Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 ақпандағы № 214 қаулысына
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 24 сәуірдегі № 547 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11.01.02 ж. № 39 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 ақпандағы № 214 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Министрліктердің, агенттіктердің және ведомстволардың қызметкерлері штат санының лимиттерінде:
реттік нөмірі 4-жолда:
"238" деген сан "245" деген санмен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "20" деген сан "27" деген санмен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Министрліктердің, агенттіктердің және ведомстволардың қызметкерлері штат санының лимиттерінде:
реттік нөмірі 3-жолда "551" деген сан "829" деген санмен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 6-жол мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті 280".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі