Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 16 ақпандағы № 255
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 8 ақпандағы № 210 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.07.02 ж. № 832 қаулысына сәйкес 2002 ж. 1 қаңтарынан осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Мемлекеттік бюджеттің есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелерге арналған бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын (мерзiмдi және жылдық) жүргiзу жөніндегі қаржылық рәсiмдердiң ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 16 ақпандағы № 255 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 8, 96-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекiтілген Мемлекеттік бюджеттің есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелерге арналған бюджеттің атқарылуы және есептiлiк нысандарын (мерзiмдi және жылдық) жүргiзу жөніндегі қаржылық рәсiмдердiң ережесінде:
8-тармақта:
"және әрбiр ай бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
"кірiстердiң көлемiмен тең болуы тиiс" деген сөздерден кейiн ", бұл ретте әрбiр айда жыл басынан бергi кезең үшiн оның шығыс бөлiгiнiң сомасы осы кезең үшiн кiрiс бөлiктiң сомасынан аспауы тиiс." деген сөздермен толықтырылсын;
15-тармақта:
бiрінші абзацта:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген мерзiмдерде, бiрақ жоспарланатын жылдың 1 қаңтарынан кешiктiрмей" деген сөздер "өзі белгiлеген мерзiмдерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiнші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi Қаржы министрлігіне өзi белгiлеген мерзiмдерде берiлген айлық лимиттердiң шегiнде шығыстардың жиынтық сметаларын ұсынады.";
екiншi абзацтағы "жоспарланған жылдың 5 қаңтарынан кешiктiрмей" және "жоспарланған жылдың 10 қаңтарынан кешiктiрмей" деген сөздер "Қаржы министрлігі белгілеген мерзiмдерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
17-тармақтың бiрiншi және екiншi абзацтарындағы үшiншi сөйлем алынып тасталсын;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi Қаржы министрлігі белгiлеген мерзiмдерде өздерiнiң ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерiне 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығыстардың жеке сметаларын, сондай-ақ оларға есептемелердiң көрсеткіштерiн бекiтедi және қоса бередi.
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығыстардың жеке сметаларын, сондай-ақ оларға есептемелердiң көрсеткiштерiн бекітудi және берудi өздерiнiң ведомстволары мен аумақтық органдарына табыстауға құқылы.";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Мемлекеттік мекемелерге бюджеттік қаражатты жұмсауға арналған рұқсат шығыстардың бекітілген сметалары болған кезде ғана берiледi.";
42-тармақтың екiншi абзацында:
"кредиторлық берешектердiң" деген сөздерден кейiн "болуына немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
"кемiтiлетiн ерекшелiктер" деген сөздер "бағдарлама (кiшi бағдарлама)" деген сөздермен ауыстырылсын;
43-тармақта:
"кредиторлық берешектердiң" деген сөздерден кейiн "болуын немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
"кемiтiлетiн ерекшелiктер" деген сөздер "бағдарлама (кiшi бағдарлама)" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген ережеге 2-қосымшада:
жоғарғы оң бұрышындағы "бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi" деген сөздерден кейiн "/ведомство немесе аумақтық орган" деген сөздермен толықтырылсын;
"Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi" деген жол "/ведомство немесе аумақтық орган" деген сөздермен толықтырылсын;
"Қаржы қызметінiң басшысы __________" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік мекеменiң басшысы ____________________________
Мемлекеттік мекеменiң
қаржы қызметінiң басшысы
(ол болмаған кезде бас бухгалтер) _________________________".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі