Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 14 қарашадағы №
1389 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 19 наурыздағы № 358 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006.14.08. № 765 қаулысымен күші жойылды
Отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Әкелінетін тауарларға кеден бажының ставкалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 14 қарашадағы № 1389 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 46, 450-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
"2608 00 000 Цинк кендері мен
концентраттары бажсыз"
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"261210 Уран кендері мен
концентраттары бажсыз
261590100 Ниобий және тантар кендері
мен концентраттары бажсыз
261790000-ден Берилий кендері мен
концентраттары бажсыз
262090200 Құрамында негізінен ниобий
мен тантал бар күл және
басқа қалдықтар бажсыз";
"2815 Натрий гидроксиді
(каустикалық сода)
(күйдіргіш натрий);
калий гидроксиді
(күйдіргіш калий);
натрий және калий пероксиді бажсыз"
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"282590200 Берилий оксидтері және
гидроксидтері бажсыз
282590800-ден Ниобий және тантал
оксидтері, гидроксидтері бажсыз";
"2826 30 000 Натрий гексафторалюминаты
(синтетикалық криолит) 20"
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"282690900-ден Калий, натрий фтортанталаты бажсыз";
"2830 10 000 Натрий сульфидтері 30, бірақ 1 тонна
үшін 90 ЕВРО-дан
кем емес"
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"284410 Табиғи уран мен оның
қосындылары; қорытпалар,
шашырандылар (металл
қышын қоса алғанда),
құрамында табиғи уран немесе
табиғи уранның қосындылары
бар қыш өнімдері мен
қоспалар бажсыз
284420 235-уранмен байытылған уран
және оның қосындылары:
плутоний және оның
қосындылары; қорытпалар,
шашырандылар (металл
қышын қоса алғанда),
құрамында 235-уранмен
байытылған уран, плутоний
немесе осы өнімдердің
қосындылары бар қыш
өнімдері мен қоспалар бажсыз
284430 235-уранмен сиретілген уран
және оның қосындылары:
торий және оның
қосындылары; қорытпалар,
шашырандылар (металл
қышын қоса алғанда),
құрамында 235-уранмен
сиретілген уран, торий немесе осы
өнімнің қосындылары бар
қыш өнімдері мен қоспалар бажсыз";
"59 Сіңірілген,
жабындылы,
қайталанған,
тоқыма
материалдары;
техникалық
мақсаттағы тоқыма
бұйымдары 5
мыналардан басқа:" деген жол мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"5903 Тауарлық айқындамасы 5902
маталардан басқа, полимер
материалдармен сіңірілген
жабынды немесе
қайталанған маталар бажсыз";
"81 Өзге де бағалы
емес металдар;
металды керамика;
олардан жасалған
бұйымдар 15
мыналардан басқа:" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"8103 Қалдықтары мен
сынықтарын қоса алғанда,
тантал және одан жасалған
бұйымдар 5";
"8111 00 Қалдықтары мен
сынықтарын қоса алғанда,
марганец және одан жасалған
бұйымдар бажсыз";
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"811211-ден Өңделмеген берилий;
қалдықтары мен сынықтары;
ұнтақтары 5".
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бір ай мерзімде Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжікстан Республикасының Интеграциялық комитетін қазақстан тарапы қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабардар етсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін отыз күн өткен соң күшіне енеді және 2001 жылғы 10 желтоқсанды қоса алғанда қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі