Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 қаңтардағы № 87 және
2001 жылғы 9 ақпандағы № 214 қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 ж. 6 сәуірдегі № 452 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 11.01.02 ж. № 39 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 18.09.02 ж. № 1031 қаулысымен осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 11.01.02 ж. № 39 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 қаңтардағы № 87 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитеті туралы ережеде:
12-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) өзінің құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасайды;";
мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
"19-1. Төраға және оның орынбасарлары өздерінің құзыреттері шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды және әкімшілік жазалар қолданады.";
2) алынып тасталды
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі