-эксперименттiк кәсiпорны" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны
"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң Шаруашылық басқармасы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны