Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 2005 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 31 қаңтардағы № 154 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 353 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Шетелдік ұйымдардың алдындағы берешектердің проблемасын шешу жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 2005 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 58, 572-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
мыналар Шетелдік ұйымдардың, оның ішінде халықаралық ұйымдардың алдындағы берешек мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына енгізілсін:
Жандосов - Қазақстан Республикасы
Ораз Әлиұлы Премьер-Министрінің
орынбасары, төраға
Әбіқаев - Қазақстан Республикасының
Нұртай Әбіқайұлы Сыртқы істер бірінші
вице-министрі
Зверьков - Қазақстан Республикасының
Вадим Павлович Көлік және коммуникациялар
вице-министрі
Досаев - Қазақстан Республикасының
Ерболат Асқарбекұлы Қаржы вице-министрі
көрсетілген құрамнан Өтембаев Ержан Әбілхайырұлы, Ахметов Әділ Құрманжанұлы, Мәдиев Біржан Мұхаметжанұлы, Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі