Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 16 ақпандағы № 253
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 ж. 29 маусымдағы № 895 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасында Жерге құқықтарды қамтамасыз етудің 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 16 ақпандағы № 253 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 7, 94-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында Жерге құқықтарды қамтамасыз етудің 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасында:
"2. Жердің нақты меншік иелерін және жерді пайдаланушыларды қалыптастыру" деген бөлімінің "Шетелдік жер пайдаланушылар" деген алтыншы тобының екінші абзацы алынып тасталсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында Жерге құқықтарды қамтамасыз етудің 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларда:
реттік нөмірі 1.3-жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі