екiншi бөлiктегi "немесе апелляциялық" және ", кассациялық" деген сөздер алып тасталсын;
үшiншi бөлiктегi "және кассациялық", "немесе кассациялық" деген сөздер алып тасталсын;
төртiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Бiрiншi саты бойынша iстердi қарау кезiнде аудандық немесе облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың қаулыларына жеке шағымдар, наразылықтар апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалып отырған қаулы шығарылған күннен бастап он күн iшiнде беріледi. Жеке шағым немесе наразылық қаулы шығару кезiнде қаралу нысанасы болған барлық құжаттарды қосып, қаулы шығарған сот арқылы берiледi. Жеке шағым, наразылық осы Кодекстiң 41-тарауында белгiленген ережелер бойынша апелляциялық тәртiппен қаралады.";
бесiншi бөлiктегi ", кассациялық" деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы алтыншы бөлiкпен толықтырылсын:
"6. Жеке шағымды, наразылықты қарау нәтижелерi бойынша:
1) қаулыны - өзгерiссiз, ал шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру туралы;
2) қаулының күшiн толық немесе бiр бөлiгiнде жою және мәселенi бiрiншi апелляциялық сатыдағы сотқа жаңадан қарауға беру туралы;
3) қаулының күшiн толық немесе бiр бөлiгiнде жою және мәселенi мәнi бойынша шешу туралы қаулы шығарылады.";
62) 345-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"345-бап. Iстi апелляциялық тәртiппен қараудың шектерi
1. Iстi апелляциялық тәртiппен қарау кезiнде сот бiрiншi сатыдағы сот шешiмiнiң заңдылығы мен негiздiлiгiн толық көлемiнде тексередi.
2. Апелляциялық сатыдағы сот мәлiмделген талап қою шегiнде жаңа фактiлердi анықтап, тараптың дәлелдi себептер бойынша бiрiншi сатыдағы сотқа беруге нақты мүмкiндiгi болмаған жаңа дәлелдемелердi зерттей алады.";
63) 346-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"346-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың жеке ұйғарымы
Апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстiң 253-бабында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша жеке ұйғарым шығара алады.";
64) 348-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"348-бап. Iстi апелляциялық сатыдағы соттың қарауына әзiрлеу
Апелляциялық сатыдағы судья апелляциялық шағым немесе наразылық келтiрiлген iстi алғаннан кейiн бiрiншi сатыдағы соттың осы Кодекстiң 338-бабының талаптарын орындауын тексередi, iстiң материалдарын, апелляциялық шағымның, наразылықтың дәлелдерiн және оларға қоса берiлген материалдарды зерделейдi; iстi белгiленген мерзiмде қарау мүмкiн болмаған жағдайда iске қатысушы адамдарға iстi қараудың жаңа мерзiмi туралы хабарлайды.";
65) 349-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"349-бап. Iстi қарау мерзiмдерi
Iс апелляциялық сатыда ол бiрiншi сатыдағы соттан келiп түскен күннен бастап бiр айлық мерзiмнен кешiктiрiлмей қаралуға тиiс.";
66) 350-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"350-бап. Апелляциялық сатыдағы сотта iс жүргiзу
1. Апелляциялық сатыдағы сотта iс жүргiзу осы Кодекстiң 41-тарауында көзделген ережелер бойынша жүзеге асырылады.
2. Апелляциялық сатыдағы соттың отырысына iс бойынша қорытынды беретiн прокурор мiндеттi түрде қатысады.";
67) 351-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"351-бап. Iстi талқылаудың басталуы
1. Төрағалық етушi апелляциялық сатыдағы соттың сот отырысын ашып, қандай iс, кiмнiң шағымы немесе наразылығы бойынша және қай соттың шешiмi қаралып отырғанын, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы соттың құрамын және егер iстiң қаралуына қатысып отырса, прокурорды, сарапшыларды, мамандарды, аудармашыларды хабарлайды.
Төрағалық етушi iске қатысушы адамдардың қайсысы келгенiн анықтайды, келген адамдардың кiмдер екенiн айқындайды, өкiлдердiң өкілеттігін тексереді және олардың судьяларға, прокурорға, аудармашыға, сарапшыға, маманға қарсылығының бар-жоғын, өтiнiштердiң бар-жоғын анықтайды. Егер қарсылықтар мәлiмделсе, олар осы Кодекстiң 42-бабында белгіленген тәртiппен шешiледi.
2. Iстi мәнi бойынша қарау судьяның шағым жасалған шешiмнiң мән-жайы, апелляциялық шағымның, наразылықтың дәлелдерi және iс материалдары туралы баяндамасымен басталады.";
68) 352-бап мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"3. Iстi талқылау кейiнге қалдырылған жағдайда апелляциялық сатыдағы сот iске қатысушы адамдарға соттың қайта өткiзiлетiн отырысында iстiң қаралу уақыты мен орны жайында тиiсiнше хабарлайды. Бұл жағдайда iстi талқылау басынан бастап жүргiзiледi.";
69) 355-баптың екiншi бөлiгіндегі "дәлелдемелердi тексередi" деген сөздердiң алдынан ", дәлелдi себептермен олар бiрiншi сатыдағы соттың қарауына табыс ете алмаған," деген сөздер қосылып, осы сөйлемнен кейiн мынадай сөйлеммен толықтырылсын: "Сотқа қосымша дәлелдемелер табыс еткен тұлғалар олардың қандай жолмен алынғанын және қосымша дәлелдемелер табыс ету қажеттiгi қандай мән-жайларға байланысты туындағанын көрсетуге мiндеттi.";
70) 356-бапта:
бiрiншi бөлiгіндегі "судья" деген сөз "төрағалық етушi" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi бөлiгi "Сот жарыссөзi" деген сөздерден кейiн "және прокурордың қорытынды сөзiн тыңдау" деген сөздермен толықтырылсын";
71) 357-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"357-бап. Апелляциялық қаулы шығару
1. Апелляциялық қаулы кеңесу бөлмесiнде шығарылып, оған судьялардың барлық құрамы қол қояды және судьялар кеңесу бөлмесiнен қайтып келген соң, отырыс залында жарияланады.
2. Сот осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң талаптарын сақтай отырып, қаулының қарарлық бөлiгiн шығара алады. Бұл жағдайда қаулының толық мәтiнi iстi қараған күннен бастап бес күндiк мерзiмде жазылып, оған барлық судьялар қол қояды.";
72) 358-баптың 4) тармақшасындағы "көзделген" деген сөзден кейiн "материалдық немесе" деген сөздермен толықтырылсын, "366" деген циФр "364" деген цифрмен ауыстырылсын;
73) 359-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"359-бап. Апелляциялық сатыдағы сот актілері
Апелляциялық саты iстi қарау нәтижелерi бойынша сот актiсiн қаулы түрінде шығарады.";
74) 360-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"360-бап. Апелляциялық қаулының мазмұны
1. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысында:
1) қаулының шығарылған уақыты мен орыны;
2) соттың атауы, сот құрамы;
3) апелляциялық шағым немесе наразылық берген адам;
4) шешiмнiң, апелляциялық шағымның немесе наразылықтың, iстi апелляциялық сатыда қарау кезiнде оған қатысушы адамдар табыс еткен дәлелдемелердiң, түсiнiктемелердiң қысқаша мазмұны;
5) сотты өз қорытындысын жасауға әкелген себептер және сот басшылыққа алған заңдарға сiлтеме;
6) сот қаулысы көрсетiлуге тиiс.
2. Апелляциялық шағым немесе наразылық қанағаттандырылмай қалдырылған жағдайда сот сол бойынша шағым немесе наразылық дәлелдерi дұрыс емес немесе шешiмнiң күшiн жоюға негiз болып табылмайды деп танудың себептерiн көрсетуге мiндеттi.
3. Шешiмнiң толық немесе бiр бөлiгіндегі күшiн жойған және iстi жаңадан қарауға берген жағдайда сот iстiң қандай мән-жайларын анықтау қажеттiгiн, қандай дәлелдемелердi зерттеу керектiгiн көрсетуге, бiрiншi сатыдағы сот жасауға тиiстi басқа да iс-әрекеттердi көрсетуге мiндеттi.
4. Бiрiншi сатыдағы соттың шешiмiнiң күшiн жойған және жаңа шешiм шығарған кезде апелляциялық сатыдағы соттың қаулысында сол бойынша бiрiншi сатыдағы соттың шешiмiнiң күшi жойылған негiздер, апелляциялық сатыдағы соттың қорытындылары және оның шешiмi көрсетiлуге тиiс.
5. Осы Кодекстiң 230-232-баптарында көзделген жағдайларда және тәртiпте апелляциялық сатыдағы сот кеткен қате жазбалар және анық арифметикалық қателердi түзету туралы мәселенi қарауға, қосымша қаулы шығаруға немесе оның мәнiн өзгертпей шығарылған қаулыны түсiндiруге құқылы. Апелляциялық сатыдағы соттың аталған мәселелер жөніндегі қаулысы шығарылған күнiнен бастап күшiне енедi.";
75) 361-бап алып тасталсын;
76) 368-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"368-бап. Апелляциялық сатыдағы сот қаулыларының заңды күшiне енуi
Апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары қабылданған күннен бастап заңды күшiне енедi.";
77) 42-тарау алып тасталсын;
78) 384-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"384-бап. Сот қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қарау
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қадағалау алқасының қаулыларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы барлық соттарының заңды күшiне енген актілері, осы тарауда көзделген негiздер болған сот қадағалауы тәртібімен қайта қаралуы мүмкiн.
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қадағалау алқасының қаулыларын қайта қарауға және iстi Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қадағалау алқасында қайталап қарауға ерекше жағдайларда, осы алқа қабылдаған қаулы адамдардың өмiрiне, денсаулығына не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауiпсiздiгiне орны толмас ауыр зардаптар әкелетiндiгi туралы деректердiң анықталуына байланысты енгiзiлген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынымы немесе Қазақстан Республикасы Бас прокурорының наразылығы бойынша жол берiледi.";
79) 385-бапта:
бiрiншi және екiншi бөлiктер мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Соттың заңды күшiне енген шешiмдерiне, ұйғарымдарына, қаулыларына және сот бұйрықтарына тараптар және апелляциялық шағымдар беруге құқығы бар iске басқа да қатысушылар iстi қадағалау тәртібімен қайта қарауға өкiлеттi сотқа тiкелей шағымдана алады.
2. Заңды күшiне енген сот актiсiне:
1) Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры - облыстық және оған теңестiрiлген соттың қадағалау алқасына, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық iстер жөніндегі алқасы мен қадағалау алқасына;
2) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарлары - облыстық және оған теңестiрiлген соттың қадағалау алқасына және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық iстер жөніндегі алқасына;
3) облыстардың прокурорлары мен соларға теңестiрiлген прокурорлар - облыстық және оларға теңестiрiлген соттың қадағалау алқасына наразылық келтiруге құқылы.";
мынадай мазмұндағы 4-1-бөлiкпен толықтырылсын:
"4-1. Осы Кодексте көрсетiлген негiздер болғанда, процеске қатысушылардың шағымдары бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты алқасының төрағасы, облыстық және оған теңестiрiлген соттардың қадағалау алқасының судьялары тиiстi сот сатысына шағым жасалған сот қаулысын қайта қарау туралы ұсыным енгiзедi.";
80) 386-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"386-бап. Iстi қадағалау тәртібімен қарайтын соттар
1. Облыстық және оған теңестiрiлген соттың қадағалау алқасы:
1) аудандық және оларға теңестiрiлген соттардың заңды күшiне енген шешiмiне, қаулысына, ұйғарымына;
2) облыстық және оған теңестiрiлген соттың азаматтық iстер жөніндегі алқасының апелляциялық қаулыларына қадағалау наразылықтары, ұсынымдары бойынша iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық iстер жөніндегі алқасы:
1) облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың қадағалау алқасының апелляциялық тәртiппен қаралмаған, iстердi бiрiншi саты бойынша қарау кезiнде шығарылған шешiмдерiне, қаулыларына, ұйғарымдарына;
2) облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың қадағалау алқасының қаулыларына қадағалау наразылықтары және ұсынымдары бойынша iстердi қарайды.
3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасы:
1) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық iстер жөніндегі алқасының iстi бiрiншi сатыда қарау кезiнде шығарған шешiмдерiне, қаулыларына, ұйғарымдарына;
2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық iстер жөніндегі алқасының iстердi апелляциялық және қадағалау тәртібімен қарау кезiнде шығарған қаулыларына;
3) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қадағалау алқасының осы Кодекстiң 384-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген негiздер бойынша қаулыларына қадағалау наразылықтары мен ұсынымдары бойынша iстердi қарайды.";
81) 388-баптың бiрiншi бөлiгіндегі "үш жыл" деген сөздер "бiр жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
82) 389-баптың екiншi бөлiгіндегі "көшiрмелерi" деген сөз "көшiрмелерiн" деген сөзбен ауыстырылсын, "адамдарға" деген сөзден кейiн "наразылық келтiрген прокурор жiбередi" деген сөздермен толықтырылсын, "жiберіледi" деген сөз алып тасталсын;
83) 390-баптың 3) тармақшасындағы "қаулылары" деген сөз "актілері" деген сөзбен ауыстырылсын:
84) 391-бапта:
бiрiншi бөліктің 4) тармақшасындағы ", кассациялық" деген сөз алып тасталсын;
екiншi бөлiктегi "кассациялық" деген сөз "апелляциялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
85) 393-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"393-бап. Қадағалау шағымдарын сотта алдын ала қарау
1. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттарда қадағалау шағымын алдын ала қарауды осы сот төрағасының тапсырмасы бойынша қадағалау алқасының судьясы ол келiп түскен күннен бастап 15 тәулiк iшiнде жеке-дара жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қадағалау шағымдарын алдын ала қарау осы сот Төрағасының тапсырмасы бойынша ол келiп түскен күннен бастап 15 тәулiк iшiнде тиiстi алқаларда жүзеге асырылады.
3. Егер қадағалау шағымының және оған қоса тiркелген құжаттардың мазмұны шағым берiлiп отырған сот қаулыларының заңдылығына күдiк тудыратын болса, қадағалау шағымдарын алдын ала қарауды жүзеге асыруға құқылы адамдар iстi талап етiп алдыруға құқылы. Бұл жағдайда қадағалау шағымын бiр ай iшiнде алдын ала қарау мерзiмдерi талап етiлген iстiң қадағалау сатысына түскен күнiнен бастап есептеледi.
4. Қадағалау шағымының осы баптың екiншi және үшiншi бөлiктерiмен белгiленген алдын ала қарау мерзiмдерiн, дәлелдi себептер болған жағдайда, тиiстi соттың төрағасы не тиiстi сот алқасының төрағасы 1 айдан аспайтын мерзiмге ұзарта алады;
86) 394-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"394-бап. Шағымды алдын ала қарау бойынша қабылданатын шешiмдер
1. Қадағалау шағымын алдын ала қараудың нәтижелерi бойынша мына шешiмдердiң бiрi қабылданады:
1) шағым жасалған сот актілерін қадағалау тәртібімен қайта қарау туралы;
2) шағым жасалған сот актілерін қайта қараудан бас тарту туралы.";
2. Шағым жасалған сот актiсiн қайта қарау туралы ұсынымды:
1) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы - облыстық және оған теңестiрiлген соттың қадағалау алқасына, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының алқасына;
2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты алқасының төрағасы - облыстық және оған теңестiрiлген соттың қадағалау алқасына, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық iстер жөніндегі алқасына;
3) облыстық және оған теңестiрiлген соттың қадағалау алқасының судьялары - осы соттың қадағалау алқасына енгiзедi.";
87) 395-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"395-бап. Қадағалау шағымын алдын ала қараудың iс жүргiзу салдары
1. Жоғарғы Соттың Төрағасы, Жоғарғы Сот алқасының төрағасы, облыстық және оған теңестiрiлген соттың төрағасы заңды күшiне енген шешiмдi, қаулыны, ұйғарымды қайта қарау туралы ұсынымды қарау үшiн iспен, шағыммен және оған қоса тiркелген материалдармен бiрге тиiстi қадағалау сатысына жiбередi.
2. Заңды күшiне енген сот актiсiн қайта қарау туралы ұсыным құзыретiне осы iстi қарау кiретiн қадағалау сатысының соты үшiн мiндеттi.
3. Қадағалау сатысындағы iс ол келiп түскен күннен бастап бiр ай iшiнде қаралуға тиiс. Дәлелдi себептер болған кезде iстi қарау мерзiмi iс жүргiзуiнде жатқан қадағалау сатысының негiздi қаулысымен ұзартылуы мүмкiн. Өздерiне қатысты шағым берiлiп отырған сот шешiмi шыққан тараптар мен өзге тұлғаларға қадағалау тәртібімен iстi қарау уақыты және орны туралы хабарлама, сондай-ақ қадағалау шағымының, ұсынымның, наразылықтың көшiрмесi жiберiледi.
4. Шағым берiлiп отырған сот қаулыларын қайта қарау үшiн негiздемелер болмаған кезде қадағалау шағымының авторына жазбаша хабар жiберiледi.
5. Осы Кодекстiң 385-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдар осы қадағалау сатысына қайталама қадағалау шағымдарын беруi мүмкiн, оларда осы тұлғалардың бастапқы шағымын қарау кезiнде талқыланбаған жаңа дәлелдер келтiрiлген жағдайларда, бұлар алдын ала қарау рәсiмiне әкеп соғады. Қайталама қадағалау шағымы тек қана жаңа дәлелдер шегiнде қаралады. Осы Кодекстiң 385-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдар шағым берiлiп отырған сот қаулыларын қайта қарауға негiздер жоқ екендiгi туралы шешiммен келiспеген кезде, жоғары тұрған қадағалау сатысына осындай шағым беруге құқылы.";
88) 396-баптағы "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының қаулысынан басқа" деген сөздер алып тасталсын, "олар" деген сөз "ол" деген сөзбен ауыстырылсын;
89) 397-бапта:
бiрiншi бөлiктегi ", кассациялық" деген сөз алып тасталсын;
екiншi бөлiктегi ", кассациялық" деген сөз алып тасталсын;
90) 398-бапта:
бiрiншi бөлiк мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Iстi қарау кезiнде қадағалау сатысының сотына прокурордың қатысуы мiндеттi.";
үшiншi бөлiк мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Сотқа қатысушы адамдар сөз сөйлегеннен кейiн прокурор iс бойынша қорытынды бередi.";
төртiншi бөлiкте:
1) тармақшадағы ", кассациялық" деген сөз алып тасталсын;
2) тармақшадағы "немесе кассациялық" деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақшадағы "және кассациялық" деген сөздер алып тасталсын;
5) тармақшадағы ", кассациялық" деген сөз алып тасталсын;
91) 399-бапта:
бiрiншi бөлiгi "1." деген цифрмен белгiленсiн, "кассациялық" деген сөз "апелляциялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
үшiншi сөйлем алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"2. Қадағалау сатысындағы сот осы Кодекстiң 230-232-баптарында көзделген жағдайларда және тәртiппен қате жазылған жазбалар мен анық арифметикалық қателердi түзету туралы мәселенi қарауға, қосымша қаулы шығаруға немесе бұдан бұрын қадағалау сатысы шығарған қаулыны түсіндiруге құқылы.";
92) 403-баптың екiншi бөлiгіндегі "кассациялық" деген сөз "апелляциялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
93) 405-баптың екiншi бөлiгіндегі "кассациялық" деген сөз алып тасталсын;
94) 416-баптың екiншi бөлiгiнiң бiрiншi абзацындағы "қарауға құқылы" деген сөздер "қарайды" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж, № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат):
1) 7-баптың төртiншi тармағы алып тасталсын;
2) 23-баптың оныншы бөлiгіндегі ", кассациялық" деген сөз алып тасталсын;
3) 43-баптың төртiншi бөлiгіндегі ", кассациялық немесе" деген сөздер алып тасталсын;
4) 58-бапта:
үшiншi бөлiк алып тасталсын;
төртiншi бөлiктегi "кассациялық" деген сөз "апелляциялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 82-баптың үшiншi бөлiгіндегі "өтiнiш бiлдiруге және" деген сөздер алып тасталсын, ал "соттың iс-әрекетiне шағым жасауға" деген сөздерден кейiн ", өз құқықтары мен заңды мүдделерiне қатысты өтiнiшiн мәлiмдеуге" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 90-баптың оныншы бөлiгіндегі ", кассациялық" деген сөз алып тасталсын;
7) 112-баптағы "және апелляциялық" деген сөздер алып тасталсын;
8) 186-баптың екiншi бөлiгіндегі "кiмге қатысты" деген сөздерден кейiн "немесе қандай факт бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
9) 223-баптың бесiншi бөлiгіндегі "iспен бiрге жөнелтiледi" деген сөздер "белгiленген тәртiпке сәйкес бiрге жөнелтiледi" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 237-бапта:
бiрiншi бөлiктегi "сөйлескен сөздерiн, оның iшiнде" деген сөздер "бейне және дыбыс жазу техникаларын немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалану арқылы әңгiмелесулерiн жасырын тыңдау мен жазу, сондай-ақ" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiктегi "олардың келісімiмен," деген сөздерден кейiн "бейне және дыбыс жазу техникаларын немесе басқа да арнаулы техникалық құралдарды пайдалану арқылы әңгiмелесулерiнiң жасырын тыңдалуы және жазылуы, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
үшiншi, төртiншi, бесiнші, алтыншы, жетiншi бөлiктердегi "сөйлескен сөздердi", "сөйлескен сөздi" деген сөздерден кейiн ", әңгiмелесулердi", "әңгiмелесудi" деген сөздермен толықтырылсын;
11) 291-бапта:
бiрiншi бөлiктегi "кассациялық және" деген сөздер алып тасталсын;
екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктер мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жасалғаны үшiн қылмыстық заңмен өлiм жазасы көзделген қылмыстар туралы қылмыстық iстер (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң 96-бабы (екiншi бөлiгi), 156-бабы, 159-бабы (екiншi бөлiгi), 160-бабы, 162-бабы (төртiншi бөлiгi), 165, 167, 171, 340-баптары, 367-бабы (үшiншi бөлiгi), 368-бабы (үшiншi бөлiгi), 369-бабы (үшiншi бөлiгi), 373-бабы (үшiншi бөлiгi), 374-бабы (үшiншi бөлiгi), 375-бабы (үшiншi бөлiгi), 380-бабы (үшiншi бөлiгi), 383-бабы), сондай-ақ Жоғарыда аталған әрекеттерді есі кіресілі-шығасылы күйінде жасаған не оларды жасағаннан кейiн жүйке ауруымен ауырған адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы iстер бiрiншi саты бойынша облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың соттауына жатқызылады.
3. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың қылмыстық iстер жөніндегі алқасы аудандық және оларға теңестiрiлген соттардың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларына апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша iстердi апелляциялық тәртiппен қарайды.
4. Облыстық және оған теңестiрiлген соттың қадағалау алқасы аудандық және оларға теңестiрiлген соттардың заңды күшiне енген үкiмдерiне, қаулыларына, сондай-ақ нақ сол соттың қылмыстық iстер жөніндегі алқасының апелляциялық қаулыларына қадағалау наразылықтары, ұсынымдары бойынша iстердi қарайды.".
12) 292-бапта:
бiрiншi бөлiктегi "кассациялық" деген сөз "апелляциялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
үшiншi, төртiншi бөлiктер мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық iстер жөніндегі алқасы облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың iстердi бiрiншi саты бойынша қарау кезiнде шығарған, заңды күшiне енбеген үкiмдерiне, қаулыларына апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша iстердi апелляциялық тәртiппен қарайды.
4. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық iстер жөніндегі алқасы:
1) облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың iстердi бiрiншi саты бойынша қарау кезiнде шығарған, апелляциялық тәртiппен қаралмаған үкiмдерi мен қаулыларына;
2) облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың қадағалау алқасының қаулыларына қадағалау наразылықтары, ұсынымдары бойынша iстердi қадағалау тәртібімен қарайды.";
мынадай мазмұндағы 4-1-бөлiкпен толықтырылсын:
"4-1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасы:
1) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты алқасының iстердi бiрiншi саты бойынша қарау кезiнде шығарған үкiмдерiне, қаулыларына;
2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық iстер жөніндегі алқасының iстердi апелляциялық және қадағалау тәртібімен қарау кезiнде шығарған қаулыларына;
3) Осы Кодекстiң 458-бабының үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген негiздер бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасының қаулысына қадағалау наразылықтары мен ұсыныстары бойынша iстердi қарайды.";
бесiншi, алтыншы бөлiктер алып тасталсын;
13) 300-баптың 4) тармағы алып тасталсын;
14) 301-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"301-бап. Алдын ала тыңдауды өткізу
1. Судья осы Кодекстiң 299-бабы екiншi бөлiгiнiң 2) - 6) тармақтарында көрсетiлген шешiмдердi қабылдау үшiн, сондай-ақ тараптардың өтiнiштерiн қарау және сот талқылауын қысқартылған тәртiппен өткізу туралы мәселенi шешу үшiн тараптардың қатысуымен iстi алдын ала тыңдауды өткiзедi.
2. Iстi алдын ала тыңдауды судья соттың жабық отырысында жеке-дара өткiзедi. Iстi алдын ала тыңдау өткiзiлетiн уақыт пен орын тараптарға хабарланады. Iстi алдын ала тыңдау барысында хаттама жүргізіледi.
3. Сот отырысына сотталушының, оның қорғаушысы мен мемлекеттік айыптаушының қатысуы мiндеттi. Алдын ала тыңдау сотталушы бұл жөнiнде өтiнген кезде оның қатысуынсыз жүргiзiледi. Қорғаушы дәлелдi себептерсiз келмей қалған жағдайда, сондай-ақ оның алдын ала тыңдауға қатысуға мүмкiндiгi болмаған кезде, судья сот отырысына жаңадан тағайындалған қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге шаралар қолданады. Сот отырысына жәбiрленушi мен оның өкiлiнiң, азаматтық талапкердiң, азаматтық жауапкердiң немесе олардың өкілдерiнiң келмеуi iстi алдын ала тыңдауға кедергi болмайды.