3.4. Бар негiзгi транзиттiк автомобиль жолдарын дамытуды жандандыру, сондай-ақ Қазақстанның әлемдік сауда рыноктарына шығу әлеуетін көтеруге мүмкiндiк беретiн мүмкiн балама жобаларын әзiрлеудi жалғастыру
Бар транзиттiк автомобиль жолдарын дамыту және халықаралық рыноктарға жаңа шығыстар әзiрлеу Қазақстанның автомобиль тасымалдары бөлiгiнде халықаралық конвенциялар мен келісімдерге қатысуы мен қосылуы арқылы белсендi жүргiзiледi.
3.5. Транзитті бағыттағы жолдарда автожол инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету үшiн отандық және шетелдiк кәсiпкерлерді тарту
Қазiргi автомобиль жолдары желісін салу жолдармен қауiпсiз қозғалу үшiн қажеттi жағдай жасай отырып жүк және жолаушыға қызмет көрсету деңгейiн жақсарту, жүктiң сақталуын қамтамасыз ету, жолдарды пайдаланушылардың дұрыс жұмысы және демалысы үшiн жағдай жасау және автотуризмдi дамытуға жеткiзуi тиiс.
Автомобиль жолдарын қаржыландыру жүйесi мен шағын және орта бизнестi қолдау және дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатқа сәйкес құрылысы мен қаржыландырылуы тиiсiнше ұйымдастырушылық-құқықтық көзқарас тұрғысымен түрлі көздерден жүзеге асыру көзделетiн жол қызметiн көрсету объектiлерiнiң екi тобы айрықша бөлiнген.
Объектiлердiң бiрiншi тобы - бұл автомобиль жолдары кешенiне кiретiн объектiлер. Оларға: апат-шақырту байланысы, автомобильдердiң қысқа уақыт тұратын алаңдары, автобус аялдамалары, автоалаңдар жатады.
Объектiлердiң екiншi тобы - бұлар өзiнiң дамуына өз қаражаты бар шағын бизнестiң кәсiпорны ретiнде жұмыс iстейтiн қызмет көрсетудiң ақылы объектiлерi (қонақүйлер, кемпингтер, ЖЖҚС, ТҚО, ас ішетiн орындар, терминалдар және тағы басқалар). Бұл кәсiпорындардың аяқтан тiк тұруы және кеңеюi мемлекет тарапынан қолайлы реттеумен берiлген қызмет көрсету түрiне сұраныс және ұсыныс арқылы анықталады.
3.6. Жеке және ақылы автомобиль жолдары үшін құқықтық база жасау
Ақылы жол учаскелерiн, көпiрлер жолөтпелер құру жол саласын дамытуды қаржыландыру, сондай-ақ автомобиль жолдарын пайдаланушыларға қызмет көрсетудің сапасын жоғарылату көздерінің бірі болып табылады.
Автомобиль жолдарын салу, қайта салу мақсаттары үшін банк, сақтандыру қаражаттарын, басқа да қаржы институттарын, сондай-ақ ақылы жол объектілерін құру арқылы автомобиль жолдарын пайдаланушыларды тарту жол желісін дамытудың маңызды мүмкіндігі болып табылады.
Бар не салынуы аяқталмаған автомобиль жолдары, көпірлер және жолөтпелер, сондай-ақ осындай жаңа құрылыс объектiлерiн ақылы объектiлер ретiнде қарастыруға болады. Ақылы автомобиль жолдарын, көпірлер, жолөтпелер салу берiлген бағытта ақысыз балама жол болған жағдайда мүмкiн.
Жүрiп өткенi үшiн ақының мөлшерi жол жүрудiң жайлылығын және пайдаланушының жылдамдықты көтеруi, тасымалдың өзiндiк құнын төмендету, жолда жүру уақытын және жағармай шығысын қысқарту, сондай-ақ жол-көлiк оқиғасының болу тәуекелiн азайту есебiнен пайданы көтерудi ескеруi тиiс.
Жеке және ақылы автомобиль жолдары мен жол объектiлерiн құру және пайдалану үшiн сәйкес құқықтық және нормативтiк база дайындалуы қажет.
3.7. Автожол саласының нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру
Жол-шаруашылық кешенiн реформалау жол қызметi саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдер жүйенi жаңарту және әзiрлеудi, атап айтқанда жол саласының қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердi, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың құзыреттiлiгiн, сондай-ақ елдiң жол желісіне шығар жолы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары желісін құру және дамытуға қатысатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерiн, автомобиль жолдары желiлерiнiң экономикалық тиiмдi қызмет етуiн, автомобиль жолдарының әлеуметтiк функцияларды орындауын жетiлдiру талап етедi.
Автомобиль жолдарының құқықтық мәртебесін анықтайтын автомобиль жолдарын салу және пайдалану үдерiсiнде өзара іс-қимыл жасайтын барлық ұйымның құқықтары мен міндеттерін бекiтетiн "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негiзгi заңдық база болады.
Жол саласындағы нормативтiк-техникалық базаның үлкен көлемi мен сан-салалығы және әлемдiк стандарттармен бірдейлеу қажеттiгiн ескере отырып стандарттар мен нормативтерді қайта өңдеу ТМД елдерi Жолшылар мемлекетаралық кеңесiнiң ғылыми-техникалық зерттеулерiнiң жоспары бойынша орындалатын ғылыми-техникалық әзiрлемелердің құрамында жүзеге асырылады.