Тоқтап тұрған кәсіпорындар мен тиімділігі шамалы өндірістердің сараланған мүліктерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне шағын кәсіпкерлікті қолдау әдісі ретінде беру процесінде лизингтік және франчайзингтік қатынастарды қолдау мен дамыту, бизнес-орталық, шағын бизнес технопарк құрылымын және инкубаторларын құруды қамтамасыз ету қажет.
Тоқтап тұрған кәсіпорындар мен тиімділігі шамалы өндірістерді қайта ұйымдастыру және саралау рәсімдерін қаржыландыруды, оларды белгіленген тәртіппен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беруді республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаттары, шағын кәсіпкерлік субъектілерін өз қаражаттары, коммерциялық банктердің несиелері есебінен қамтамасыз ету қажет. Бөлінген қаражаттар мен несиелері барынша қайтарымдығын қамтамасыз ету қажет, ол үшін тоқтап тұрған және тиімділігі шамалы өндірістерді қайта ұйымдастыру процесінде сараланған мүліктерді шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беруді, бизнес-жоспарлар мен шарттарды (келісім-шарттарды) қарау нәтижесі бойынша тендерлік негізде жүргізу қажет, оларда сараланған объектілерді жеңілдікті немесе өтеусіз негізде сатып алған шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты инвестициялық және өзге де міндеттемелерін және тиісті деп қою шараларын тексеру көзделуі тиіс.
Қайта ұйымдастыру және саралау, кейiннен оларды шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне беру үшiн ұсынылатын тоқтап тұрған кәсiпорындар мен тиiмдiлiгi шамалы өндiрiстер тiзбесiн белгiлеу және қалыптастыру жөніндегі жұмыстардың алдын-ала кезеңi көп шығынды қажет етпейдi және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының, жергiлiктi өкілдi және атқарушы органдардың қызметтiк функциялары мен өкiлеттiктерiн iске асыру процесiнде жүзеге асырылады.
Сараланатын кәсiпорындардың бақылау цифрларының тiзбесi мен көлемiн анықтағаннан кейiн аймақтық және салалық басқару құрылымдары 2002 жылға және одан кейiнгi жылдарға арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаттары есебінен Бағдарламаны іске асыру үшiн қажеттi қаржыландыру көлемiн белгiлейдi.
Бағдарламаны iске асыру кезiнде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн өзқаражаттарын, коммерциялық банктер несиелерін тоқтап тұрған кәсiпорындар мен тиiмдiлiгi шамалы өндiрiстердi қайта ұйымдастыру процесiнде сараланған мүлiктердi сатып алу үшін пайдаланылады.
Қайта ұйымдастырылған кәсiпорындардың мүліктiк кешенi құрамына негізгі құрал-жабдықтар - ғимараттар, құрылыстар, жабдықтар, мүкәммал, шикізат, өнімдер және ұйымның өзге де активтері енеді. Сондықтан, сараланатын объектілер мен мүліктерді беру процесі қайта ұйымдастыру және тарату рәсiмдерінің жиынтығы болып табылады, оның процесінде жергілікті атқарушы органдар шағын кәсіпкерлік субъектілері шаруашылық қызметінің мүліктік-құқықтық негізін қамтамасыз ету үшін меншік құқығын растайтын аталған бизнес бірлікті, жабдықтарды, шикізаттар мен материалдарды беру шарттар жасауға мүмкіндік беретін барлық құжаттардың сәйкестендiрiлуiне, паспортталуына және тиісінше ресімделуіне ықпал көмек көрсетуі қажет.
Сараланған объектілер мен мүлiктердiң тиiстi техникалық жай-күйiн, жинақталуын, сатар алдындағы әзiрлiгін, инженерлiк-технологиялық және өндiрiстiк консалтингiн қамтамасыз етуi қажет.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Кәсiпорындардың салалық құрылымын және шағын кәсiпкерлiк шығаратын өнiмдердi жетiлдiру.
Өндiрiстi әртараптандыру және шағын бизнес кәсiпорындары өнiмiнiң номенклатурасын кеңейту.
Шағын бизнес саласында бәсекелестiк ортаның сапасын арттыру.
Қолөнер өндiрiсiнiң бiр бөлiгiн өнеркәсiптiк негiзге көшіру.
Халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру.
8. Бағдарламаны iске асыру жөніндегі
iс-шаралардың жоспары
ҚР Үкіметінің 05.08.02 ж. № 876 қаулысымен жоспар өзгертілді
Іс-шара | Аяқтау нысаны | Орындалуына жауаптылар | Орындалу мерзiмi |
8.1. Тоқтап тұрған кәсiпорындар мен тиiмдiлiгi шамалы өндiрiстер тiзбесiн қалыптастыру |
8.1.1 Республикалық мемлекеттік меншiктегi кәсiпорындар |
8.1.1.1. Акциялар пакеттерi республикалық меншiктегi тоқтап тұрған және залалды мемлекеттік кәсiпорындар мен акционерлік қоғамдардың мүлiктерiн тексерудi жүзеге асыру, қайта ұйымдастыру және саралау рәсiмдерi ұсынылатын кәсiпорындардың мемлекеттік меншiгiн басқарудың және өмiршеңдiгiнiң тиiмдiлiгін бағалауды жүргiзу | | Тоқсан сайын |
8.1.1.2. Акцияларының бақылау пакеттерi мемлекет меншiгіндегі тоқтап тұрған мемлекеттік кәсiпорындар мен акционерлік қоғамдардың тiзбесiн қалыптастыру және толықтыру, олардың құрамынан тиiмдiлiгi шамалы құрылымдық бөлiмшелердi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне беру үшiн бөлiп шығару жөнiнде ұсыныс жасау | Тоқсан сайын |
8.1.2 Мемлекеттік коммуналдық меншiктегi кәсiпорындар | |
8.1.2.1. Коммуналдық меншiктегi тоқтап тұрған және залалды кәсiпорындарды тексерудi, қайта ұйымдастыруға, саралауды жүргiзуге және шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне беруге ұсынылатын кәсiпорындардың коммуналдық меншігін басқарудың өмiршеңдiгiнің тиiмдiлiгін бағалау. | | Тоқсан сайын |
8.1.2.2. Кәсiпорындарды қаржылық-экономикалық сауықтыру, қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі облыстық комиссиялардың ұсынымдарына сәйкес қайта ұйымдастыру мен саралауды жүргiзу ұсынылатын тоқтап тұрған кәсiпорындар мен тиiмдiлiгi шамалы өндiрiстердiң тiзбесiн қалыптастыру | Ай сайын |
8.1.2.3. Мемлекеттік меншiктегi тоқтап тұрған кәсiпорындар мен тиiмдiлiгi шамалы өндiрiстердi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне беру көзделетiн нормативтік құқықтық кесiмдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі нормативтiк құқықтық кесiмнiң жобасын әзірлеу | 2001 ж. 3 тоқсаны |
8.1.3. Төлем жасауға қабiлетсiз және дәрменсіз кәсіпорындар |
8.1.3.1. Банкроттық рәсiмдерi арқылы саралау және шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне сатуға ұсынылатын төлем жасауға қабiлетсiз және дәрменсiз кәсiпорындардың аймақтық тізбелерiн қалыптастыру | | Ай сайын |
8.1.3.2. Банкроттық рәсiмдерi арқылы саралау және шағын кәсiпкерлiк субъектілерiне сатуға ұсынылатын кәсiпорындарды қаржылық- экономикалық сауықтыру, қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі облыстық комиссиялармен ұсынылған тiзбелердi келiсу және бекіту | Ай сайын |
8.1.3.3. Шағымдану-талап арыз беру және дәрменсiз кәсiпорындардың банкроттығына бастама жасауды тұрақты негiзде жүзеге асыру | | Уәкілетті орган | Ай сайын |
8.1.4. Орталықтандырылған несиелер бойынша республикалық бюджеттен берiлген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепiлдiгiмен мемлекеттік емес сыртқы заемдар бойынша алынған төлем жасауға қабiлетсiз заемшылардың мүлiктері жөнінде |
8.1.4.1. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне келісілген шарттармен олардың бюджеттен оқшауландырылған қаражатты өтеуi үшiн орталықтандырылған несиелер бойынша республикалық бюджеттен берiлгенi, сондай-ақ ?кімет кепілдiгiмен мемлекеттік емес сыртқы заемдар бойынша алынған пайдаланылмаған мүлiктердi саралау мүмкiндiгiн талдау | | ҚР ҚарМ, "Эксим- банк" ЖАҚ | Жарты жылда бір рет |
8.1.5. Жиынтық тiзбенi қалыптастыру | | |
8.1.5.1. Жиынтық ақпаратты, кадастрларын және өзге де ақпарат жиынтықтарын қамтитын қайта ұйымдастырылатын және сараланатын кәсiпорындардың жиынтық тiзбесiн қалыптастыру | Кәсіпорындар активтерінің тізбесі | | Тоқсан сайын |
8.2 Республикалық және коммуналдық меншіктегі тоқтап тұрған кәсiпорындар мен тиiмдiлiгі шамалы өндірістерді қайта ұйымдастыру және саралау |
8.2.1. ҚР МБА әдiстемелiк материалдары негiзiнде республикалық және коммуналдық меншiктегi тоқтап тұрған кәсiпорындар мен тиiмдiлiгi шамалы өндiрiстердi қайта ұйымдастыру мен саралаудың бизнес жоспарларын әзiрлеу | | Мүдделі шаруашы- лық субъек- тілері, әкімдер | Тоқсан сайын |
8.2.1.1. Республикалық және коммуналдық меншiктегi тоқтап тұрған және тиiмдiлiгi шамалы өндiрiстердi қайта ұйымдастыру мен саралаудың бизнес жоспарлары жөніндегi қорытындыларды әзiрлеу | Бизнес жоспарлар жөніндегі қорытынды | | Тұрақты |
8.2.2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және коммуналдық меншiктегi тоқтап тұрған кәсіпорындар мен тиімділігі шамалы өндiрiстердi қайта ұйымдастыру және саралау рәсiмдерiн немесе банкроттық рәсiмдерiн ұйымдастыруды жүргiзу | | Тоқсан сайын |
8.2.3. Аукциондық саудаластықтарда шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне конкурстық массасынан (технологиялық кешендерi мен жабдықтарынан) сараланған мүлiктердi сатуды ұйымдастырy | Уәкілетті орган | Тоқсан сайын |
8.2.4. Жаңа өндiрiстердi құру үшiн салық төлеушiнiң иелiгіндегі жабдықтарды, жылжымайтын мүлiктердi және т.б. сипаттау кезiнде мүлiкке билiк етуге шектеу қоюдың кезектiлiгiнiң өзгергенi туралы белгiленген тәртiппен ұсыныстарды енгізу | | 2001 ж. 3 тоқсаны |
8.3 Бағдарламаның орындалуын ұйымдастыру және бақылау мәселелері |
8.3.1. Қалпына келтiрiлген және сараланған өндiрiстердегi жұмыс iстеп тұрған және жаңа жұмыс орындарын пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыратын, белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне лицензия беру жөніндегі нормативтiк құқықтық базаны оңайлату | | 2001 ж. 3 тоқсаны |
8.3.2. Кәсiпкерлiк қызмет субъектілерiне БАҚ-та және тиiстi лицензиялар мен рұқсаттарды ресiмдеу және беру бөлiгiнде бақылау-рұқсат беру функцияларына ие мемлекеттік органдардың толық тiзбелерiн ұдайы жариялауды қамтамасыз ету | БАҚ-қа ақпарат | | Тоқсан сайын |
8.3.3. Iрi базалық кәсiпорындардың оқшауланған өндiрiстiк бөлiмшелерi мен пайдаланылмайтын жабдықтарды және беру жөніндегі шарттардың шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiмен жасалуын және негiзгi қызметi шеңберiнде өзара iс-қимыл, ынтымақтастық және өндiрiстiк кооперация жасауды ұйымдастыруға бастамашылық ету және ынталандыру | | ҚР ОАО, әкімдер | Тоқсан сайын |
8.3.4. Тоқтап тұрған және залалды кәсiпорындарды саралау процесіне қаржылық-несиелiк әрi инвестициялық қолдауды қамтамасыз ету және оларды республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаттары, сондай-ақ басқа да қаржыландыру көздерi (мақсатты заемдар, гранттар және т.б.) есебiнен шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне белгiленген тәртiппен беру | | Тоқсан сайын |
8.4 Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерінің сараланған мүліктерді тиімді пайдалануын қамтамасыз ету |
8.4.1. Алып тасталды |
8.4.2 Өнеркәсiп орындарының сараланған мүлiктерi базасында өз бизнесiн ұйымдастыратын кәсiпкерлердi шағын және орта бизнес саласында даярлау және қайта даярлау бағдарламасын енгізудi жүзеге асыру | Курстар | | Тұрақты, 2001 ж. 3 тоқсанынан бастап |
8.5 Бағдарламаны ұйымдастыру және іске асыру мәселелері жөніндегі бұқаралық түсіндіру жұмыстарын жүргiзу |
8.5.1. Шағын кәсiпкерлiк субъектілерiн бағдарламаның iске асырылуы және бизнес инфрақұрылымын құру үшін объектiлердiң, технологиялық кешендердiң, жабдықтардың және т.б. болуы туралы ұдайы ақпарат берудi қамтамасыз ету | | Тұрақты |
8.5.2. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң басым салалардағы инвестициялық мүмкiндiктер, шағын бизнес жұмыстары, тауарлары мен көрсетiлетін қызметтерiнiң конъюнктурасы туралы хабардар болуын қамтамасыз ету | Тұрақты |
8.6 Бағдарламаны iске асыру жөнінде есеп беру | Жарты жылда бір рет |
Қысқартулар тiзбесi:
ҚР ҚарМ ММЖК - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті;
ҚР МБА - Қазақстан Республикасының Табиғи монополияны реттеу,
бәсекелестікті қорғау және шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі
агенттігі;
ҚР МКМ - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі;
ҚР ӘдМ - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;
ҚР ҚарМ - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
ҚР МАКМ - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келісім министрлігі;
ҚР СІМ - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;
ҚР ОАО - қарамағында республикалық және/немесе коммуналдық
меншіктегі акцияларының мемлекеттік пакеттері бар акционерлік қоғамдар
және шаруашылық серіктестерінің үлесі бар Қазақстан Республикасының
орталық атқарушы органдары;
облыстық комиссиялар - облыстар әкiмдерінің шешімімен құрылған
кәсіпорындарды қаржылық-экономикалық сауықтыру, қайта ұйымдастыру және
тарату жөніндегі облыстық комиссиялар.
Ескерту: * - уәкiлеттi орган - банкроттық рәсiмдерi мен соттан тыс
тарату рәсiмдерiнде бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндеттi
төлемдер бойынша несие берушiлер мүдделерін бiлдіруге уәкілетті,
сондай-ақ соттан тыс тарату рәсiмiне бастама жасайтын, Үкiмет белгiлейтiн
орган.
Бағдарлама мәтінінде "кәсiпорын" атауы былайша қолданылады және
ұғынылады:
Кәсiпорын құқық объектiсi ретінде - кәсiпкерлiк қызметте
пайдаланылатын мүлiк кешені. Кәсiпорын тұтастай алғанда мүлiк кешені
ретінде жылжымайтын мүлiк болып танылады.
Кәсiпорын құқық субъектісі ретiнде - кәсіпкерлiк қызметiнiң негiзгi
мақсаты - тауарлар (өнiмдер, жұмыстар мен қызмет көрсетулер) өндiру болып
табылатын заңды тұлға, коммерциялық ұйым.