"Алатау" қонақ үйi" жабық акционерлік қоғамын құру туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 10 шілде
№ 935
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Президентi Iс Басқармасының, "Қазхром" ұлтаралық компаниясы" ашық акционерлік қоғамы және "Еnrichment" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң Түрiк Республикасының Кемер қаласындағы Бельдиби ауданында орналасқан қонақ үй құрылысына енгiзген салымдарына барабар Қоғамның жарғылық капиталына үлестiк қатысуымен "Алатау" қонақ үйi" жабық акционерлік қоғамын (бұдан әрi - Қоғам) бiрлесiп құру туралы ұсынысына келісім берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi "Қазхром" ұлтаралық компаниясы" ашық акционерлік қоғамы (келісім бойынша) және "Еnrichment" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiмен (келісім бойынша) бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) құрылтай шартын жасасын;
2) Қоғамның Жарғысын бекіту кезiнде оның қызметiнiң негiзгi мәнi қонақ үй бизнесіндегі шаруашылық қызметiн жүзеге асыру, қонақ үйде тұратын адамдардың емделуi мен демалысын ұйымдастыру болып анықталсын;
3) Қоғамның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
4) жоғарыда аталған қонақ үйдiң мүлкiн бағалауды жүргiзсiн және осы қаулының 1-тармағына сәйкес Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастырсын;
5) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Президентi Іс Басқармасының оған Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иемдену және пайдалану құқығын беру туралы ұсынысына келісім берiлсiн.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасының Президентi Iс Басқармасының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 29 қарашадағы № 1455 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға 2-қосымша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Алатау" қонақ үйі" ЖАҚ;
2) "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi коммуналдық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Астана қаласы" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-14-жолмен толықтырылсын:
"21-14. "Алатау" қонақ үйi" ЖАҚ;
3) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасы Президентінің Iс Басқармасы" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 238-1-жолмен толықтырылсын:
"238-1. "Алатау" қонақ үйi" ЖАҚ.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі