Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы
шарт туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 ж. 18 мамырдағы № 655 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шарт жобасы (бұдан әрі - шарт) мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан шартқа қол қою Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәжит Төлеубекұлы Есенбаевқа тапсырылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі