"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына
өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының
Заңы 2001 жылғы 4 маусым № 204-II
"Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 773-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
14-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Конкурсты бос лауазымдар бар мемлекеттік орган не Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша уәкілетті орган конкурс өткізу туралы мемлекеттік тілде және орыс тілінде хабарландыру жарияланғаннан кейін ашық немесе жабық тәсілмен өткізеді.
Конкурсты орталық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелері және ведомстволар өткізген кезде хабарландырулар ресми басылымдарда жарияланады. Жергілікті мемлекеттік органдардың конкурс өткізу туралы хабарландырулары облыстардың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) мәслихаттары мен әкімдері ресми жарияланымдар үшін белгілеген газеттер мен өзге де мерзімді басылымдарда жарияланады.";
Мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Егер конкурс белгілі бір жұмыс мерзімімен бос тұрған орынға өткізілетін болса, онда жасалғалы отырған еңбек шартының жағдайы конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетілуге тиіс.".
Қазақстан Республикасының