Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн
өзгерістер мен толықтырулар
1. "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі" бөлiмi мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"30а-1 "Машина жасауды болжау жөніндегі
ғылыми-зерттеу орталығы"
республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсiпорыны Қарағанды қаласы
30а-2 "Машина жасау" салааралық ғылыми-
технологиялық орталығы"
республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсiпорыны Алматы қаласы
30а-3 "Экономикалық зерттеулер институты"
республикалық мемлекеттік кәсiпорыны
(шаруашылық жүргiзу құқығында) Алматы қаласы";
"Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Құрылыс iстерi жөніндегі комитетi" бөлiмiнiң тақырыбы мына редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң Құрылыс iстерi жөніндегі комитетi";
"Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі" бөлiмiнде
тақырыбы мына редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі";
реттiк нөмiрлерi 105-7, 105-13-жолдар алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi" бөлiмiнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі комитетi";
"Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі" бөлiмi және реттiк нөмiрi 510-жолы алынып тасталсын.
2.
Ескерту. 2-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.01.26. № 126 қаулысымен.
3. "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегі комитетiнiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 10 қыркүйектегi № 1363 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 46, 422-құжат):
1) кiрiспедегi "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын реформалау жөніндегі кезектi шаралар туралы" 1999 жылғы 20 мамырдағы № 144 Жарлығына" және "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 657 қаулысына сәйкес деген сөздер алынып тасталсын;
тақырыбындағы және мәтiніндегі "энергетика, индустрия" деген сөздер "экономика" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Қорғаныс өнеркәсiбi жөніндегі комитетi туралы ережеде:
тақырыбындағы және мәтiніндегі "энергетика, индустрия" деген сөздер "экономика" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) көрсетiлген қаулымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Қорғаныс өнеркәсiбi жөніндегі комитетi қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
тақырыбындағы "Энергетика, индустрия" деген сөздер "Экономика" деген сөзбен ауыстырылсын.
4. "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Антидемпингтiк бақылау жөнiндегі комитетiнiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 14 қыркүйектегі № 1388 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 46, 427-құжат):
1) кiрiспедегi "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 657 қаулысына сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын;
тақырыбындағы және мәтiніндегі "Энергетика, индустрия" деген сөздер "Экономика" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгінiң Антидемпингтiк бақылау жөнiндегі комитетi туралы ережеде:
тақырыбындағы және мәтiніндегі "энергетика, индустрия" деген сөздер "экономика" деген сөзбен ауыстырылсын.
5.
Ескерту. 5-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.07.02. № 904 қаулысымен.