Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 8 қаңтардағы № 27
қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 7 маусымдағы № 770 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Инфракос" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 8 қаңтардағы № 27 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 2, 9-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Аэроғарыш комитеті "Инфракос" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының уәкілетті органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығының субъектісі функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.";
2) мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. "Инфракос" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына "Инфракос-Экос" еншілес мемлекеттік кәсіпорнын құруға рұқсат берілсін".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Қ. Тоқаев |