"С.М.Киров атындағы Петропавл зауыты" өндірістік бірлестігі"
ашық акционерлік қоғамының берешегін қайта құрылымдау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 26 сәуірдегі
№ 561 қаулысы (ҚР Үкіметінің 22.10.02 ж. № 1143 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 22.10.02 ж. № 1143 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі "Медетшi қоры" жабық акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бiрлесiп Экономиканы қайта құру қорының қаражаты есебiнен алынған кредит бойынша және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қаржы министрлігінің кепiлдiгiмен берешектiң өтелуi 2002 жылы басталатын болып, 2008 жылды қоса алғандағы мерзiмге берiлген орталықтандырылған (директивтік) кредит бойынша "С.М.Киров атындағы Петропавл зауыты" өндiрiстiк бiрлестiгi" ашық акционерлік қоғамының берешегiн қайта құрылымдауды жүргізсiн және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегi № 832 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшiн бюджеттің атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсiмдердің ережесiне сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгiлейтiн сыйақы ставкасын ескере отырып, тиiсті келісімдер жасассын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі