Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 қарашадағы № 1691 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы № 400 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1465 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Тарифтік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 қарашадағы № 1691 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 50, 488-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
Тарифтік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Жандосов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Ораз Әлиұлы орынбасары, төраға
Имашев - Қазақстан Республикасы Табиғи
Берік Мәжитұлы монополияларды реттеу, бәсекелестікті
қорғау және шағын бизнесті
қолдау жөніндегі агенттігінің төрағасы,
төрағаның орынбасары
Құлекеев - Қазақстан Республикасының
Жақсыбек Әбдірахметұлы Экономика және сауда министрі
Рогов - Қазақстан Республикасының
Игорь Иванович Әділет министрі
Нефедов - Қазақстан Республикасының
Петр Петрович Энергетика және минералдық
ресурстар вице-министрі;
көрсетілген құрамнан: Александр Сергеевич Павлов, Алтай Абылайұлы Тілеубердин, Бауыржан Әлімұлы Мұхамеджанов, Владимир Сергеевич Школьник шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі