Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы №
1037 және 1999 жылғы 14 желтоқсандағы № 1917 қаулыларына өзгерістер
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 6 сәуірдегі № 451 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 12 маусымдағы № 578 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" 2000 жылғы 13 желтоқсандағы № 507 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң мына шешiмдерiне өзгерістер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., № 29, 266-құжат):
3-тармақтағы "Энергетика, индустрия" деген сөздер "Экономика" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) "Қазақстан Республикасында экспорттық бақылау жүйесiн жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы № 14 желтоқсандағы № 1917 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 54, 541-құжат):
3-тармақтағы "Энергетика, индустрия" деген сөздер "Экономика" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі