"Бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегі шаралар туралы Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрінің 2001 жылғы 14 сәуірдегі № 24-ө өкімі
ҚР Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 383-ө Өкімімен күші жойылды
"Бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңын iске асыру мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөніндегі агенттiгi заңда белгiленген тәртiппен:
1) бiр ай мерзiм iшiнде тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң тауарларына (жұмыстарына, қызмет көрсетулерiне) бағаны мемлекеттік реттеудi енгізу туралы ереженi бекiтудi көздейтiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзiрлесiн және оны Қазақстан Республикасының Yкіметіне енгiзсiн;
2) бiр ай мерзiм iшiнде:
тиiстi тауар рыногының шекараларын айқындау және рынок субъектiсiн үстем (монополиялық) жағдайға ие деп тану тәртібін;
құжаттардың тiзбесiн, оларды көрсетiлген Заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген монополияға қарсы саясат саласындағы орталық атқарушы органның ұсыну және қарау тәртібін көздейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобасын әзiрлесiн және бекiтсiн;
3) қолданылып жүрген заңды жоғарыда көрсетiлген Заңға сәйкес келтiру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
2. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысына жүктелсін.
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары