Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 1440 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 сәуірдегі
№ 478 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.07.02 ж. № 832 қаулысына сәйкес 2002 ж. 1 қаңтарынан осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы органдарының несие беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1440 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 41, 468-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы органдарының несие беру ережесінде:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Жергілікті бюджеттердің ақшасы есебінен бюджеттік несиелер беру туралы несиелік шарттар (келісімдер) жасасуды жергілікті атқарушы органның атынан әкім немесе оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Бюджеттік несиелендірудің негізгі шарттары:
несиелерді бюджеттік бағдарламаларда көзделген мақсаттарға бағыттау;
заемшылардың бюджеттік несиелендіру кезінде қойған талаптарды сақтауы;
бюджеттік несиелендіру үшін белгіленген несиелер беру нысандарын пайдалану;
несиелердің қайтарылуын қамтамасыз ету болып табылады.";
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
"12-1. Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен берілетін несие валютасын, сомасын, несиелер беру және қайтару мерзімдерін, олардың сыйақы ставкаларын қоса алғанда, бюджеттік несиені алудың, пайдаланудың, өтеудің және оған қызмет көрсетудің сандық мәндері мен сипаттамалары сияқты несие шарттары (бұдан әрі - несие шарттары) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен анықталады.
Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен берілетін несие шарттары облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің шешімдерімен анықталады.";
13-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;
18-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;
23-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Несиелік шартта міндетті тәртіппен осы қаулының 12-тармағында көрсетілген бюджеттік несиелендіру шарттары және несие шарттары, сондай-ақ тараптардың құқықтары мен міндеттері, шарттың ережелерін орындамаған кездегі санкциялар, дауларды шешудің тәртібі, шарттың қолданылу мерзімі көзделеді.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі