Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1754
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 20 қаңтардағы № 90 қаулысы
ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аграрлық бейіндегі кейбір республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын коммуналдық меншікке беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 қыркүйектегі № 1465 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 51, 504-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесіндегі:
1 "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" бөліміндегі реттік нөмірлері 113, 115, 123, 128, 134, 139, 141, 143-жолдар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі