Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 мамырдағы
№ 631 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.07.02 ж. № 832 қаулысына сәйкес 2002 ж. 1 қаңтарынан осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбір мәселелері туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы № 543 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына ақшаны есепке алу және оны пайдалану ережесі;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдаланудың есептілігін жасау және бухгалтерлік есебін жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2001 жылғы 14 мамырдағы
№ 631 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына
ақшаны есепке алу және
оны пайдалану ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына ақшаны есепке алу және оны пайдаланудың ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негiзiнде және Қазақстан Республикасы Президентiнің 2001 жылғы 29 қаңтардағы № 543 Жарлығымен (бұдан әрi - Жарлық) бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану ережесiне сәйкес әзiрлендi.
2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына (бұдан әрi -
Қор) ақшаны есепке алу тәртібін және Қордың тұрақтандыру әрi жинақтау
функцияларын орындауы үшiн оны пайдаланудың тәртібін анықтайды.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Ұлттық Банк) ұлттық және шетелдiк валютада Қорды есепке алу үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметіне Ұлттық Банкте шот ашады.
Ұлттық Банк көрсетiлген шоттарды басқаруды Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Ұлттық Банк арасында жасалған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқару туралы шартқа (бұдан әрi - Шарт) қол қойылған сәттен бастап жүзеге асырады.
2. Қорға ақшаны есепке алу тәртібі
4. Шикiзат секторының ұйымдарынан (Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн тiзбе бойынша заңды тұлғалардан) түсетiн түсiмдер Қазақстан Республикасы Бiрыңғай бюджеттік жiктемесiнiң кiрiстер жiктемесiнiң кодтарын көрсете отырып, төлемдер түскен күнi 080 "Бюджеттер арасында бөлінетiн кiрiстер" (бұдан әрi - 080 шоты) теңгерiмдiк шотына өздiгiнен есепке алынады және ағымдағы қаржы жылының басынан берi өсу қорытындысымен есептелген түсiмдердiң бекітілген тоқсандық көлемiне қол жеткiзiлгенге дейiн тиiстi бюджеттерге аударылады.
5. Шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн, олардың бекітілген тоқсандық көлемдерiнен асып түсетiн түсiмдердiң бөлiгiн Қорға есепке алу үшiн және оған одан әрi аудару үшiн қазынашылықтың әрбiр аумақтық органында 081 "Арнайы транзит шоты" (бұдан әрi - АТШ) теңгерiмдiк шоты ашылады.
6. Шикізат секторының ұйымдарынан түсетін, олардың бекітілген тоқсандық көлемдерінен асып түсетiн түсiмдердiң бөлiгi өткен тоқсандарда Қорға аударылған сомаларды ескере отырып, күн сайын келесi тоқсанның бiрiншi күнiне дейiн 080 шоттан АТШ-ға өздiгiнен аударылады және келесi банк күнi қазынашылықтың аумақтық органдары ұлттық валютада Қордың есебi үшiн Ұлттық Банкте ашылған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шотына (бұдан әрi - Үкiметтiң шоты) аударады.
Шикiзат секторының ұйымдарынан түсетін, олардың бекiтілген тоқсандық көлемдерiнен асып түсетiн түсiмдердiң бiр бөлiгi республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң шығындарын өтеу кезінде Қордан алынған сомаларды ескере отырып, 080 шоттан АТШ-ға аударылады.
7. Республикалық және жергіліктi бюджеттерде жоспарланып отырған салық және бюджетке төленетiн өзге де міндеттi төлемдер бойынша түсетiн түсiмдер (заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық, үстеме пайдаға салынатын салық, бонустар, роялтилер, жасалған келісім-шарттар бойынша өнiмдi бөлу жөнiндегі Қазақстан Республикасының үлесi) сомасының 10 %-ы мөлшерiнде есептелетiн республикалық және жергілiктi бюджеттерден алынатын ресми трансферттердi тиiстi бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарының тiзiмдемесi негiзiнде ашылған қазынашылық және қаржылық рұқсаттарға сәйкес қазынашылықтың аумақтық органдары Үкiметтiң шотына аударады.
Ресми трансферттер жинақ функциясын орындау үшiн Қорға есепке алынады.
8. Қорды басқарудан алынған инвестициялық кiрiстердің сомасы оның жинақ функциясын орындау үшiн есептi кезеңде алынған кiрiстiң мөлшерiн қамтитын есептi Ұлттық Банктiң Басқармасы бекiткеннен кейiн Қорға есепке алынады.
9. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған түсiмдердiң және кiрiстердiң өзге сомалары резиденттер мен резидент еместердің заңды тұлғаларынан да, жеке тұлғаларынан түсуi мүмкiн және оның жинақ функциясын орындау үшiн Қорға есепке алынады.
Резиденттер мен резидент еместердiң заңды және жеке тұлғаларынан түсетiн, заңнамада тыйым салынбаған түсiмдер мен кiрiстердiң сомалары тиiстi банктерде қолданылатын төлем құжаттары бойынша Қорға есепке алынады. Қордың есебi бойынша Үкiмет шотының деректемелерiн екiншi деңгейдегі банк резиденттер мен резидент еместердiң заңды және жеке тұлғаларына хабарлайды. Екiншi деңгейдегi банктер Үкiмет шотының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Қазынашылық комитетiндегі, ал шетелдiк банктер - Ұлттық Банктегі деректемелерiн сұратады.
Ұлттық Банк заңнамада тыйым салынбаған өзге түсiмдер мен кiрiстердiң сомасын қабылдағаннан кейiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ақшаны есепке алу сомасын көрсете отырып, ?кіметтiң шотынан үзiндi көшiрмені жiбередi.
3. Қорды пайдалану
10. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі өткен тоқсандарда алынған республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң шығындарын өтеу сомасын ескере отырып, есептi тоқсанның қорытындылары бойынша он күн iшiнде және шикiзат секторының ұйымдарынан күтiлетiн түсiмдердің болжамын ескере отырып, төртiншi тоқсан үшiн ағымдағы жылдың жиырма бiрiншi желтоқсанынан кешiктiрмей облыстар, Астана және Алматы қалалары бөлінісінде республикалық және жергілікті бюджеттердiң шығындарын өтеу көлемдерiн анықтайды. Содан кейiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның тұрақтандыру функциясын орындау мақсатында тиiстi бюджеттердің көрсетiлген шығындарының өтемақысын жабуға Қорды жұмсау туралы Ұлттық Банкке хабарлама жiбередi.
Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң шығындарын өтеу осы Ереженiң 7-тармағында көрсетілген шикiзат секторының ұйымдарынан салық және бюджетке төленетiн басқа да міндеттi төлемдер түсiмдерiнiң бекітілген және нақты сомасы арасындағы айырма ретiнде есептеледi.
11. Өткен тоқсандардағы өтемақылардың бұрын алынған сомаларын және ағымдағы жыл үшiн шикiзат секторының ұйымдарынан түскен нақты түсiмдердi ескере отырып, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң шығындарын өтеу сомасын түпкiлiктi есептеудi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ағымдағы жылдың соңғы жұмыс күнi жүргiзедi.
12. Ұлттық Банк Қорды жұмсау туралы хабарламаның негiзiнде және Шартқа (бұдан әрi - Шарт) сәйкес реконвертация жасалғаннан кейін 10 (он) жұмыс күнi ішiнде шығындарды өтеу сомасын Бiрыңғай бюджеттік жіктеменің тиiстi кодтары бойынша Қордан 080 теңгерiмдiк шотына аударуды жүзеге асырады.
13. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық комитетi Қордан шығындарды өтеу сомасы 080 шотқа түскен күнi оларды тиiстi бюджеттерге есепке алады.
14. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерге Қордан берiлетiн мақсатты трансферттер түрiнде Қорды жұмсау тиiстi бюджеттерде бекітілген көлемдердiң шегiнде және Қазақстан Республикасының Президентi белгiлеген мақсаттарға арналып жүзеге асырылады. Қорды мақсатты трансферттер түрiнде жұмсау осы Ереженiң 10-13-тармақтарында айтылған тәртiппен жүзеге асырылады.
15. Қор Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ұсынатын, көрсетілген шығыстарды негiздейтiн мынадай құжаттардың:
1) сыртқы басқарушыға берілетiн комиссиялық сыйақының сомасы бар төлем құжатының;
2) кастодиандардың ақы төленген қызметтерінің сомасы бар төлем құжатының;
3) қажет болған жағдайда, заң кеңесшiсiнiң ақы төленген қызметтерін қоса алғанда, Қорды сенiмгерлiк басқару кезінде туындауы мүмкiн басқа да шығыстардың сомасы бар төлем құжатының;
4) сыртқы аудитордың ақы төленген қызметтерінің сомасы бар төлем құжатының;
5) сыртқы басқарушыларды басқару жөніндегi келісімдер мерзiмiнен бұрын бұзылған кезде туындауы мүмкiн шығындардың сомасы бар төлем құжаттарының;
6) Банкке көрсетiлген соманы негіздейтін есептеменi қоса бере отырып, комиссиялық сыйақының сомасы бар хабарламаның негiзiнде Қорды басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудиттi жүргiзуге байланысты шығыстарды жабуға пайдаланылады.
16. Осы Ереженiң 15-тармағында көрсетiлген, ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Шартта белгіленген мерзiмде Ұлттық Банкке Қордың шығыстарын растау туралы хабарлама жiбередi.
Ұлттық Банк Қордың шығыстарын растау туралы хабарламаның негiзiнде және Шартқа сәйкес Қорды басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудиттi жүргiзуге байланысты шығыстарды жабу үшiн Үкiметтiң шотынан соманы есептен шығарады.
17. Қор жинақ функциясын орындау үшiн Шарттың негiзінде Ұлттық Банк әзiрлейтiн және бекiтетiн Инвестициялық операцияларды жүзеге асыру ережесiне сәйкес оны сақтау және инвестициялық кiрiс алу мақсатында сенiмдi және өтiмдi шетелдiк қаржы активтерiне орналастырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2001 жылғы 14 мамырдағы
№ 631 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына
ақшаны есепке алу және
оны пайдаланудың ережесiне
1-қосымша
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорын жұмсау туралы
хабарлама
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мынадай деректемелер
бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан ақша аударудың
қажеттілігі туралы хабарлайды:
------------------------------------------------------------------------
Бюджеттің/облыстың !Бенефициардың !Бенефициардың ! БЖК ! ТТК ! Теңгемен
атауы ! ИБК ! ББК ! ! ! сомасы
------------------------------------------------------------------------
Жергілікті
бюджеттер,
оның ішінде
------------------------------------------------------------------------
Республикалық
бюджет
------------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2001 жылғы 14 мамырдағы
№ 631 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына
ақшаны есепке алу және
оны пайдаланудың ережесiне
2-қосымша
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
шығыстарын растау туралы хабарлама
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорын басқару және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізу жөніндегі
шығыстарды негіздейтін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынған
құжаттарды қарай отырып, Үкіметтің шотынан мынадай шығыстарды есептен
шығаруға келіскені туралы хабарлайды:
-----------------------------------------------
Шығыстардың түрлері ! Теңгемен сомасы
-----------------------------------------------
Ұлттық Банкке берілетін
комиссиялық сыйақы
Сыртқы басқарушыларға
берілетін комиссиялық
сыйақы
Кастодиандардың көрсетілген
қызметтері
Заң кеңесшісінің көрсетілген
қызметтері
Сыртқы аудитордың
көрсетілген қызметтері
Басқа да шығыстар
Сыртқы басқарушылармен
жасалған келісімдерді
мерзімінен бұрын бұзған
кезде туындаған шығындар
Барлығы:
------------------------------------------------
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2001 жылғы 14 мамырдағы
№ 631 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
қалыптастыру мен пайдаланудың есептілігін
жасау және бухгалтерлік есебін жүзеге асыру
ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбір мәселелерi туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы № 543 Жарлығын iске асыру мақсатында әзiрлендi және есептiлiк нысандарының тiзбесiн, оларды жасаудың тәртібін белгiлейдi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын (бұдан әрi - Қор) қалыптастыру мен пайдаланудың бухгалтерлiк есебiн жүзеге асырудың тәртібін анықтайды.
2. Есептiлiк нысандарының тiзбесi және оларды жасаудың тәртібі
2. Қордың есептiлiгi күн сайын, ай сайын, тоқсан сайын және бiр жылға қалыптастырылады.
3. Есептiлiк нысандарында облыстар, Астана мен Алматы қалаларының және бiрыңғай бюджеттік жiктеме кодтарының бөлiнiсiнде барлық шикiзат секторының ұйымдары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тiзбе бойынша заңды тұлғалар бойынша тұтастай алғанда және әрбiр ұйым бойынша жеке түсiмдер көрсетіледi.
4. Қорды қалыптастыру мен пайдалану туралы есептiлiк мынадай нысандар бойынша жасалады:
1) Ф.40-НФ - шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн қаражат түсiмдерiнiң күн сайынғы тiзiлiмi, ол 1-қосымшаға сәйкес ресiмделедi, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi - қазынашылықтың аумақтық органдары) күн сайын қалыптастырады және облыс, қала, аудан бойынша шикiзат секторының ұйымдарынан түскен барлық түсiмдердi қамтиды.
Осы тiзiлiмдi қазынашылықтың аумақтық органдары облыс, қала, аудан бойынша салық органдарына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық комитетiне (бұдан әрi - Қазынашылық комитетi) ұсынады;
2) Ф.40-НФ-С - республика бойынша шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн қаражат түсiмдерiнiң күн сайынғы жиынтық тiзiлiмi, ол 2-қосымшаға сәйкес ресiмделедi, күн сайын Қазынашылық комитетi қалыптастырады және республиканың шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн барлық түсiмдердi қамтиды;
3) Ф.41-НФ - мемлекеттік бюджетке шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн түсiмдердiң және Арнайы транзиттiк шотқа (бұдан әрi - АТШ) есепке алудың күн сайынғы ведомосы, ол 3-қосымшаға сәйкес ресiмделедi, қазынашылықтың аумақтық органдары күн сайын қалыптастырады және Қазынашылық комитетiне ұсынады.
Ведомоста кiрiстердiң бiрыңғай бюджеттік жiктемесiнiң атауы және кодтары, шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн түсiмдер мен бiр күнгi және жылдың басынан бергi АТШ-ға есепке алу сомалары қамтылады.
Бұл ретте, ведомосқа тек ағымдағы күнi түсiм болған бiрыңғай бюджеттік жіктеменiң кодтары ғана енгiзiледi. Осы Ведомостың қорытынды сомалары жыл басынан бергi қорытынды сомаларына сәйкес келуi үшiн онда "Бiр күнде түсiмдер түспеген кiрiстер" қосымша жолы болады. Осы жолда "бiр күнде түскені" бағандарындағы жолда нөлдiк мәндер, ал "жыл басынан бергi" бағандарында Ведомоста жоқ кодтар бойынша түсiмдер сомасы болады;
4) Ф.41-НФ-С - Мемлекеттік бюджетке шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердiң және республика бойынша АТШ-ға есепке алудың күн сайынғы жиынтық ведомосы, ол 4-қосымшаға сәйкес ресiмделедi және Қазынашылық комитетi күн сайын қалыптастырады.
Ведомоста кiрiстердiң бiрыңғай бюджеттік жiктемесiнiң атаулары мен кодтары, шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн түсiм мен бiр күнгi және жыл басынан бергi Қорға есепке алу сомасы қамтылады. Ведомосқа тек ағымдағы күнi түсiмдер болған бiрыңғай бюджеттік жіктеменiң ғана кодтары енгiзiледi. Осы Ведомостың қорытынды сомалары жыл басындағы қорытынды сомаларға сәйкес келуi үшiн, онда "Бiр күнде түсiмдер түспеген кiрiстер" қосымша жолы болады. Осы жолда "бiр күнде түскенi" бағандарындағы жолда нөлдiк мәндер, ал "жыл басынан бергi" бағандарында Ведомоста жоқ кодтар бойынша түсiмдер сомасы болады;
5) Ф.44-НФ - шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн түсiмдердiң тоқсандық жоспарын орындауы туралы ай сайынғы есеп, ол 5-қосымшаға сәйкес ресiмделедi, қазынашылықтың аумақтық органдары ай сайын қалыптастырады және Қазынашылық комитетіне ұсынады.
Есепте облыстардың (Астана және Алматы қалаларының) атауы, кiрiстердiң бiрыңғай бюджеттік жіктемесiнiң атаулары мен кодтары, түсiмдердiң тоқсан бойынша жоспарлы және нақты сомалары, сондай-ақ жоспардан түскен түсiмдердiң нақты сомасының және Қорға аударылған соманың ауытқуы қамтылады. Бұдан басқа, Есепке кiрiстердiң бюджеттік жiктеме кодын көрсете отырып, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң шығындарын өтеу сомасы енгiзiледi. Бұл ретте шығындарды өтеу сомасы тек "Нақты" бағандарында ғана көрсетiледi;
6) Ф.44-НФ-С - Республика бойынша шикiзат секторы ұйымдарының түсiмдердiң тоқсандық жоспарын орындауы туралы жиынтық есеп, ол 6-қосымшаға сәйкес ресiмделедi және Қазынашылық комитетi қалыптастырады. Жиынтық есепте республиканың барлық шикiзат секторының ұйымдары бойынша тұтас алғанда, жиынтық деректер қамтылады;
7) Қордың ақша қозғалысын салыстыру ведомосы, ол 7-қосымшаға сәйкес ресiмделедi. Ведомость айдың 1-күнгi жағдай бойынша ай сайын толтырылады және төлем құжатының күнi мен нөмiрiн, Қазынашылықтың аумақтық органының банктiк бiрегей кодын көрсете отырып, АТШ-дан Қорға аударылған сомалар, ресми трансферттер, мақсатты трансферттер, шығындарды өтеу және Қордың басқа да түсiмдерi мен шығыстары туралы деректердi қамтиды.
Ведомосты Қазынашылық комитетi толтырады және электрондық почта бойынша Қорға есепке алынған сомалар туралы деректердi енгізу үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне (бұдан әрi - Ұлттық Банк) жiбередi. Қазынашылық комитетi мен Ұлттық Банк деректерiнiң арасында айырмашылық болған кезде, Ведомоста айырмашылық сомалары мен олардың себептерi көрсетiледi. Айырмашылықтарды түзету мен жою үш банктiк күн ішiнде жүргiзiледi.
Ведомость екi данада жасалады және екi тараптың да қолдары қойылады;
8) Ф.№ 1-8-қосымшаға сәйкес ресiмделетiн Шығындарды өтеу сомалары туралы анықтама.
Анықтаманы бiрiншi, екiншi, үшiншi есептi тоқсандар аяқталғаннан кейiн бес күн iшiнде тоқсан сайын Қазынашылық комитетi жасайды.
Тоқсандық жоспар, өсу қорытындысымен нақты түсiмдер туралы деректер 6-қосымшаға сәйкес 44-НФ-С-н. есептен Анықтамаға енгiзiледi.
Анықтама Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына ақшаны есепке алу және оны пайдалану ережесiнiң 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банкке Қорды жұмсау туралы хабарлама жiберуге негiз болып табылады;
9) Ф. № 2-9-қосымшаға сәйкес ресiмделетiн Шығыстарды өтеу сомалары туралы анықтама.
Жылдық жоспар, өсу қорытындысымен тоғыз ай үшiн нақты түсiмдер туралы деректер 6-қосымшаға сәйкес 44-НФ-С-н. ведомосынан анықтамаға енгiзіледi. Ағымдағы жылғы жиырма бiрiншi желтоқсандағы жағдай бойынша 4-тоқсандағы нақты түсiм 4-қосымшаға сәйкес 41-НФ-С-н. Ведомосынан енгiзiледi. Бұдан басқа, анықтамада мыналар қамтылады:
ағымдағы жылғы желтоқсанның аяғына дейiн күтiлетiн түсiмдердiң болжамы;
облыстың (Астана және Алматы қалаларының) атауы;
салық немесе бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң атаулары;
жылдық жоспар мен жыл iшiнде күтiлетiн түсiмдердiң арасындағы айырмашылық ретiнде есептелген шығындарды өтеу сомасы.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі ағымдағы жылғы жиырма бiрiншi желтоқсаннан кешiктiрмей анықтаманы жасайды. Осы анықтама Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына ақшаны есепке алу және оны пайдалану ережесiнiң 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Ұлттық қорды жұмсау туралы Ұлттық Банкке хабарлама жiберуге негiз болып табылады;
10) Ф. № 3-10-қосымшаға сәйкес ресiмделетiн мемлекеттік бюджет пен Қордың арасындағы түпкiлiктi есеп айырысу туралы анықтама.
Анықтаманы Қазынашылық комитетi мемлекеттік бюджет пен Қордың арасындағы бiр жылғы есеп айырысудың түпкiлiкті сомасын анықтау үшiн есептi жылдың соңғы жұмыс күнi жасайды.
Жылдық жоспар нақты түсiмдер туралы деректер 44-НФ-С-н. анықтамаға енгiзіледi. Есептi жылы алынған шығындарды өтеу сомасы № 1Н. сәйкес үш тоқсан үшiн шығындарды өтеу сомасынан және № 2Н. сәйкес төртiншi тоқсан үшiн шығындарды өтеу сомасынан құралады;
11) 11-қосымшаға сәйкес ресiмделетiн Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсiмдерi және оны пайдалану туралы есеп.
Есептi Қазынашылық комитетi тоқсан сайын есептiден кейiнгi тоқсанның бiрiншi күнi және бiр жылға жасайды. Есепке Ұлттық Банк ұсынатын мынадай деректер енгiзiледi:
есептi кезең үшін инвестициялық кiрiс сомасы;
Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де кiрiстер мен түсiмдер сомасы (кiрiстер мен түсiмдердiң түрлерi бойынша);
Қорды басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудиттi жүргiзуге байланысты шығыстарды жабу сомасы (шығыстардың түрлерi бойынша);
Қазынашылық комитетi мынадай деректердi:
Ұлттық қордың есептi кезеңнiң басындағы ақшалай қаражаты;
түсiмдер бөлiгiнде - республикалық және жергiлiктi бюджеттерден алынатын ресми трансферттердi арнайы транзиттiк шоттан есепке алу туралы деректердi;
пайдалану бөлiгiнде - республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң шығындарын өтеу, Қордан республикалық және жергiлiктi бюджетке берiлетiн мақсатты трансферттер туралы деректердi енгiзедi;
12) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқарудың нәтижелерi туралы есеп, ол 12-қосымшаға сәйкес ресiмделедi.
Есептi Ұлттық қор ай сайын әрi бiр жылға жасайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады. Есеп мынадай деректердi қамтиды:
есептi кезеңнiң басындағы Қор активтерiнiң рыноктағы құны;
Қордың операциялары жөніндегі кiрiстер (кiрiстердiң түрлерi бойынша);
Қорды басқару жөніндегі шығыстар (шығыстардың түрлерi бойынша);
Есептi кезеңнiң аяғындағы Қор активтерiнiң рыноктағы құны.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметі Қорды қалыптастыру мен пайдалану туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп есептiден кейiнгi жылдың 1 ақпанына дейiнгi мерзiмде жасайды.
Қорды қалыптастыру мен пайдалану туралы жылдық есеп мыналарды:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсiмдерi және оның пайдаланылуы туралы жылдық есептi (осы Ереженiң 11-қосымшасы);
2) Ұлттық қорды сенiмгерлiк басқару нәтижелерi туралы жылдық есептi қамтитын (осы Ереженiң 12-қосымшасы) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қорды сенiмгерлiк басқару жөніндегі қызметi туралы жылдық есептi және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы бекiткен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқару туралы шартқа сәйкес ұсынылған Ұлттық қорды сенiмгерлiк басқарудың нәтижелерi туралы жылдық есептi;
3) Қорды басқару жөніндегі басқа да деректердi қамтиды.
Есептiден кейiнгi жылдың 15 наурызына дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкіметі Ұлттық Банкпен бiрлесiп, сыртқы аудиттi жүргiзу нәтижелерiмен бiрге Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңеске (бұдан әрi - Кеңес) мақұлдауға ұсынады.