Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне "Астана - жаңа
қала" арнайы экономикалық аймағы мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының
2001 ж. 5 шілдедегі № 223-II Заңы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 6, 43-құжат; № 12, 88-құжат; № 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180, 181-құжаттар; № 11-12, 257-құжат; № 15, 281-құжат; № 23-24, 416-құжат; 1997 ж., № 4, 51-құжат; № 7, 82-құжат; № 10, 112-құжат; № 11, 144-құжат; № 12, 184, 188-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; № 20, 263-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 4, 45-құжат; № 14, 197, 201, 202-құжаттар; № 23, 425-құжат; № 24, 436, 442, 445-құжаттар; 1999 ж, № 6, 192, 193-құжаттар; № 20, 731-құжат; № 21, 786-құжат; № 23, 928-құжат; № 24, 1067-құжат; 2000 ж, № 3-4, 65, 66-құжаттар; № 10, 234-құжат; 2001 ж., № 3, 16-құжат; 2001 жылғы 5 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 3 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2001 жылғы 15 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 13 маусымда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілерiне білім беру мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
57-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 28) тармақшамен толықтырылсын:
"28) жобалау-смета құжаттамасына сәйкес инфрақұрылым объектiлерiн, әкiмшiлiк және тұрғын үй кешендерiн салу және iске қосу процесiнде толығымен тұтынылатын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы аумағында сату жөніндегі айналымдар. Егер салық төлеуші осы тармақшада аталған айналымдармен қатар сату бойынша басқа да айналымдарды жүзеге асыратын болса, ол осы тармақшада аталған айналымдар бойынша және басқа да айналымдар бойынша бөлек есеп жүргізуге міндетті.
Осы тармақшада көзделген жеңiлдiктер "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағындағы салық органында салық төлеушілер ретінде тіркелген мына тұлғаларға:
заңды тұлғаларға;
кәсiпкерлiк қызметтi заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын жеке тұлғаларға;
тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асыратын резидент еместерге қолданылады.
"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағындағы салық органына берілген, салық төлеушінің қосылған құн салығынан босатылудан бас тартуын растайтын мәлімдеме негізінде салық төлеушілер осы тармақшада көзделген жеңілдікті қолданбауға хақылы.
Осы тармақшада аталған салық төлеушілер 2002 жылғы 15 наурыздан кешіктірмей "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағындағы салық органына:
2002 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өз шегінде "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы құрылатын аумақта тұрған және құрылыс процесінде пайдаланылмаған тауар-материалдық қорлардың қалдықтары бойынша;
2002 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өз шегінде "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы құрылатын аумақта салынып жатқан әрбір объект бойынша тауар-материалдық қорлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын қоса алғанда, аяқталмаған құрылыстың құны бойынша мәліметтер беруге міндетті.
Осы тармақшада аталған мәліметтер Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісе отырып Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі белгілеген тәртіп пен нысанда табыс етіледі.";
58-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Осы Заңның 60-1-бабының 2-тармағында көрсетiлген құжаттар "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы аумағына еркiн кеден аймағы режимiнде тауарлар экспортын растау болып табылады.";
мынадай мазмұндағы 60-1-баппен толықтырылсын:
"60-1-бап. "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы аумағына сатылатын тауарларға салық салу
1. Жобалау-смета құжаттамасына сәйкес инфрақұрылым объектiлерiн, әкiмшiлiк және тұрғын үй кешендерiн салу және iске қосу процесiнде толығымен тұтынылатын тауарлар мен жабдықтарды "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы аумағына сатуға нөлдiк ставка бойынша қосылған құн салығы салынады.
Осы Заңның мақсаттары үшiн үйлердi, ғимараттарды, инфрақұрылым объектiлерiн тұрғызу процесiне тiкелей тартылған тауарлар құрылыс процесiнде толығымен тұтынылатын тауарлар деп ұғынылады. Электр энергиясы, бензин, дизель отыны мен су құрылыс процесiнде толығымен тұтынылатын тауарларға жатпайды.
1-1. Осы баптың 1-тармағында аталған айналымдар бойынша есепті кезең ішінде есептелген салықтың сомасына есепке жатқызылған салық сомасының артығы салық төлеушіге оның өтініші бойынша белгіленген мерзімдерде "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағындағы салық органынан растау алынғаннан кейін әкелінген тауарлар мен жабдықтардың құрылыс процесінде іс жүзінде тұтынылған бөлігінде қайтарылады. Аймақтың аумағында құрылған атқарушы органның "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағындағы салық органының сұрау салуы бойынша беретін, әкелінген тауарлар мен жабдықтардың құрылыс процесінде пайдаланылғаны туралы құжат растау үшін негіз болып табылады.
2. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығы бойынша нөлдiк ставканы қолдану үшiн:
1) арнайы экономикалық аймақ аумағында инфрақұрылым объектiлерiн, әкiмшiлiк және тұрғын үй кешендерiн салуды жүзеге асыратын, осы Заңның 57-бабы 1-тармағының 28) тармақшасында көрсетiлген тұлғалармен тауарлар беруге жасалған шарт (келісім-шарт);
2) еркiн кеден аймағының кеден режимiнде тауарларды шығаруды жүзеге асырған кеден органы ресімдеген кедендік жүк декларациясының көшiрмесi;
3) осы Заңның 57-бабы 1-тармағының 28) тармақшасында көрсетiлген тұлғаларға тауарлардың тиеп жөнелтiлгенiн растайтын тауарға iлеспе құжаттар;
4) осы Заңның 57-бабы 1-тармағының 28) тармақшасында көрсетiлген тұлғалардың тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшiрмелерi негiз болып табылады.";
123-баптың 2-тармағы, 4) тармақшадағы "алып жатқан" деген сөздерден кейiн нүктелi үтiр қойылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы аумағындағы құрылыс жүзеге асырылатын немесе аталған аймақ жұмыс iстеп тұрған кезеңде онда инфрақұрылым объектiлерi, әкiмшiлiк және тұрғын үй кешендерi салынған жер учаскелерiнен салық алынбайды.
132-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы жұмыс iстеп тұрған кезеңiнде оның аумағында салынған заңды тұлғалардың және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалардың үйлерi мен ғимараттарының қалдық құны мүлiк салығын салу объектiсi болып табылмайды.";
2) "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" 1995 жылғы 20 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің Жаршысы, 1995 ж., № 13; № 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 18, 367-құжат; 1997 ж., № 11, 144-құжат; № 12, 189-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 4, 46-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 20, 717-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; № 10, 244-құжат, № 18, 338-құжат):
71-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағындағы еркiн кеден аймағының кеден режимi - бұл Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен акциздер салынатын, арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналастырылатын және пайдаланылатын импортталатын тауарлардан акциз алуды қоспағанда, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде айқындалған шарттарда қолданылатын кеден режимi.";
73-1-баптың үшiншi бөлiгi және 79-баптың екiншi бөлiгi "Егер осы Заңда өзгеше белгiленбесе," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 82-1-баппен толықтырылсын:
"82-1-бап. "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағында кедендiк реттеудiң ерекшелiктерi
"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағына осы Заңның 71-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген жағдайларда қолданылатын еркiн кеден аймағының кеден режимiмен:
құрылысқа арналған машиналар мен жабдықтарды;
арнайы экономикалық аймақ аумағындағы құрылыс процесiнде толығымен тұтынылатын тауарларды;
жобалау-смета құжаттамасына сәйкес объектілердi салу мен пайдалануға беруге қажеттi тауарлар мен жабдықтарды орналастыруға жол берiледi.
Бұрын еркiн кеден аймағы режимiмен орналастырылған отандық тауарларды "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы аумағынан Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлiгiне әкету кезiнде тауарды әкететiн тұлға төлем ретiнде немесе тауарларды әкелу кезiнде берiлген өзге де жеңiлдiктер нәтижесiнде алынған сомаларды қайтарады.";
3) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 1996 жылғы 26 қаңтардағы № 2823 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 179-құжат; № 14, 274-құжат; 1998 ж., № 24, 443-құжат; 1999 ж., № 6, 191-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Заңы
"Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы";
кiрiспе алып тасталсын;
5 және 16-баптарды қоспағанда, бүкiл мәтiн бойынша "Жарлық", "Жарлықтың", "Жарлықпен", "Жарлыққа" деген сөздер тиiсiнше "Заң", "Заңның", "Заңмен", "Заңға" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасы Президентінің заң күшi бар Жарлығына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"1-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында арнайы экономикалық аймақтар құрудың, олардың жұмыс істеуi мен таратылуының жалпы құқықтық негiздерiн белгiлейдi.";
4-баптың 2-тармағында "Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын" деген сөздер "Қазақстан Республикасы бекiткен" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"7-бап. Арнайы экономикалық аймақты басқару
Арнайы экономикалық аймақты басқаруды аумағында арнайы экономикалық аймақ орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асырады.";
8, 9-баптар және 11-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
12-бапта:
екiншi бөлiк алып тасталсын;
үшiншi бөлiкте "Аталған" деген сөз алып тасталсын;
13-бап алып тасталсын;
15-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
4) 2001 жылғы 20 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiн (Салық кодексiн) қолданысқа енгізу туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
2-баптың 1-тармағының соңғы абзацындағы "тармағы" деген сөзден кейiн нүктелi үтiр қойылып, "қосылмайды" деген сөз алып тасталып, осы тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының жұмыс iстеу мерзiмi iшiнде, бiрақ бес жылдан аспайтын мерзiмде қолданыста болатын 57-бабы 1-тармағының 28) тармақшасы, 58-бабының 2-1-тармағы, 60-1-бабы, 123-бабы 2-тармағының 5) тармақшасы және 132-бабының екiншi бөлiгi қосылмайды.".
Ескерту. 1-бап өзгерді Қазақстан Республикасының 21.03.02 № 312-II Заңымен
2-бап. Осы Заңның 1-бабының 1) және 2) тармақшалары "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының жұмыс iстеу мерзiмi iшiнде, бiрақ бес жылдан аспайтын мерзiмде қолданыста болады.
3-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Президентi