Экономикалық саясат жөніндегі кеңес туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7
сәуірдегі № 467 қаулысы
ҚР Үкіметінiң 2003 ж. 25 ақпандағы № 202 Қаулысымен осы Қаулының күші жойылды
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 қазандағы № 983 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 қаңтардағы № 101 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Экономикалық саясат жөніндегі кеңес туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 7 сәуірдегі
№ 467 қаулысымен
бекітілген
Экономикалық саясат жөніндегі кеңес туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Экономикалық саясат жөніндегі кеңес (бұдан әрi - ЭСК) Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады, мемлекеттік әлеуметтiк-экономикалық саясат мәселелерi жөнінде ұсыныстар дайындайды.
2. ЭСК өз қызметiнде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарын және осы Ереженi басшылыққа алады.
2. ЭСК мiндеттерi
3. ЭСК негiзгi мiндеттерi:
1) мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының негiзгi бағыттарын әзiрлеуге және iске асыруға келісілген амалдар дайындау;
2) орта және ұзақ мерзiмдi перспективаға экономика және әлеуметтiк сала дамуының қағидатты маңызды мәселелерi бойынша ұсынымдар дайындау;
3) экономикада дағдарысты құбылыстардың туындауының алдын алу немесе олардың мүмкiн зардабын жұмсарту жөнiнде ұсынымдар дайындау.
3. ЭСК функциялары
4. ЭСК қойылған мiндеттерге сәйкес мынадай негiзгi функцияларды жүзеге асырады:
1) орта және ұзақ мерзiмдi перспективаға әлеуметтiк-экономикалық дамудың негiзгi бағыттарын талқылайды;
2) экономиканың нақты, қаржы және әлеуметтiк секторлары саласында мемлекеттiң келісімдi саясатын жүргiзу жөніндегі ұсыныстарды қарайды.
3) iшкi және сыртқы жәйттердiң әсерінен туған ел экономикасындағы дағдарысты құбылыстардың туындау себептерiн және оларды болдырмаудың немесе өткерудiң мейлiнше лайықты шараларын талқылайды;
4) әлеуметтiк сала, қаржы секторы және экономика салалары дамуының тұжырымдамалары, мемлекеттік және салалық бағдарламалары жобаларын талқылайды;
5) ЭСК кезектi мәжілісiнiң күн тәртібіне енгiзiлетiн өзге де мәселелердi қарайды.
4. ЭСК құқықтары
5. ЭСК-нiң заңдарда белгiленген тәртiппен және өз құзыретi шеңберiнде:
1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан және өзге мемлекеттік органдардан қажеттi ақпарат сұратып алуға;
2) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң мәжілістерiнде ЭСК мақұлдаған мәселелердi қарау жөнiнде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiне ұсыныстар енгiзуге;
3) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiне әлеуметтiк-экономикалық дамудың көкейкестi проблемаларын шешу жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдар енгiзуге;
4) өз мәжілістерiне ел ұйымдарының басшыларын, ғалымдарды, мамандарды, отандық және шетелдiк консультанттарды шақыруға;
5) қаралатын мәселелер бойынша ұсыныстық сипатқа ие тиісті шешімдер қабылдауға құқығы бар.
5. ЭСК жұмысын ұйымдастыру
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысымен ЭСК және оның жеке құрамы құрылады және таратылады.
7. ЭСК ұйымдық құрылымы:
1) ЭСК басшысы;
2) ЭСК басшысының орынбасары;
3) ЭСК мүшелерi;
4) жұмыс органы.
8. ЭСК басшысы оның қызметiне басшылық жасайды, ЭСК мәжілістерiнде төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, ЭСК жүзеге асыратын қызмет үшiн жауапты болады. ЭСК басшысы болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды.
9. ЭСК мәжілістерi оның мүшелерiнiң ең кемi жартысы болған ретте қажеттiлiгiне қарай бiрақ, тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзiледi.
10. ЭСК кезектi мәжілісiнiң күн тәртібін Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң тапсырмаларына сәйкес, сондай-ақ ЭСК мүшелерiнiң ұсыныстары бойынша оның басшысы жасайды.
11. ЭСК шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға ЭСК мүшелерi жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлсе, қабылданған болып есептеледi. Дауыстар тең болған жағдайда ЭСК басшысы дауыс берген шешiм қабылданған болып есептеледi.
12. ЭСК мәжілістерiнiң күн тәртібіне енгiзiлген мәселелер бойынша дауыс беру нәтижелерiн ЭСК әрбiр мүшесi (ЭСК мәжілісiне қатысушы) дауыс беру парағына енгiзуге тиiс. Мәжіліс аяқталысымен ЭСК мүшелерi дауыс беру парақтарын хаттама дайындау кезiнде есепке алу үшiн төрағалық етушiге өткiзуге тиiс.
Төрағалық етушi қалыптасқан жағдайды негiзге ала отырып, ЭСК шешiмiн хаттамалық ресiмдеудiң орындылығын айқындайды.
13. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi ЭСК-нiң жұмыс органы болып табылады.
14. Күн тәртібіне сәйкес ЭСК мәжілістерiне материалдар дайындау, және оларды ЭСК мүшелерiне тарату, ЭСК мәжілістерiнiң қорытындылары бойынша хаттамалар дайындау жұмыс органының функциялары болып табылады.